Хайрулдаева Айсулу Маткасымовна
С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің «Қазақстан тарихы,мәдениеттану,философия, саясаттану,әлеуметтану» кафедрасының аға оқытушысы.
2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих факультетін «Жалпы тарих» мамандығы бойынша тамамдап, «Шет тілінде сабақ жүргізуге құқығы бар тарих оқытушысы» деген біліктілік берілген. 2004-2007 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің аспирантурасын 07 00 15-«Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандығы бойынша тамамдаған. 2004-2007 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық қатынастар кафедрасында оқытушылықты қатар атқарды.
2007 жылдан С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің «Философия, саясаттану,әлеуметтану және құқық негіздері» кафедрасында қызмет атқарып келеді.
Ғылыми жұмысының тақырыбы: «ҚР: ұлттық бірегейлену жолындағы ізденістер- тарихи-өркениеттілік аспект».Ғылыми тақырыбына қатысты бірнеше мақалалары бар.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |