Гуманитарлық пәндер


«Робинзон Крузо» шығармасы



бет25/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

2.«Робинзон Крузо» шығармасы. 1719 жылы Д.Дефо 59 жаста болғанда, оның атын мәңгілікке өшірмейтін «Робинзон Крузо» атты шығармасының бірінші бөлімі жарыққа шықты. Екінші бөлімі 1720 жылы, үшінші бөлімі 1721 жылы шықты. Дефо бұл романының мемуарлық түп нұсқасын Робинзонның өзіне берді. Бұл романның негізгі қозғаушы күші ретінде Стилдің «Александр Селькирктің тарихы» атты 1713 жылы «Англичанин» журналында басылып шыққан очеркі болды. Онда шындық болған оқиға баяндалған: Матрос Селькирк корабль капитанымен ұрысқаны үшін Хуан Фернандес аралына жер аударылады. Онда жалғыздан-жалғыз төрт жыл, төрт ай өмір сүреді. Бұл дерек Дефо шығармашылығына ауыстырылып, бұрмасыз баяндалып, тек қана өзінің шұғылданып ізденгенін көрсетпей, философиялық мағынада береді. «Робинзон Крузо» шығармасы XVIII ғасырда әдебиет дамуы мен философияға және саяси экономияға әсер етті. Оның идеясы мен образдары Вольтер, Руссо, Гете шығармаларына арқау болды.
«Робинзон Крузо» - ең алғашқы Англияда шыққан классикалық роман. Мұны «Жаңаша тарих» деп атауға да болады. Адам өмірден практикалық, ұсақ –түйек тәжірибені қалай өзкізсе, Дефо да өзіндік тағдырдың жазуымен географиялық қоршаған ортаның жаңаша әлемін бастан өткізді. Тынық мұхиты мен Америкаға сапарын айтпағанда, ол орталық Африкаға саяхатында жазылған «Капитан Сингльтон» романында өз кейіпкерлерімен бірге ақиқат шындықты айқындап береді. Ол бір жағынан алғанда романды жазуға жіберген уақытын еш есептемейді. Роман соңын «Солтүстік шартарапты шарлаушылар» деген тараумен, қорытындылайды. Дефо өз шешімінде қайда барса да әрі қарай тоқтатпай нәтижеге жету керек екендігін және де өзі іздеген сұрақтың жауабына жету үшін бар өзіндік бойдағы күшін өтіп жатқан уақытқа жүктеу керек екендігін түсінеді. Әрине, Дефоның кітаптарына, туындыларына көз жіберіп қарасаң, одан тек қана жаңашыл суреттеулерді кездестіресің. Оның пайымдауынша, сөзсіз шындықты жазу керек. «Ақиқат - шындықпен ғана ойлау» - бұл әрбір жазушының басты міндеті деп түсінеді Дефо. Толықтай алғанда, Дефо кітап жазудағы есебін адам сенгісіз дауыл, боранды табиғат құбылыстарын жазумен аяқтады. «Шындық» пен «ойды» қарама – қарсы қойып, әдебиеттегі осындай жол қозғалыстарын жаңа кезеңмен салыстырады. Орта ғасырда жазылған романның поэзияға әсері, тамаша көріністерді, ойдан құралған шығармаларға қатыстылығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет