Пейілі кең адамдардың жомарттығы бейне құлпырып тұрған кипарис
бауы секілді, өз жұмысын жан-тәнімен тиянақты тындырады да,
жүзі раушан гүліндей жайнап, дәмге толы дастарқаны ылғи да жаюлы
тұрады; оның мейманы тіпті тотықұс немесе дәу піл болсын мейлі,
бәрібір солардың әрқайсысы бұл дастарқаннан өздерінің қалауын толық
таба алады; сөйтіп олар зәруліктен, аштықтан құтылады.
115
Сахи – шарапханаларда шарап құйып тұратын даяшы.
432
Мәрт жігіт жомарттығын бақ санайды,
Тарынып тарта бермес жоққа қайғы.
Қонақ деп бұл пәниге барлық пенде,
Ашады есігін ол жан біткенге.
Қақпасын біреу қақса құрақ ұшар,
Мәз болып үй-ішімен қуанысар.
Меймансыз елеңдесіп отыра алмас,
Құлазыр, көңілінің оты жанбас.
Келсе де қанша кісі қиналмайды,
Жаюлы дастарқаны жиналмайды.
Шытпайды еш уақытта ол қабағын,
Тосады қонағына қолда барын.
Берген соң шын көңілімен қарасын ба,
Қонағы дән разы қара суға.
Алдында гүлдей жайнап мейманының,
Жібектей танытады майдалығын.
Сараңды санатқа алып кім елейді,
Жомарттың дастарқаны жүдемейді.
Тағамға дастарқаны толып тұрар,
Жетпесе пейілімен молықтырар.
Шынайы мейірленіп тағамына,
Қысылмай қол созады қонағы да.
Мейманын тойдырады болса мұрсат,
Жатса да өзі мейлі орта құрсақ.
Хан болсын, қара болсын тектемейді,
Барымен мәзір етер, жоқ демейді.
Шашылып патша екен деп жорғалама,
Кедейге кейігенің жөн бола ма?
Төріңнен мәңгілік кім тұрақ табар,
Қонақ қой екеуі де бір-ақ соғар.
433
Жүргенмен теңесе алмай өмірде бұл,
Байың да, кедейің де – тәңірге құл.
Болса да жолаушының ең жұтаңы,
Кебенек ішіндегі ерді таны.
Үйіріп, иландырар төңірегін,
Кім білсін патша шығар көңілі оның.
Жаны пәк парасатты ондай пенде,
Лайықты отырса да қандай төрде.
Жібімей тұрсадағы жүрегі онша,
Патша да бас иеді біле қалса.
Қылған соң амал қанша тәңір кедей,
Сыйлай біл, сыртын көріп жәбірлемей.
Ырысы қолы ашықтың ортаймайды,
Жолынан ізгіліктің ол таймайды.
Надандар мақаулықтан айығар ма,
Адамды жақсы-жаман айырар ма?
Асылдар кездеседі ішін ара,
Кісіні тани білер кісі ғана.
Күндей боп кім шыға алса көкке биік,
Сәулесін таратады көпке құйып.
Шашады алаламай талайға нұр,
Ол үшін күрке де бір, сарай да бір.
Ол, сірә, шамдал емес өшіп-жанар,
Көбелек қанатынан өшін алар.
Қылп етіп қылдан тайса иман-ары,
Тұрғандай қылыш төніп қиналады.
Қауласын жомарттықтан көктеп егін,
Бұлтындай көл-көсір бол көктеменің.
Сәуірдің жаңбырымен жер көгерер,
Бақыттың бесігіне ел бөленер.
434
Шөлдеген дүниені батыр селге,
Байысын бау-бақша да, тақыр шөл де.
Ұқсама тынбай соққан қара желге,
Шаң қуып, көпке пәле сала көрме.
Далаға жел-аңызақ құт қондырмас,
Тақырлап түз біткенді, түк қалдырмас.
Қайыр жоқ жынды желден құр есірген,
Айналып құйын шықпас күресіннен.
Өмірде болам десең жомарт игі,
Жөнін біл сыйластықтың сен әрқилы:
Келеді бір танысың арнап саған,
Басыңды қадір тұтып, ардақтаған.
Шығарма дәстүр сақтап, күтуді естен,
Мардамсып, тыраштанып, күпінбестен.
Біреу ме, он ба мейлі – қарсы ал бәрін,
Қой сойып, көтере біл бар салмағын.
Тартқайсың үйеме ғып табағыңды,
Қысылмай тоя жесін тамағыңды.
Асыңды үстемелеп дәмді деген,
Асықпай алдырғайсың әңгімемен.
Тықақтап «алыңыз» деп тақымдама,
Мадақтап тағамыңды тақылдама.
Мейманға ол өрескел көрінеді,
Қисынсыз қылығыңнан жерінеді.
Байқасаң үйің Лұқман
116
мазары емес,
Мазарда шайхы емессің маза көрмес.
Ұрынып жөн-жосықсыз ысырапқа,
Қырғынға құдай малын ұшыратпа!
Ырысты тәңір берген басқа теппе,
Ішіп-же орныменен, босқа төкпе.
116
Лұқман – аңызға айналған тәуіп.
435
Өлердей тықпаласаң қонағыңа,
Байғұстың қалмайсың ба обалына?
Тойғанын білмегендер мелдектейді,
Бұзады денсаулығын – жөн кетпейді.
Шашылу бей-берекет – сорақылық,
Сөлекет көрер көзге, дарақылық.
Келеді бір мейманың ойламаған,
Жоқ болса, ас берерсің қайдан оған?
Ашыққан жолаушыға ашыр жаның,
Байқалар жоқшылықтан ашынғаның.
Қайтесің, кедейшілік шөмеңдетер,
Ұялар қонағың да сенен бетер.
Кім келсін қол қусырып, дастарқан жай,
Қысылып қалма бірақ бас тарта алмай.
Жолаушы соға кетер ол да бір күн,
Кіржиіп, қабағыңа алма кірбің.
Салқындық көңіліңнен болсын алас,
Қолыңда барыңды бер, ол сынамас.
Жайдары мінез көрсет ер көңілді,
Есептеп ұсақтама бергеніңді.
Құрметтеу – басты парыз мейманыңды,
Ұшпаққа шығарады пайда кімді?
Қонақты қуанышқа бөлегенің –
Құдайға қарызыңды төлегенің.
Амал не, өріп жүрген кілең сараң,
Жомарттар жасай берсін бірен-саран!
Достарыңызбен бөлісу: |