Тақырыбы: Гравииметриялық әдіс.
Гравиметриялық анализдің жіктелуі. Аналитикалық таразы
Дәріскер: х.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Махмутова А.С.
Қарғанды 2023
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Фармация мектебі
Мақсаты:
Гравиметриялық талдаудың және оның жіктелуі жөнінде мағлүмат беру, сандық талдау әдістерінің бірі ретінде гравиметриялық талдаудың мәнін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
- Гравиметрияның мәні.
- Гравиметриялық әдістің түрлері: бөлу, айдау және тұндыру.
- Құрғақ зат анализі.
- Орташа өлшенді алу.
- Аналитикалық таразы..
Анықталатын татпаның құрамдас бөлігінің массасын дәл өлшеуге негізделген мөлшерлік талдау гравиметриялық әдіс деп аталады.
Гравиметриялық талдау жүргізу үшін анықталатын ион не элемент химиялық реакция көмегімен ерімейтін тұнбаға түсіріледі. Тұнбасын сүзіп алып, сумен шайқап кептіреді. Содан соң оны салмағы тұрақты болғанша қыздырады. Қалдықты аналитикалық таразыда 0,0001г, дәлдікпен өлшеп стехиометриялық есеп арқылы анықталатын зат мөлшерін табады.
Гравиметриялық әдістер зат құрамының тұрақтылык және массасының сақталу заңдарына, эквиваленттер заңына негізделеді. Олар дәлмедәлдігімен (0,2% массаға дейін), барынша жақсы қайталанғыштығымен, сан алуандығымен ерекшеленеді.
Гравиметриялык талдау әдістері үш топқа бөлінеді: бөлу, тұндыру және айдау.
Бөлу әдісі. Бұл әдіс зерттелетін заттан немесе материалдан анықталатын құрамдас бөлікті бос күйінде бөліп алып, соңынан дәл өлшеуге негізделген.
Мысалы, мысты электролизбен бос күйінде бөлу.
Айдау әдісі. Бұл әдіс анықталатын құрамдас бөлікті ұшқыш қосылыс түрінде толық бөліп алып, қалдықты немесе тұтылған ұшқыш өнімді өлшеуге негізделеді.
Мысалы, СаСО3 → СаО + СО2↑
Тұндыру әдісі. Әдіс талдау жасалатын құрамдас бөлікті аз еритін белгілі химиялық құрамның қосылысы түріңде тұндыру мөлшеріне негізделеді. Мысалы, Ba → BaSO4↓.
Бұл әдіс жиі қолданылады. Бұл әдісте тұндыру форма гравиметриялық формамен ұқсас және әртүрлі болуы мүмкін.
Гравиметрлік талдау әдісіне қойылатын талаптар
1. Анықталатын компонентті сандық жағынан толық тұнбаға түсіру қажет, яғни ерітіндіде оның қалған мөлшері 10-5-10-6 моль/л болса, анықталатын компонент толық тұнбаға түсті деп есептелінеді.
2. Түзілген тұнба химиялық таза, жақсы сүзілетін, химиялық құрамы белгілі, тұрақты болуы тиіс; егер кристалды тұнба түзілетін болса, ірі кристалды болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |