Гуманитарлық пәндер



бет12/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Бекіту сұрақтары:

  1. Шешендік сөздер туралы ұғым.

  2. Батырлар жыры туралы түсінік

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
5 Дәріс Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Жыраулық поэзия. Асан қайғы, Бұқар жырларының тарихи сипаты. Жыраулық поэзиядағы көркемдік өрнектер
Сағат саны-1
Жоспары
1. Айтыс туралы жалпы түсінік
2. Жыраулық поэзия. Асан қайғы, Бұқар жырларының тарихи сипаты
3. Жыраулық поэзиядағы көркемдік өрнектер
1. Айтыс туралы жалпы түсінік. Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы айтыс өлеңдері туды.Қазақтың айтыс өлеңдері жайында үлкенді кішілі зерттеу еңбектер жазған С.Мұқанов, М.Әуезов, Е.Исмайылов, Қ.Жұмалиев, Т.Нуртазин тағы басқалардың айтуына қарағанда,айтыс деген сөз бірнеше мағынада қолданылған.Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған.Айтыс қара сөз түрінде де,өлең түрінде де болған.Әдебиет көлеміне өсетіндері және әдебиеттік жанырдың бірі болып табылатыны да – осы өлең түрінде айтылатын айтыстар. «Дер кезде көшпелі тұрмыс құрған елдердің, - дейді Сәбит Мұқанов айтыс туралы жазған еңбегінде, - сауаты аз болды, оқуы, мектебі жоқтың қасы еді; мектебі, оқуы жоқ елде ақынның күші аузына түсіп,басқа жанрлар сықылды, айтыс жанырын ауызша тудыры,ауызша айту жолымен өркендетті».
Демек, қазақтың айтыс өлеңдері халықтың қоғамдық өміріне,тұрмыс тіршілігіне байланысты және жазу өнері болмаған кезінде туып,қалыптасқан. Оны тудырған да дамытқан да ақындар болған. Бұл жағдай тек қазақта ғана емес,ол қазақпен ағайындас және бір кезде тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы.қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түрікпен, қарақалпақ т.б. халықтарда да айтыс болған.
Айтыс – қазақ сөз өнерінің мектебі. Тек сондай сөз сайысынан өткен жүйрік ақын аталады, ол – ел қадірлісі, көп үміткері, ардақтысы. Халық олардан шебер сөз кестесін көрумен қатар, азаматтық үн естіген. Арқа тірегі халқы болғандықтан, ақындар қысылмаған, көңілдегісін бүкпесіз, ашық айтып, жалтақтық танытпаған, оз ойларын анық айтқан.
Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған.Айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған.
Айтыстағы тапқырлық, аталы сөз үлгілері Жамбыл, Сүйінбай мен Тезек Төре, Кеншімбай мен Ақсұлу, Күйкентай қыз бен Оспантай айтыстарында кеңінен орын алған.
Қазіргі кездегі айтыс жанрының даму жайлы күнделікті баспа беттерінде өте көп айтып жүр.Жазба әдебиеті өкілдерінің айтыс әлеміндегі жетістіктері мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет