«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Шетел әдебиетінің тарихы»



бет8/11
Дата11.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#127254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ой – бөліс (дебат)





  1. Зарадуштың жүргізген ой пікірі.

  2. Зарадуштың қалдырған қазынасы.

  3. Зарадуштың дүниедегі ең алғаш рет кітап авестана жазуы.

  4. Иран мемлекетінде Авестоны жоғары санауы.

  5. Иран жазба әдебиетінің озық үлгісі.

6. Ежелгі Иран әдебиетінің тарихы.

7. “Авеста” Заратуштың ең алғашқы кітабы.

8. Иран әдебиетінде “Авестаны” жоғары санауы.

9. “Авеста”кітабының жалпы көлемі.

10. “Авеста” кітабының қайта тіктелуіне себеп болған жағдай.

13


Тақырыбы: Вильям Шекспир өмірі, драматургиясы


Жоспары:

1. Вильям Шекспир өмірі (1564-1616) өмір жолы.

2. В.Шекспирдің “Ромео мен Джульеттадағы” трагедиялық

қақтығыстардың шешімі.

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургь әрі ақыны Вилям Шекспир 1564жылы 23апрелде Эйвон өзені бойындағы Стратфорт деген кішкентай қалада дүниеге келген . Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы “Грамматикалық мектепте” оқиды. Бұл мектеп негізінен латын тілін, қала берді грек тілін оқытушы еді. Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай 16-ға толар –толмастан-ақ жұмыс істеуге мәжбүр блады. Сөйтіп ол бірде ет сатушының шәкірті болса, енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.Шекспирді жергілкті ірі памещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктердің деген сылтауымен жазалануға бұйырады. Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға қашады. Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театр айналасына жақындайды.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарады. Содан бірте-бірте актерлікпен, одан әрі драмматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерден-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады. Оның пьесалары алғашқы рет Лондондағы студенттер күшімен қойылып, соңында театрға ауысып отырады. Ол өзі жазған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді, сонымен қатар актер де болады. Шекспир өдігінен көп оқып, білімін үздіксіз арттырып отырған адам.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады да, 1616жылы 23апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир өмірінен бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның бізге мәлім болған екі поэмасы(Венера және Адонис), (Лукреция154сонеті, 36пьесасыбар. Поемалары айтарлықтай болмаса да, сонеттерінің ойлылығы философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Мысалы, “Әсемдіктің солмауы үшін”сонетін алайық!

Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте,жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен,

Семгенімен солған гүлдер жапырағын,

Жас раушан сақтап оны, сәні еткен.

Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,

Бар нәріңді байғазы ғып, сорланған.

Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,

Жансыз жауыз, жауың енді қолға алған.

Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,

Шолақ көктем боз торғайы, алдайсың.

Болашақты сақтайсың да бойыңда, сараңдықты ысыраппен жалғайсың.

Ғұмыр тілеп, көре тықпа батырым,

Келер жылдар кереметтей дақылың!,-деп үлкен бір ой айтады.Шекспирдің тағы бір сонетін алып қарайықшы;сонет “қалай өссек”деп аталады.

Қалай өссек, солай біздер соламыз,

Ұрпақ қалсын, біз соларда боламыз.

Мұрагердің бойындағы күш-қуат,

Қаусып қалған менікі деп санаңыз.

Міне, солай, табиғаттың заңын ұқ,

Мұңсыз өмір өтер еді жабылып

өмір бітпей жерді жайлап кәрілік,

мына жалған құрыр еді қаңырап.

Жерге,өмірге сүйкімсіздер, обалсыз,

Түссіз,түлей –қайта оралмай жоғалсын


Табиғаттан қисапсыз сен сый алдың,

Мың есе енді қайтаратын боласың.

Шебер қолмен жасалған бір мөлдейсің

Ғасырларға өз белгіңді бергейсің,

Керемет емес пе? Сонымен әр бір жолында философиялық ой жатыр.

Оның “Отеллосы”, “Корол Лир ”, “Гамлет”, “Дауыл”, “Қысқы ертегі” пьесалары Шекспирдің үлкен ақын, драматург екендігін танытады.


Бақылау сұрақтары

  1. У.Шекспирдің өмірінен мәлімет

  2. У.Шекспирдің драматургиясы

  3. Шекспирдің өлеңдері

  4. У.Шекспирдің “Ромео мен Джулеттасы”

  5. У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясы


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.

  1. “Ромео мен Джулеттадағы” тргедиялық қақтығыстардың

шешімі.

  1. Шекспирдің сонеттері

  2. Шекспирдің “Оттелосы”

  3. Шекспирдің “Корол Лирі”


Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы.

  1. реферат

  2. тест

14 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Зарадуштың дүниедегі ең алғашқы кітабы

Реферат тақырыптары

  1. “Авеста” кітабының жазылу тарихы.

  2. “Авеста”кітабының жалпы көлемі.

  3. “Авестаның” тармақтары.

  4. “Авеста” кітабының қайта тіктелуіне себеп болған жағдай.

  5. Иран әдебиетінде “Авеста” кітабының алатын орны.

15



Тақырыбы: ХVІІғ. Француз әдебиеті

Жоспары:

1. Классицизм - ХVІІғ.ғы француз әдебиетінің көркемдік

стильдік бағыты.

2. Мольер шығармашылығы.

3. Мольер комедияларындағы пәлсапалық мәселелер

Әйгілі Француз Революция кезеңінде 1789-1794 жылдары басты тарихи уақыттарында идеологиялық ағарту салаларында шыңдалған ағартушылар Вольтер, Дидро және жоғары лауазыммен Руссолар әдебиет жанырындағы ауыспалы кезеңінде әдебиет төрінен орын алды.

Революция кезеңінде әдебиет саласында Наполеонның Француз мемлекетін басқару уақыттарында мемелекеттің әдебиет пен мәдениет және көркем өнер салалары дамыды. Бұл кезеңде «Ревалюционного классизма» «Революция классиктері» деген мерзімі болды. Вольтер, Руссо және Дидро сияқты атақты жазушылардың өмірден кеткені франция есік орны толмастай әдебиет саласын ойсыратып кетті. Бірақ олардың із басарлары болып әдебиет саласында жарқырап Пьер Огюстем Корон де Бомарше 1732-1799 жылдары әлемге әйгілі «Сервия шаштаразы» қойылымы 1775ж. және «Ессіз күндер» мен «Фигаронның үйленуі» 1784ж. және Фигаро жайындағы үшінші пьессасы «Қылмысты ана» немесе «Жаңа Партов» қойылымы 1792ж. комедиялық пьессалары өмірге келді.

Сонымен қатар Француз әдебиетіне көзінің тірісінде біреу біліп, біреу біле бермейтін, атақ даңқының өмірден өткен де әлемге әйгілі болған Андре Шенье сол кезде Садоның ерекше тұлғасын жасады. 1740-1814 жылдары Роман авторы Жюстина 1791-1797ж. «Жюльетта» 1797ж. «Бударедегі Философия» деген туындылары жарыққа шықты. Жазушыны тек XX-ғасырда ғана талантын мойындады.

Сонымен бірге сол кездегі атақты ғалымдар өздерінің пеьссасын, романдарын жарыққа шығарып отырды.

Мольер шығармашылығы

17 ғасырдың 2 ші жартысында Францияда ұлы драматург тамаша комедия театрын құрушы Жан Батисто Мольер.

Пессалары алдыңғы қатарлы буржуазия идеяларына әдебиеттегі бағыттың жарқын көрінісі болды. Мольер корол сарайының мебел жасаушысының баласы еді. Яғни біршама ауқатты буржуазия ортасынан шықты. Мольер көпке дейін өмірден өз орнын таппй кезбе актер ретінде өмір сүрді. Ол көптеген қиыншылықтардан кейін корол сарайы сахынасында өз пессаларын қойдыруға мүмкіндік алды. Бірақ содан кейін де оның көптеген спетакльдерінің қойылуына қарсылық көрсеткен реацияшыл дворяндармен дін басыларымен тынбастан күрес жүргізуге тура келді. Мольердің халыққа жақын тұрғандығы оған халықтың көңілді комедия дәстүрін қабылдауға және дамытуға мүмкіндігін берді. Оның пессаларындағы адамдар әр түрлі топтан шыққан қарапайм тілде сөйлейтін өз замандастары еді. Мольер дворяндардың думанды өмірін ащы тілімен жеткізе сынады. Мольердің “Дон Жуан” деген комедиясында адамгершілік қасиетен жұрдай болған өзімшіл азғындаған оңбағанды сахнаға шығарады. Мольер өз комедияларында халықтан шыққан жағымды – жағымсыз бейнелерді жасап оларды өткір тілмен көрсетіп беріп отырды.

Бақылау сұрақтары

1. Классицизм - ХVІІғ.ғы француз әдебиетінің көркемдік

стильдік бағыты.

2. Мольер шығармашылығы.

3. Мольер комедияларындағы пәлсапалық мәселелер

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.


  1. Мольердің халыққа жақын көңілді комедия дәстүрі.

  2. Мольер шығармашылығы

  3. Француз әдебиетін қалыптастырушылар.

  4. Класицизм 17 ғасырдағы Француз әдебиетінің

көркемдік стилдік бағыты.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы.

  1. Реферат

  2. Сұрақ – жауап

16 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Ағылшын әдебиеті

Реферат тақырыптары

  1. Ағылшын әдебиетінің тарихы.

  2. Ағылшын әдебиетіен дамытқан белгілі ғалымдар.

  3. Ақын жазушылар шығармасының өмір шындығы.

  4. Ағылшын әдебиетін дамытқан көрнекті тұлғалар.

  5. Көркем әдебиетте ақсүйетер дәстүрі.

17

Тақырыбы: ХVІІІ Ағылшын әдебиеті

Даниел Дефонның өмірі мен шығармашылығы

Жоспары:

  1. Д.Дефо өмірі.

  2. Д.Дефо шығармашылығы.

Ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Д.Дефо 1661 жылы Англияның Лондон қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның әкесі саудагер болған. Ол баласын монастрда оқуын қалайды. Бірақ жастайынан саяхат етуді теңізге шығуды армандаған Даниел әкесі күткендей болып шықпайды. Даниел тек әдебиет саласында ғана емес сонымен бірге қоғам қайраткері журналист, жазушы сондай – ақ үлкен ірі бизнесмен де болған. Оның негізгі сауда көзі кеме саудасы болып Чили, Мексика жарты аралдарына қатынайды. 1715 жылы өз өміріне арнап жазған “Робинзон Крузо” библиографиялық туынды. Бұл еңбегінде үстем тап өкілдердің озбырлығын әшкерелейді. Оның ескі өмірін көксейді романның алғашқы бетінде үлкен ірі саудагердің кемесі экватор дауылында адасып адам жоқ жалғыз аралға барады.

Робинзон Крузо” романының мазмұны.

1.“Робинзон Крузо” романының мазмұны.

2. Романның көркемдік ерекшелігі.

Өткен дәуірдегі жаушылардың қай-қайсысын болса, біз қазіргі жазушы дейміз, бірақ ол олай емес. Ал, Дефо басқаша. Егерде Шекспир дәуірі Англияның Буржуазиялық революциясы XIIV ғасыры, артта қалса Дефо заманы ол Буржуазиялық өмірдің басы.

Сондықтан Дефо 1660-1731 толық мағынада қазіргі жазушы. Ол өзінің Шекспирмен теңестірген, сол тағдыр жүз жыл өтседе. Бір ғасыр бойы көп нәрсе өзгереді, Шекспир-шеттен келген, астанаға келгенде ол қалалық адамдарға қорқынышпен қарайды.

Дефо Лондонда туылып өскен, ол сол жерде өзін еркін суген, Шекспир үшін дүниетану. Ол табиғатта серуендеу болса, Дефо үшін табиғат шеберхана. Ол сол жерде еңбек , кәсіпшілік, іскерлік танытады.

«Петр Алексеивичтің тарихы»,

Ол кітабында Дефо былай деп жазады. Петр Дефоның ата-бабаларының кәсібін үйренуге шығады. Олар Голлондтар Англияға қашып келген Ағылшындарды жүнді иіріп мата жасауға үйреткен. Англия дүние жүзіне осы кәсіппен белгілі болған.

Әдебиеттің аса биігіне шықса кейде өте төмен жағдайда ұшырап өзі жазған еңбегін біреудің атымен шығарады. Ол 60 та 40 жыл әдебиетпен шұғылданады. Өмірдің өмірінің бәрі өтті, бірақ ол қайтадан жаңғырады. Ол мәңгі жаңа өмірді бастайды.

Дефоның 350-ден астам шығармасын жазған. Оның аты-Робинзон Крузо. Бұл кітап емес, бейне емес, ол адам аңыз ол ғасырдан-ғасырға жаңарып келеді.

Кітаптың тарихы былай.

XVIII ғасырдың басында адмирал Вильем Дампер тынық мұхитқа шығады. Ол саяхат сәтсіз болады. Кеменің үстінде ұрыс-керіс болады. Сондықтан адамдар қашады. Мас-а Твер аралдарында Хуан-Фернандес Штурман Алькирк архипелагінде қалып қояды. Төрт жыл өткен соң сол жерге тағыда бір кеме барады оның капитаны Вуджа Роджерса. Олар жаңағы жерге Мас-а Твераға тұщы су алуға кіреді.

Роджер осы туралы жазғанда ізінен келе жатқан капитан Кук те осыны айтады.

Робинзон туралы айтсақ, бір өзі айналасындағы жан жоқ жерде теңіздің жағасында өмір сүруге бел буады. Бұл жерде адамның мінез-құлқы бейнеленбейді. Адамның тірі қалуы ертеңге деген сенімі, оның ойлау қабілетінің жылдамдығын іскерлігі көрсетіліп отыр. Әр сәт Робинзонға ол мағыналы шындық.

Егерде Робинзонның орнына Шекспирді қоятын болсақ батырын ол ойлау қабілеті нашар әбіржулі адам, мысалы: Робинзонның сынып қалған кемесіне ақша жатса ол оған таң қалмайды. Ол Шекспирдің былай дейді,- не көріп тұрмын? Алтын, мынау шындық па? Сап-сары жылтылдайды, жоқ жоқ мен алтынды қастерлеймеймін, бірақ алайын! Ал Робинзон болса былай дер еді. «Керек емес қалдықтар» бірақ қалтасына салар еді, және неге қажет болар екен деп ойланар еді.

Робинзон Крузо –бірінші ағылшын классикалық роман.

Дефоның принципі ол өтірікті шындай қылып жазу.

Дефодан кейінгі ағылшын және дүние жүзілік әдебиеті дами берді бірақ әр уақытта ол Дефоны еске түсіріп, қайта-қайта, сонымен бірге аяқ алып отырды. Өткен және осы ғасырдағы продиктер Дефодан әлде-қайда алда, кешкен жазушылар, оның еңбектерімен көптеген осы кезге сай дүниелерді таба білген.

Дефоның міндеті әр адамның тарихтың бір бөлігі ретінде бейнелеу, көру, қазіргі өтіп бара жатқан уақытты тарих деп білу. Ол айналамсына өзімде осыған қатыстымын деген көзқараспен қараған.


  1. Бақылау сұрақтары

1. Д.Дефо өмірі.

2. Д.Дефо шығармашылығы.

3. “Робинзон Крузо” шығармасы.


  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Д. Дефоның принцпі

  2. Д.Дефоның тарихи кітап жазуы.

3. “Робинзон Крузо” романының негізгі идеясы.
3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Реферат

  2. сұрақ - жауап

18 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Д. Лондон өмірі, шығармашылығы

Реферат тақырыптары.

  1. Д. Лондонның өмір жолы.

  2. Д.Лондонның көрнекті туындылары.

  3. Лондонның “Лексика ұлы” атты әңгімесінің негізгі тақырыбы.

  4. Джек Лондон Американ жазушысы.

  5. Лондонның өмір жолындағы қым-қиғаш көріністері.

19



Тақырыбы: Даниел Дефонның “Робинзон Крузо” романының

мазмұны

Жоспары:

1.“Робинзон Крузо” романының мазмұны.

2.Романның көркемдік ерекшелігі.
Өткен дәуірдегі жаушылардың қай-қайсысын болса, біз қазіргі жазушы дейміз, бірақ ол олай емес. Ал, Дефо басқаша. Егерде Шекспир дәуірі Англияның Буржуазиялық революциясы XIIV ғасыры, артта қалса Дефо заманы ол Буржуазиялық өмірдің басы.

Сондықтан Дефо 1660-1731 толық мағынада қазіргі жазушы. Ол өзінің Шекспирмен теңестірген, сол тағдыр жүз жыл өтседе. Бір ғасыр бойы көп нәрсе өзгереді, Шекспир-шеттен келген, астанаға келгенде ол қалалық адамдарға қорқынышпен қарайды.

Дефо Лондонда туылып өскен, ол сол жерде өзін еркін суген, Шекспир үшін дүниетану. Ол табиғатта серуендеу болса, Дефо үшін табиғат шеберхана. Ол сол жерде еңбек , кәсіпшілік, іскерлік танытады.

«Петр Алексивичтің тарихы»,

Ол кітабында Дефо былай деп жазады. Петр Дефоның ата-бабаларының кәсібін үйренуге шығады. Олар Голлондтар Англияға қашып келген Ағылшындарды жүнді иіріп мата жасауға үйреткен. Англия дүние жүзіне осы кәсіппен белгілі болған.

Әдебиеттің аса биігіне шықса кейде өте төмен жағдайда ұшырап өзі жазған еңбегін біреудің атымен шығарады. Ол 60 та 40 жыл әдебиетпен шұғылданады. Өмірдің өмірінің бәрі өтті, бірақ ол қайтадан жаңғырады. Ол мәңгі жаңа өмірді бастайды.

Дефоның 350-ден астам шығармасын жазған. Оның аты-Робинзон Крузо. Бұл кітап емес, бейне емес, ол адам аңыз ол ғасырдан-ғасырға жаңарып келеді.

Кітаптың тарихы былай.

XVIII ғасырдың басында адмирал Вильем Дампер тынық мұхитқа шығады. Ол саяхат сәтсіз болады. Кеменің үстінде ұрыс-керіс болады. Сондықтан адамдар қашады. Мас-а Твер аралдарында Хуан-Фернандес Штурман Алькирк архипелагінде қалып қояды. Төрт жыл өткен соң сол жерге тағыда бір кеме барады оның капитаны Вуджа Роджерса. Олар жаңағы жерге Мас-а Твераға тұщы су алуға кіреді.

Роджер осы туралы жазғанда ізінен келе жатқан капитан Кук те осыны айтады.

Робинзон туралы айтсақ, бір өзі айналасындағы жан жоқ жерде теңіздің жағасында өмір сүруге бел буады. Бұл жерде адамның мінез-құлқы бейнеленбейді. Адамның тірі қалуы ертеңге деген сенімі, оның ойлау қабілетінің жылдамдығын іскерлігі көрсетіліп отыр. Әр сәт Робинзонға ол мағыналы шындық.

Егерде Робинзонның орнына Шекспирді қоятын болсақ батырын ол ойлау қабілеті нашар әбіржулі адам, мысалы: Робинзонның сынып қалған кемесіне ақша жатса ол оған таң қалмайды. Ол Шекспирдің былай дейді,- не көріп тұрмын? Алтын, мынау шындық па? Сап-сары жылтылдайды, жоқ жоқ мен алтынды қастерлеймеймін, бірақ алайын! Ал Робинзон болса былай дер еді. «Керек емес қалдықтар» бірақ қалтасына салар еді, және неге қажет болар екен деп ойланар еді.

Робинзон Крузо –бірінші ағылшын классикалық роман.

Дефоның принципі ол өтірікті шындай қылып жазу.

Дефодан кейінгі ағылшын және дүние жүзілік әдебиеті дами берді бірақ әр уақытта ол Дефоны еске түсіріп, қайта-қайта, сонымен бірге аяқ алып отырды. Өткен және осы ғасырдағы продиктер Дефодан әлде-қайда алда, кешкен жазушылар, оның еңбектерімен көптеген осы кезге сай дүниелерді таба білген.

Дефоның міндеті әр адамның тарихтың бір бөлігі ретінде бейнелеу, көру, қазіргі өтіп бара жатқан уақытты тарих деп білу. Ол айналамсына өзімде осыған қатыстымын деген көзқараспен қараған.



  1. Бақылау сұрақтары

1. Д.Дефо өмірі.

2. Д.Дефо шығармашылығы.

3. “Робинзон Крузо” шығармасы.

4. Д. Дефоның принцпі

5. Д.Дефоның тарихи кітап жазуы.

6. “Робинзон Крузо” романының негізгі идеясы.




  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. “Робинзон Крузо” шығармасы.

. 2. Д. Дефоның принцпі

3. Д.Дефоның тарихи кітап жазуы.

4. “Робинзон Крузо” романының негізгі идеясы



3. Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Голссарий

  2. Сұрақ жауап

20 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: 18-19 ғасырдағы Польшадағы романтизм

Реферат тақырыптары

  1. 18-ғасырдағы Польша әдебиетіндегі романтизм өкілдері.

  2. 18-ғасырдағы Польша әдебиетінің өкілі Мартина Матушевича (1714-1765) өміріне мәлімет.

  3. Мартитина Матушевичаның шығармаларының негізгі көтерген мәселесі.

  4. Польшадағы политикалық сатираның өкілі Адам Нарушевич туралы мәлімет.

  5. Адам Нарушевичтің “Өлілердің үні” атты сатирасы.

  6. Юлиан Урсын Немсевич (1757-1841) “Тарихи ән” атты шығармасы.

21

Тақырыбы: Франция әдебиетінің өкілі Эмил Золя (1840 - 1902)

Жопары:

1. Эмил Золя өмірі шығармашылығы

2. ХІХ ғасырдағы романтикалық және реалисті өнер дәстүрін

шерткен суреткер.

Эмил Золя 1840 жылы Париж қаласында дүниеге келген. Әкесі Франсуа Золя (1795 - 1847) 1830 жылы Францияға қоныс аударған италияндық инжинер көрінеді. Анасы Эмилии Обер орташа дәулеті бар париж саудагерінің қызы екен. Әкесі кезінде талантты инжинер, су жүйелерін жүргізуші құрылыскер ретінде кеңінен танылса керек.

Эмил Золяның балалық және бозбалалық жылдары провинциялық Эксе қонысында өтеді де, жергілікті коллежддегі оқуын тәмамдаған соң, ол 1858 жылы Парижге келіп, осындағы лицейге оқуға түседі.

Лицейді бітірген соң әкесінің жолдасы Лабо деген адвокаттың көмегімен Э.Золя әрең дегенде Париждегі қайықшылар кеңесіне хатшылық қызметке орналасады. Кеңселік қызметке мүлдем құлқы жоқ жас жігіт қолы босаса – ақ болды, әр түрлі әңгімелер, поэмалар комедиялар жазумен шұғылданады. Содан ақыры қайықшылар кеңесіндегі беделсіз жұмысын тастап шығып, үйі жоқ, күйі жоқ, қайыршылық тұрмыс кешіп жүрген жігітке ертерек марқұм болып кеткен әкесінің көзі тірісіндегі тағы бір досы, медициналық академияның мүшесі Буде мырза кездесіп, енді мұны “Ашетт” атты баспаға қызметке орналастырады. Осыдан бастап бұрын аш - арық күн кешіп жүрген Эмил Золяның бағы жана бастайды. Осы жылдары ол Францияның болашақ премьер – министрі Ж.Клемансомен танысады. Ал 1864 жылы оның “нинон ертегілері” атты әңгімелер жинағы басылып шығады. Жас жазушының тұңғыш кітабын сыншылар жоғары бағалайды.

Э.Золяның шығармашылығына О.Балзактың 1869 жылдың басынан толық жариялан бастаған 24 – томдық “Адамзат” комедиясының айрықша әсері болғанын аңғару қиын емес. Оның 1870 жылы “Ле Раппел” газетінде Баллзк романдарындғы сыншылдық сарындарыды жоғары бағалаған мақаласының сол тұсытағы “Жазғыштар” арасында қарама – қайшы пікірлер тудыруы да бұрынғы –соңды классиктер еңбегінің құнын айырып білудің оп – оңай шаруа емес екенін дәлелдейді.

Сол кезде Э.Золяның “Тереза Ракен” атты романын “Фигаро” газетінде сыншы Л.Ульбах бастырта сынаса керек. Сол Ульбахқа жазған жауабында Золя әрбір жазушының өмір тіршіліктің жалаңаш әрі қатыгез шындықтарын жазуға құқылы екенін, өйткені шындық дегеніміз – от, ол бәрінен тазартады деген пікір айтады. Жазушы атаулының бүгінде ертеңде қолына ту етіп ұстайтын бұлжымас қағйдасының бірі де осы емес пе. Осы кезден бастап(бәлкім жақсы мағынасында О. Бальзакқа еліктеді ме екен). Э.Золя көп томдық романдар циклн жазуды жоспарлауға кіріседі. 1868-1869 жылдарда ол Париждің ұлттық кітапханасында тапжылмай отырып, тарихи, ғылыми филасофиялық еңбектерді қотарумен болыпты.

Э.Золя өз заманындағы тарихи, әлеуметтік революциялық оқиғалардың басы –қасында жүріп, журналист, жазушы азамат ретіндегі өзінің көзі жеткен шындықтарды жасырмай айтып жалғанға жариялап жүрген. 1870жылы Француз революциясы екіші империяның күйреуі, үшінші Республика және оның құлауы. Ұлттық жиналыс. Тьер үкіметі. Париж коммунасы. Париж коммуналарының аталуы жөніндегі Э.Золя жазған қанды репортаж (Марсель, Семафоры газнті 25-май 1871ж).

Осындай тарихи талайлы кезеңде өмір сүрген жазушының творчестволық қоржыны тоқ, көргендері мен түйгендері мол болғаны сөзсіз. Сол себептен әу бастан кең қолтық тағдыры таланттарының кеңінен пішіпберген Золя белсенді бейнетке кірісіп өзінің алдына қойған таудай талап биіктеріне қарай жол тартады, “Ругондардың” мәртебесі атты романын жария етеді. Бірақ бұл романды сыншылар слқын қабылдайды.



Бақылау сұрақтары

  1. Э. Золя өмірі жайлы мәлімет

  2. Э. Золяның еліне оралуы

  3. Э. Золяның трилогиялары

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Э. Золяның пьесалары

2. Француз гуманизмі Э.Золя

3. Э.Золяның даңқын шығарған еңбектері



Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Сұрақ жауап.

  2. Глоссарий.

22 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: АҚШ әдебиетіндегі романтизм

Ой – бөліс (дебат) тапсырмалары

  1. АҚШ әдебиетіндегі романтизм өкілдері.

  2. Аллена Дизенбераның “Вопль” атты поэмасы.

  3. АҚШ әдебиетінің өкілі Джек Керуахтың өмірі.

  4. Джон Чивердің (1912-1982) “Буллед парк” әңгімесі.

  5. Джон Чивердің “Фальконер” атты романының мазмұны.

  6. АҚШ-тың сатиралық проза жазушысы Курт Ванегуд.

23

Тақырыбы: 19 ғ/ғы сыншыл реализм

Жоспары:

1. Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық пәлсапалық және

эстетикалық алғышарттар.

2. О.Бальзак (1799-1850) өмірі мен шығармашылығы.
Бальзак (Balzac) Онре де (20.05.1799 Тур – 18.08.1850 Париж ) француз жазушысы. Париж заң мектебін бітірген (1819) әрі Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған Алғашқы жарық көрген шығармасы «Кромвель» трагедиясы (1920) батырдың есімі «Шуандир» (1829) атты тарихи романмен белгілі болды. Бальзактың тоқсан шығармасы енген «Адам комедиясы» адамгершілік этюдтері, филос, аналит этюдтер болып үш топқа бөлінеді. «Адам комедиясы» француз қоғамын шынайы бейнелеген көркем ірі туындылар жинағы 1 адамгершілік этюдтер тобының негізгі шығармалары.

-«Гобсен» (1830) «Отыздағы әйел» (1831) «Горио атай» (1934-1935) «Евгения Грилде»(1833) «Беатриса» «1839) «Кәрі қыз» (1836) «Бойдақтың өмірі» (1841) т.б.

2)Филос Этюдер тобының негізгі шығармалары «Жендет» (1830) «Шегірен былғары» (1830-1831) «Көп жасаудың құпиясы» (1930) «Қызыл қонақ үй» (1931) «Серафита» (1839) т. б.

3)Аналют этюдер тобының негізгі шығармалары неке физологиясы (1829) «Адам комедиясында» тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғырды. Бальзак шығармалары Х1Х-ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдіс жиынтығы формада (гуманизм ағартушылық идеясы готикалық роман, романтикалық мектеп т. б. Көрініс берді Бальзак шығармаларын Ф. Жиро, В.Гюго, Ж.Санд. М.Әуезов шығармаларын жоғары бағалаған. «Шегірен былғары» романы «Горио атай» повесі (1984, 1985,1987) пьесалары қазақ тілінде аударылған.



Бақылау сұрақтары

  1. Бальзак шығармаларын қазақ тіліне аударуы.

  2. Бальзактың “Адам” комедиясының негізгі таақырыбы.

  3. Бальзактың өмірі жайлы мағлұмат.

  4. 19-ғасырдағы сыншыл реализм.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

  1. Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық пәлсапалық және эстетикалық алғышарттар.

  2. Бальзактың өмірі жайлы мағлұмат.

  3. 19-ғасырдағы сыншыл реализм.

  4. Бальзактың “Бойдақтың өмірі.” Атты ірішығармасы.


Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Сұрақ жауап.

  2. Тест сүрақтары.

24 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Теодор Драйзер американ әдебиетінің өкілі

Реферат тапсырмалары

  1. Т. Драйзер өмірі жайлы.

  2. Т.Драйзердің шығармашылық жолы.

  3. Американың ірі өкілі -Теодор Драйзер.

  4. Драйзер шығармаларындағы көркемдік ерекшелік.

  5. Драйзер шығармалары Америка әдебиетіне әсері .

25

Тақырыбы: Джонаттан Свифт өмір жолы, шығармашылығы.

жоспары:

  1. Д. Свифттің өмір жолы

  2. Свифттің даңқын шығарған романы

  3. Гулливердің саяхаты романының негізгі идеясы

Д. Свифттің әкесі өмірден ерте өтеді . Жазушының анасы мен әпкесі болған. Бірақ Свифттің әкесі қайтыс болған соң әпкесі мен шешесі тақыр кедей болып қалады, ал Свифттің тәрбиесімен әкесінің ағасы шұғылданады. Әкесінің ағасы Ирландияның Дубмен қаласында адвокат қызметкері болады...

Әкесінің ағасы Свифттің діни қызметкер болғанын қалап болашақ жазшыны дін қызметкері болуға жетелейді. Свифттің мінезі де өте тік, әкесінің ағасының да мінезі діл осы іспеттес бір бет, өте тік болған дейді...

Ирландияда Дублин қаласында Вильям Темпль деген лордтың үй хатшысы қызметін атқарады, және сол Лордттың кішкене қызын оқытады (репититор ), философия лық тұрғыдан астарлы көп ойларды жазып үйретеді.

Лондонға Темпльдің бұйрығымен барады...

Лондонның корольі Вильгельем Оранскиймен кездеседі. Бірақ бұл кездесу ешқандай әсерлі болмайды. Сонымен қайтадан болашақ жазушы Дублин қаласына келеді.

Бұл қалада жазушыны Горд Темпльдің Мур-Паркі күтіп тұрған болатын. Ирландияның лорді Вильям Темпльдің үй хатшысы болып жүрген кезінде жазушының жағдайы қайыршының жағдайымен бірдей еді.. (өзім айтып түсіндірем)

Осы үйде жүріп Свифттің сауаты ашылады.

Темпльдің үйінде тәулігіне 16 сағат оқитын оқымыстылар жиылатын еді, жазушы сол сабақтарға қатысып көп тәлім-тәрбие алады. “Гулливердің саясаты” романын осы король, лорд, басшы және патша,ақсүйектердің тойымы жоғалғанын әжуәлап, сықақтап, мысқылдап, сатиралық үлгіде осы романын жазған...


  1. Бұл романның алғашқы тақырыбы, аты мүлдем ауыр, ұзақ еді. Бірақ уақыт өте келе романның аты жазушының қалауымен “Гулливердің саясаты” деп ауыстырылады . Романда кішкене бойлы адамдар және лилипуттар жайлы еді. Лилипуттар кі биік аяқ киім киіп алып екі топқа бөлгендер жайлы болады.

Романда буржуазиялық топтардың барлығы дерлік сынға ұшырайды.(өзім түсіндірем)

  1. Джонаттан Свифттің “Гулливердің саяхаты” романы ның негізгі алғашқы басылымдарда-ақ 4-бөлімнен тұратынын айқындау.

Бірінші бөлімде лилипуттардың өмір сүруі жайлы айтылса мысалы:Вильям Темпльдің өмір сүруі, және Батыс Европа әдебиетіндегі романтизм.

Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп, суретте шындық қиялға негізделеді, қиял шындықтың өзі-осы шақтікі емес, не өткен, не келер шақтікі, шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, автордың тілі де тым бояулы, оқыс әсерлі келеді.

Дегенмен осы ерекшеліктерге қарамастан романтизмді реализмнен бөліп әкетіп,араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Романтизм мен реализм кей ретте бір-біріне керағар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады: екеуінің басын бір жерге қоса алмайды;ол-не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс десек, қателесер едік. Керісінше ,әрбір ірі суреткерде реализм мен романтизм бір-бірімен әрқашан жалғасып жатады.

Батыс Европа әдебиетіндегі реализм.

Реализм-әдіс;ал-әдіс көп құбыла бермейтін тұрлаулы дүние . Бірақ бұл тұжырым оның даму тарихындағы,жетілу, кемелдену кезеңдерін жоққа шығармаса керек. Реализм XIX-XX ғасырлардың шекарасында осы жаңа заман жағдайына лайық туды.

Батыс Европадағы ояну дәуірі.

Батыс Европадағы әдеби –эстетикалық ілімнің даму тарихына көз салсақ, ояну дәуірін айрықша атау керек.

Лондонның корольі Вильгельм Оранскийдің өмір сүруі...

Жазушының Мур –Парктегі өмірі жайлы...
Бақылау сұрақтары


  1. Д. Свифт өмір жолы.

  2. Д. Свивт шығармашылығы.

  3. Д.Свифттің “Гулливердің саяхаты” романының негізгі идеясы.

  4. Свифттің даңқын шығарған романы.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. “Гуливердің саяхаты” романы.

  2. Свивттің Лондонның королі Вильгелммен кездесуі.

  3. Шығарманың идеялық көркемдік арқауы.

  4. Романтизм мен реализм бағыттары.


Студенттің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Реферат.

  2. Сұрақ жауап.

26 Сабақтан тыс ОБСӨЖ



Тақырыбы: Француздың пролетарлық поэзиясының өкілі

Эжен Поте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет