«Needn’t» модаль етістігінен кейін келетін негізгі етістік же дел өткен шақ формасында келгенде қажеті жоқ, жүзеге асқан ісәрекетті білдіреді. Бұл ісәрекеттің іске асуына босқа уақыт жіберіп, күш салғанды білдіреді.
You needn’t have spent so much time on it (Сізге бұған сонша ақша жұмсаудың қажеті жоқ еді).
They needn’t have written the whole story in detail (Оларға әңгімені түгел жазудың қажеті жоқ еді).
He needn’t have explained the charts (Оған кестені түсіндірудің қажеті жоқ еді).
Төлеу сөзде «need» модаль етістігі өзгермейді.
Негізгі етістік ретінде «need» етістігінің етістікке тән барлық грамматикалық формалары бар және одан кейін келетін негізгі етістік «to» шылауымен бірге келеді. Бұл формасында «need» етіс тігі сұраулы және болымсыз сөйлемдерде қажеттілікті білдіреді.
Did you need to go there immediately? (Сізге ол жаққа тез бару қажет болды ма?)
The water was narrow, so we didn’t need to learn to swim. (Су таяз еді, сондықтан бізге жүзуді үйренудің қажеті болған жоқ).
«Need» етістігі модаль етістікке қарағанда негізгі етістік ретінде сирек қолданылады.
«Should» модаль етістігі
«Should» модаль етістігі өзгермей, сөйлемнің барлық түрінде келеді және одан кейін келетін негізгі етістік әртүрлі шақ формала рында (жаққа жіктелмеген түрінде) келеді.
«Should» модаль етістігі мынадай мағыналарды білдіреді:
Талап етілген не кеңес берілген ісәрекеттің орындалуының міндетті екенін білдіреді.
We shoul take care of our health. (Біз денсаулығымызды сақтауымыз керек).
You should come to the meeting in time (Сіздер жиналысқа уақытында келулеріңіз керек).
He shouldn’t go there alone (Оған ол жаққа жалғыз баруға болмайды).
Why should they listen to him? (Олар неге оны тыңдауы керек?)
They will do what they should do (Олар не істеуге тиіс болса, соны істеуі керек).
«Should» етістігінен кейін келетін негізгі етістік жедел өткен шақ формасында келсе, жүзеге асуы қажет (айтушының орында луын қалайтын ісәрекет), бірақ орындалмаған ісәрекетті білді реді.
You should have prepared for the exam (Сізге емтиханға дайындалу керек еді).
He should have followed his mother’s advice (Ол анасының ақылын тыңдауы керек еді).
Болымсыз сөйлемде айтушы жүзеге асуын қаламайтын, бірақ іске асқан ісәрекетті білдіреді.
You shouldn’t have left your luggage there (Сізге ол жерде жүгіңізді қалдырмау керек еді).
He shouldn’t have had medicine without doctor’s prescrip tion (Оған дәрігердің кеңесінсіз (нұсқауынсыз) дәріні ішпеу керек еді).
Айтушының таңданысын, өкінішін, ренішін, қарсылығын, ашуызасын, әртүрлі эмоциялық көңілкүйін білдіру үшін, яғни орындауға кеңес берілген ісәрекетке айтушының қатысын білді реді.
How should we know what he wants? (Оған не керек екенін біз қайдан білуіміз керек?)
Why should you wait for untill anything happens? (Бір нәрсе болғанша біз неге күтіп отыруымыз керек?)
I don’t know why we should mention him every time the same thing (Мен оның есіне қайтақайта бір нәрсені сала беруім керек екенін білмеймін).
It is surprising why they should quarrel with each other for nonsense (Олардың бірбірімен түкке тұрмайтын нәрсеге бола ренжісуі керек екені (түсініксіз/таңқаларлық).
«Ought (to)» модаль етістігі
«Ought» модаль етістігінің де грамматикалық жағынан фор масы өзгермейді. Бұл етістіктен кейін келетін негізгі етістік ылғи да «to» шылауымен келеді. «Ought» модаль етістігі болуы ақиқат моральдық міндетті білдіреді.
You ought to consult everything with your parents and then make a decision (Сіз бәрін атаанаңызбен ақылдасып барып шешім қабылдауыңыз керек).
The doctor ought to be more attentive to his patients (Дәрігер сырқаттарға көбірек көңіл бөлуі керек).
I think you ought to express your own opinion (Меніңше, сіз өз ойыңызды айтуыңыз керек).
She ought to take into her consideration the advice of her col leaques (Ол өзінің әріптестерінің ақылын ескеруі керек).
«Ought» модаль етістігінен кейін келетін негізгі етістік жедел өткен шақ формасында келгенде міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс ісәрекеттің орындалмағанын білдіреді.
You ought to have done what told you. (Сізге (өзіңізге) айтылған нәрсені орындауыңыз керек еді).
Arthur ought to have sent a telegram about his arrival. (Артур өзінің келетіні жайлы жеделхат салып жіберуі керек еді).
They ought not to have gone there if they are not told (Егер айтпаса, олар ол жаққа бармауы керек еді).
Ronald ought to have known that it was dangerous to drive on a high speed (Рональд машинамен қатты жылдамдықпен жүрудің қауіпті екенін білуге тиіс еді).
Достарыңызбен бөлісу: |