Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет56/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Лингвистикалық баяндау әдісі. Бұл әдісті Ахмет Байтұрсынұлы барлық 
ғылыми еңбектерінде пайдаланған. Осы әдісті қолдануының нәтижесінде, 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі материалдарының құралдарын сала-салаға 
бөліп, олардың құрылымының ерекшеліктеріне, тіл қатынасындағы қызметінің 
қасиеттеріне ғылыми түсіндірме, ғылыми дәлел берген. Осы әдісті қолдану 
арқылы қазақ тіл құралдарының ғылыми зерттемесін дүниеге келтірген. Дәлел 
келтіретін болсақ, қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттеу саласында бірнеше 
ғылыми терминдерді ендірген (жуан, жіңішке дыбыс тағы басқалар). Қазақ тілі 
грамматика саласында қолданатын терминдердің басым көпшілігін жасап, олар 
анықтайтын грамматикалық категориялардың мағынасы мен формаларын 
заманға сай ғылыми баяндауын жасап берген. 
Салыстырмалы әдіс. Ахмет Байтұрсынұлы бұл зерттеу әдісін жиі 
қолданады. Сөйтіп, қазақ тілінің материалын татар, ноғай, башқұрт, қырғыз, 
өзбек, орыс, ағылшын тағы басқа тілдердің материалдарымен салыстырады. 
Статистикалық әдіс. Статистикалық әдісті Ахмет Байтұрсынұлы көп 
пайдаланған. Осы әдіс арқылы маңызды қорытындылар жасаған. Бір топ түркі 
тілдерінің (түрік, әзірбайжан, өзбек, татар, қазақ, қырғыз) сөз қорының өзгеру 
көлемі және ол процестің қарқынының тездігін анықтау әрекетін жасаған; 
тілдің орфографиялық нормаларының құбылыстарының сапалық және сандық 
өзгерістерін зерттеген; түркі тілдерінің көне замандағы туысқандық 
бірлестігінің деңгейін және олардың бүгінгі күнде алшақтап кетуінің 
статистикалық көрсеткіштерін анықтаған. 
Жағрафиялық әдіс. Ахмет Байтұрсынұлы жағрафиялық әдісті әр түрлі 
өлкелерде, мемлекеттерде тұратын қазақтардың қазақ тілін қолдану дағдысын 
зерттеу үшін пайдаланды. 
Эксперименталдық 
әдіс. 
Ахмет 
Байтұрсынұлы 
өз 
заманында 
педагогикалық эксперимент әдістерін жиі қолданған. Оны оқыту мақсатына да, 
тілді зерттеу мақсатына да пайдаланған. 
Жоғарыда айтылған мәселелерден, Ахмет Байтұрсынұлы зерттемелерінде 
лингвистикалық зерттеу әдістерін көлемді және жан-жақты қолданғаны 
көрінеді. Тілді зерттеу әдістерінің қолданылу дағдысы, тіл білімінің бүгінгі 
күндегі деңгейіне жауап беретіне де сөзсіз. 


126 
Сонда, қазіргі заман тіл білімі тарихында фонетика және фонология, 
графика және орфография, лингводидактикалық салаларында Ахмет 
Байтұрсынұлы тұңғыш болып ірі ғылыми зерттеулер жүргізді 6, 88. 
Ахмет Байтұрсынұлы: “Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай 
дыбыстар бар, олар қалай сөз ішінде байланысады”- дейді. 
Оның тіл біліміндегі алатын орнын белгілі ғалым Н. Уәлиев бір сөзбен 
былай деп түйген еді: “Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби 
түзушілерді атайды. Олай болса, қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог - Ахмет 
Байтұрсынұлы”. Ахаңның қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы еңбегі бір 
төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы еңбегі бір төбе болмақшы. 
Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің фонологиялық негіздері, ондағы 
“инвариант-вариант” қисыны бойынша “әріптердің фонемалық мәнді бере 
отырып, дыбыстық мәнді де (жуан, жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған 
ішкі құрылымдық ерекшелігі туралы да бірегей зерттеу Н. Уалиевтің “Қазақ 
графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері” атты еңбегінде 
жазылған. Онда Бодуэн де Куртенэ, Л.В. Щерба салған жалпы жазу теориясының 
фонологиялық негіздері Ахмет Байтұрсынұлының “бес дауыстыға” құрылған 
жазуындағы әріптердің белгілі бір фонеманы таңбалай отырып, оның жуан-
жіңішке екі тембірін қоса бейнелейтін сингарможазуында жалғасын тапқаны 
толыққанды дәлелденген. Ең бірінші, Ахмет Байтұрсынұлы: “Жазудың негізі екеу 
(таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, 
дыбысша)” деп көрсетуі жалпы жазу теориясының ортақ қағидаларымен сәйкес 
келетіні жөн. Мысалы, Л.В. Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе 
идеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді дейді. 
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде “жеке фонемаға - жеке әріп” 
принципін ұстанғанын көреміз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының атауларын 
қолдануда, дыбыстарды топтастыруда Қ. Кемеңгерұлы басшылыққа алған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет