Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет59/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Ақиқат пен әділеттікті дәріптеу жемісі самсаған нуға оранып, гүл 
жайнаған таңғажайып баудың ішіндегі кипарис ағашының сымбатына 
ұқсап айрықша назар аударады; жүректі жарып шыққан шынайы сөзді 
мадақтау түнгі аспаннан тура бағытқа бастайтын таңғы сәулені 
іздегенмен бірдей; қалайда сый-сияпатқа ие болуға құлшыныстың ізі 
әлемді жайнатып, күллі жер бетіне нұрын себелеген күн шуағының 
құбылысы секілді және шын сөздің пайдалығы аз айтылғанымен, адам 
баласына мол жақсылық алып келуінде.
Кімде-кім шындықты айтса қылыш тілмен,
Орайды бақыт соны нұр ұшқынмен.
Уәдеден таймағанның туы биік,
Тартпайды тақырда қап түбі күйік.
Өлсең де айтқаныңнан айни көрме,
Өзіңмен бірге кетер қайғың көрге.
Қайыспай зіл батпанды көтеріп бақ,
Қасірет айбыныңнан кетер ықтап.
Өтірік тұрса ішіңде қауыз жарып,
Не керек құран сөзін ауызға алып.
Бәлеге өзі ұрынар шатысып сан,
Суайтқа ел сенбейді аты шыққан.
Ертеде бір суайттың үйі өртенген,
Бейшара ойбай сапты үрей төнген.


413
Көмекке шақырса да ел келмепті,
Сөзіне ешкім оның мән бермепті.
Панасы типыл болып жер құшыпты,
Шын сөзі зая кетіп, желге ұшыпты.
Даналар сонда айтыпты қатты өкініп:
«Түбіне ақырында жетті өтірік.
Қол ұшын бермесе жұрт өкпелеме,
Бағаң жоқ, бұлданасың текке неге?»
Бір патша үй салмақ боп жінігіпті,
Жинапты түзу ағаш діңі мықты.
Бір кемпір есігінің алдында өскен,
Сәнді ағаш әміршіні тандырды естен.
Сатпады не берсе де кемпір оны,
Ала алмай нөкерлері тентіреді.
Гауһармен үйін патша қаптатыпты,
Діңгекті алтынменен аптатыпты.
Көруге үй біткен соң кемпір кепті,
Құшақтап өз ағашын желпілдепті:
«Жаратып құдай түзу, төрге жеттің,
Алтынға мен де бөктім, сен де бөктің!»
Ағаштың жұрт сүйсініп сымбатына,
Таңданды осыншалық қымбатына.
Қылаусыз қылған ісің таза болса,
Кетпесін ұйқың қашып, мазаң онша.
Әз патша айнымайды әділдіктен,
Жұрты да жапа шекпес әмір күткен.
Құдайым қыңыр Шахқа кез қылмасын,
Еңіреп елі төгер көздің жасын.
Патшаның кәріне кім ұшыраса,
Зықысы шығар әбден түсі қаша.


414
Шырағы үмітінің мүлде сөнер,
Әділдік болмаса егер кімге сенер?
Шындық деп өтірікті дәріптесең,
Әліпті мың болғаны әлф десең.
Жеткізсең туралықпен бірді мыңға,
Ісің ақ, жолың даңғыл бұл ғұмырда.
Шындықтан жалтармаған шыңға шығар,
Үрейді тұңғиыққа шым батырар.
Шындықтан тайқығанда бұдыр болмас,
Опасыз ондай адам ғұмырда оңбас.
Ақиқат туын берік ұстаған жан,
Жасқанбас қарсы шапсын дұшпаны алдан.
Құдыққа бағы тайса құлан құлар,
Қастандық ашық күнін тұман қылар.
Бұрқатса жауың өсек қоймас жықпай,
Басыңның амандығын ойла аптықпай.
Егерде құра алмасаң торыңды ептеп,
Көктегі құсқа қалай қолың жетпек?
Өзіне-өзі сеніп жалындамай,
Ер жігіт баурай алар жауын қалай?
Тынымсыз құлшыныс қыл қапыл қалмай,
Асықпа, ащы өрігің татыр балдай.
Бір дана айтып еді әңгімені,
Жыланды арбайды деп ердің ері.
Жыланды сиқыр күшпен қолда ойнатқан,
Көргендер аузын ашып, таңдай қаққан.
Ерекше ел ішінде бағасы бар,
Бәлкім ол ақылы асқан дана шығар.
Аса алмай арбаушының қулығынан,
Кім білсін жуасыды улы жылан.


415
Болмаса бойындағы асқан дарын,
Адам да жыландай бір шашқан зәрін.
Болыпты бір сүңгігіш ел таң қалар,
Жайынның аузынан да гауһарды алар.
Тереңге ұзақ сүңгіп түбін сүзген,
Маржанның неше қилы түрін тізген.
Сөйлесе ұрынбапты арзанға бұл,
Аузынан төгіліпті маржан-лағыл.
Тірлікте талайды адам етеді арман,
Жайынның жемі болып кете барған.
Мақұлық сөйлей алмас, тіліңді ұқпас,
Тек адам асыл сөздің туын жықпас.
Сөз шығар жан-жүректен, ақыл мидан,
Не асыл, не зұлымдық татын жиған.
Сөзбенен өлі аруақты тірілтесің,
Тіріні бұл пәниден түңілтесің.
Ақылға суарылған сөз алмастай,
Ғаділ бол, ғайбат сөзге төзе алмастай.
Не керек болғандығың өзің дүрдей,
Шықпаса ісің менен сөзің бірдей!
Ойы пәк, ниеті ақ, көңілі хақ,
Ақиқат іздегенге Тәңірі жақ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет