ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ғылыми-әдістемелік кеңес
мәжілісінде бекітілді
№6 хаттама «07» маусым 2017 ж.
Оқу ісі жөніндегі проректор
____________ Хикметов А.К.
«6D060800-ЭКОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ PhD ДОКТОРАНТУРАСЫНА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ, 2017
I ГОСО негізінде білім беру бағдарламасын бітіргендер үшін
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен міндеттері.
«6D060800-Экология» мамандығы бойынша докторлық бағдарламаның мақсаттары:
- 6D060800-Экология мамандығы бойынша докторанттарды дайындау деңгейінің міндетті шарттарын сақтап, жоғарғы оқудан кейінгі профессиональды білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- докторанттарды дайындауды іске асыратын жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысының нәтижелерін бақылайтын жүйесін құру;
- докторантурада оқытылғандардың құқықтары мен міндеттерін ұйымдастыру, докторанттардың өзіндік оқу, ғылыми-зерттеу және біліктілік жұмыстарын жүргізуге демеу беру;
- Халықаралық білім беруде және еңбек нарығында 6D060800-Экология мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) ғылыми атақ беру жөніндегі Қазақстан Республикасының құжаттарын мойындауды қамтамасыз ету.
«6D060800-Экология» мамандығы бойынша докторлық бағдарламаның міндеттері:
- мемлекеттің және нарықтың қажеттіліктерімен және мамандық бойынша докторларды дайындайтын мекемелердің ғылыми, практикалық және педагогикалық іс-әрекетімен шартталған экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының теориялық және практикалық білімін тереңдету;
- Жоғарғы деңгейлі профессионалды мәдениетті мамандарды дайындау және сонымен қатар ғылымда және өндірісте қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді құрастыратын және шеше алатын, жоғарғы оқу орындарында білім беретін, ғылыми және басқару әрекеттерін жүзеге асыратын мамандарды дайындау;
- қазіргі кездегі дамып жатқан ғаламда олардың біліктілік мобильділігін қамтамасыз ететін биология, экология, география, химия, физика, математика ғылымдары бойынша негізгі білім мен практикалық біліктілік деңгейін жоғарлату.
Берілген бағдарламада экология, биология, география, химия, физика, математика ғылымдарының түйісіндегі негізгі фундаментальды және жанама көз-қарастар қарастырылған.
6D060800-Экология мамандығы бойынша PhD докторантураға түсудің емтихан бағдарламасына түсу кезіндегі берілетін сұрақтар қойылған.
Түсу емтиханының түрі – жазбаша емтихан. Түсуші емтихан билеттеріндегі сұрақтарға беретін жауабын шифрланған жауап парағына жазып, емтихан комиссиясы тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |