Хаттамасы №1 2022 ж. «05» сәуір Қатысқандар – 9, қатыспағандар КҮн тәртібі



Дата18.05.2022
өлшемі23.51 Kb.
#456924
Хаттама жолдау


Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Президент жолдауын талдау
ХАТТАМАСЫ №1

2022 ж. «05» сәуір


Қатысқандар – 9, қатыспағандар -


КҮН ТӘРТІБІ:



1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талдау

Умарова Ш.А
Кафедра оқтыушылары

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша кафедра меңгерушісі Умарова Ш.А сөз салды:


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын 2022жылдың 16 наурызында жасады.
Жолдауда Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.
Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына баға берді. Оның пікірінше, осы ауқымды әрі жан-жақты жоспарланған операцияның мақсаты жоғары басшылықты биліктен тайдырып, халық пен әлемдік қоғамдастық алдындағы оның беделін түсіру болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Бұған кінәлілер лауазымдары мен қоғамдағы орындарына қарамастан, лайықты жазасын алады.
Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтты. Олардың мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарын иеленуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салынады. Бұдан бөлек саяси реформаларда биліктің заң шығарушы саласына да қатысты мәселе қамтылады. Сенатты жасақтау тәртібі мен оның бірқатар қызметі қайта қаралады.
Мемлекет басшысы Парламенттің жоғарғы палатасындағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды. Сондай-ақ Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы алынып, Сенатқа беріледі. Осы ретте олардың саны 9-дан 5 депутатқа қысқарады.
Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылады. Яғни, парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады. Партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Оларды тіркеу шегін төрт есе, яғни 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендету ұсынылды.
Мемлекет басшысы құқық қорғау институттарын күшейтуге, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға баса мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Негізгі Заңның ережелерін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз ету мақсатында Конституциялық сот құруды тапсырды. Сондай-ақ табысты қызмет атқарған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды.
Ауқымды саяси реформалар еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге де қатысты болмақ. Президент Абай және Ұлытау облыстарын құруды ұсынды. Бұл облыстардың орталықтары Семей және Жезқазған қалалары болады. Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлу жөніндегі шешімін айтты. Алматы облысының орталығы Қапшағай және Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болмақ. Егер жұртшылық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтса, Президент бұл пікірді қолдайтынын жеткізді.
Президент Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мән бере отырып, дағдарысқа қарсы жедел жүзеге асырылатын шараларға арнайы тоқталды. Соның ішінде ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің үлесі бар компаниялардың валюталық табысының экспорттық сатылымын ұлғайтуға, мемлекеттік аппараттың қызметіндегі бюрократияны жоюға да баса мән берілді.
Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бастамалар еліміздің саяси жүйесін және әкімшілік-аумақтық құрылымын барынша өзгертуге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған бастамаларды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгертулер енгізіледі.
– Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу – мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын! – деп түйіндеді. Мемлекет басшысының жолдауы туралы айтып, кафедра оқытушларымен талқылау жүргізіліп, өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты.
Кафедра меңгерушісі Ш.А.Умарова
Хатшы Г.Ж.Есен

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет