Созылмалы жедел өткен шақ формаларын жедел өткен және созылмалы (ұласпалы) шақ формаларының біріккен түрі деп қа рауға болады.
Созылмалы (ұласпалы) аспектінің түрі болғандықтан, бұл топқа жататын шақ түрі ісәрекетті өткенде, сол сөйлеп тұрған және алдағы белгілі бір уақытқа қатысты жүріп жатқан процесс үстінде білдіреді. Ал жедел өткен шақтың формасы ретінде іс әрекеттің екінші бір әрекеттің алдында болып өткенін не өткенде басталғанын көрсетеді. Демек, жедел өткен созылмалы шақ өт кенде басталған және сол сөйлеп тұрған уақытта жүріп жатқан, сол уақытпен ұласып жатқан (қазіргі уақытпен байланысты) іс әрекетті білдіреді. Жедел өткен созылмалы шақ формалары (өт кенде болған ісәрекеттің алдында болып өткен, не келер шақта болатын бір ісәрекеттің алдында болатын ісәрекет) өткен мен қазіргі уақытты белгілі бір уақыт тұрғысынан алғанда, яғни сөйлеп тұрған уақыттан бұрын, өткендегі не алдағы бір белгілі уақыттан бұрын басталып, әлі үзіліссіз жүріп жатқан ісәрекет, қимылды білдіру үшін жұмсалады. Жедел өткен созылмалы шақ формалары қазіргі ағылшын тілінде кеңінен қолданылады. Деген
мен, шақтың мұндай формаларының қолданылу аясы етістіктің лексикалық мағынасына байланысты шектеулі болады.
Осы шақтың түрі ретінде жедел өткен созылмалы осы шақ сөйлеп тұрған уақытпен байланысты жүріп жатқан ісәрекетті білдіреді. Ал жедел өткен шақ формасы ретінде, өткенде бастал ған және оның нәтижесі қазіргі болып жатқан ісәрекетке түрткі болатын ісқимылды білдіреді.
Созылмалы (белгілі бір уақыт арасына созылатын) шақ фор масы ретінде қимыл, процесс үстіндегі ісәрекетті білдіреді. Же дел өткен созылмалы осы шақ «to have» көмекші етістігінің нақ осы шақ формасы «have been, has been» мен негізгі етістіктің есімше түрі арқылы жасалады.
Жедел өткен созылмалы осы шақ төмендегідей ісқимылды білдіреді:
сөйлеп тұрған уақыттан бұрын (өткенде) басталған және әлі жүріп жатқан ісәрекетті білдіреді:
The scientists have been working at this problem for two years (Ғалымдар бұл мәселемен екі жылдан бері айналысып келеді);
Almaz has been waiting for his friend for three hours. (Алмаз досын үш сағаттан бері күтіп тұр);
It has been raining all day long (Күні бойы жаңбыр жауып тұр).
сөйлеп тұрған уақытқа дейін жүретін ісәрекетті білдіреді. Бұл әрекеттің нәтижесі (себебі) қазіргі болып жатқан әрекеттен көрінеді:
Ann, why do you look so tired? – I have been cleaning the whole house for three hours (Аня, сенің түрің неге сонша шаршаңқы көрінеді? – Мен бүкіл үйді түгел үш сағат бойы тазалап жатырмын);
They have been discussing the question since three clock (Олар бұл мәселені сағат үштен бері талқылап жатыр). (They are so tired of discussing (Олар оны талқылаудан шаршады);
I have been trying to get her autograph all week (Мен оның қолтаңбасын бір апта бойы ала алмай жүрмін).
Осы келтірілген мысалдардың бәрінде де жедел өткен осы шақ өткенде басталған және қазіргі уақытпен жалғасып жатқан ісәрекетті білдіріп тұр.
Еск ер т у. Етістіктің лексикалық мағынасына қарай (мағынасы шектеулі етістіктер) өткенде басталған және қазіргі уақытпен ұласып жатқан ісәрекетті білдіру үшін жедел өткен созылмалы осы шақтың орнына жедел өткен осы шақ қолданылады.
I have lived in France for three years (Мен үш жылдан бері Францияда тұрып келемін).
I have loved this city as long as I have moved here (Мен бұл қаланы осында көшіп келгеннен бері ұнатамын).
He has loved Silly as long as he has met her (Ол Силимен кездескеннен бері ұнатып қалды).
Достарыңызбен бөлісу: |