Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет60/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
Сурет 1. STEM тәсілін тұрақты жүзеге асыру факторлары 


136 
STEM-оқыту технологиясы алдымен ғылым деген бағытты біріктіреді. Ғылым 
бұл адамзаттың ақыл ойын кешенді түрде белгілі бір мақсатқа жұмылдырып, нақты 
нәтижеге, мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын осы жолда оның нақты 
бағдарламасы болатын, уақыты жоспарланған және қажетті ресурстармен қамтылуы 
аса қажетті күрделі әрі кешенді сала немесе бағыт. Ғылым негізі идеядан басталады, 
нақты ой тұжырымдалады. Ал идея дегеніміз ол ой мен қиялдың нақты 
жоспарланған, тұжырымды нәтижесі. Ойланумен қиялданудың бірігуі ол аса құнды 
идеялық шешімге әкелді. Ол адам санасында жаңғырып, жаңартылуы да мүмкін. Ол 
ойлау мен қиялдаудың жоғары деңгейінде бір-бірін өзара толықтырып бірнеше 
нұсқалы идеялардың қалыптасуына әкеледі. Бұл өте күрделі бихевиористік құбылыс. 
Осындай идеялардың пайда болуын біз шығармашылық иедялар депте атаймыз. 
Өйткені адамның психологиялық сана-сезімінің даму ерекшеліктеріне сай адамда 
қабілет деген ерекше қасиет бар. Міне осы қасиеттер адамдарды шығармашыл 
идеялар адамы немесе нақты орындаушы адам деген топтарға бөлуімізге жетелейді. 
Шығармашылық идеялардың дамуының түпкі өнімі ол шығармашылық жобалар. 
Шығармашылық жобалар ол түрлі бағыттар бойынша қалыптасқан идеялар негізінде 
эстетикалық немесе жарытылыс-техникалық, не болмаса гуманитарлық бағытта 
құрастырылған іс-әрекеттер нәтижесі немесе өнімі. Осының негізінде Ғылымның 
тармақтары дамиды. Ал оның негізінде ғылым дамиды. Ғылым дегеніміз ол 
танымдық бағыт. Осы арқылы тұлғаның қоршаған орта және ондағы барлық 
құбылыстармен әрекеттер, заңдылықтармен процестер туралық ақпаратпен қанығып 
қана қоймай оны бақылауы, зерттеуімен тәжірибе жасауы арқылы дүниетанымдық 
кешенді көзқарасы қалыптасады. 
Жоғарыда айтылғандардың бәріне сүйене отырып, білім беру мекемелерінде 
сабақтарды STEM-білім беру және оның технологиясын оқу процесінде қолдану 
идеялары негізінде ұйымдастыру зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тиімді 
ықпал етеді деп қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, STEM-тәсілді ескере 
отырып, осы дағдыларды қалыптастыру мемлекет пен әлеуметтік қоғамның 
болашақ техникалық бағыттағы жоғары білікті мамандарға деген сұранысын 
орындауға мүмкіндік береді, қазіргі жастардың инженерлік мамандықтарға деген 
қызығушылығын арттыруға, оқыту сапасын едәуір жақсартуға және оқушыларды 
нақты өмірге дайындауға мүмкіндік береді [4]. 
STEM білімі туралы зерттей отырып, "STEM-білім" педагогикалық ғылымда 
қалыптасқан жаңа тәсілге жатқызылуы керек деген тұжырым жасауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет