121
П
едагогикалық аспект-персоналдарды тәрбиелеу және оқытуға байланысты
мәселелерді қарастырады.
Персонал-бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы,
әлеуметтік-
психологиялық қасиеттері басты рөл атқарады, персонал-кәсіпорынның экономикалық
және жаңартпалық кеңістігінің маңызды бөлігі.Персонал
ұйымдағы барлық адамдар
ресурстарының жиынтығы.
Персоналмен атқаратын жұмыстың жедел жоспарының құрылымы-
персоналдың тұрақты құрамы жөнінде,
персоналдың құрамы жөнінде, кадрлардың
тұрақсыздығы жөнінде, өндірістің тоқтап тұру, адамдардың
науқастануына байланысты
уақыттың жоғалуы туралы, жұмыс күнінің көлемі туралы,
жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбекақылары туралы, әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсетулер туралы.
Персоналды бағалау-ұйым қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін ұйымдастыра
білудің тиімділігі мен ұйым мақсаттарын орындауды анықтайтын үдеріс.
Персоналды басқару-іс-әрекеттің атқарымды ортасы, оның мәселесі кәсіпорынды
керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету,
оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру.
Персоналды
басқару
жүйесі-персоналдарды
басқару
мақсаттарының,
функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық
шешімдерді
негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау үрдістерінде мамандар мен
жетекшілердің тігінен және және көлденеңінен атқарымдық өзара байланыстардың
қалыптасуынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: