ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
Бұл көрсеткіштің библиография, би-
блиографиятану бөлімінде әр жыл-
дарда шыққан библиографиялық
көрсеткіштер көрсетілген. Әдебиет-
тану және сын бөлімі де әр жылдар-
да әдебиеттану мен сынға байла-
нысты шыққан кітаптар тізімі мен
авторларын атап көрсетеді. Көркем
әдебиет, фольклор бөлімі мен қазақ
әдебиеті оның ішінде совет дәуірі
бөлімі жылнамасында көрсетілген
жылдардағы кітаптардың авторла-
ры мен баспасын, тақырыбын тізіп
берген. Бұл көрсеткіштен біздің
қолға түскені – 1983 жылға дейінгі
аралықта шыққан еңбектер. Ай сай-
ын шығатын 1957 жылдан «Баспасөз
шежіресі» Қазақ ССР мемлекет-
тік библиографиясының көрсеткіші
ұйым дастырушысы «Қазақ ССР
Мем ле кеттік кітап палатасы» құрас-
ты рушылар Д. Аманжолова тағы
басқа библиографтар қазақша, орыс-
ша боп екі тілде жарық көрді. Бұл
библиографиялардың да қазақ библи-
ографиясына қосқан үлесі баршылық.
1990 жылдары жарық көрген би-
блиографиялар турасында айтар бол-
сақ ең әуелі төңкеріске дейінгі қазақ
тілінді шықпай мерзімді баспасөзде
қазақ әдебиетіне қатысты көркем ма-
териалдардан мағлұмат беретін сол
сияқты сол кездегі баспасөз га зет-
журналдардың мазмұндалған биб-
лиографиялық көрсеткішін Ү. Сүб-
ханбердина жүйелеп, толықтырып
жарыққа шығарған болатын. 1993 жы -
лы «Қазақ, Алаш, Сарыарқа» маз-
мұндалған библиографиялық көр-
сет кішін шыққан жылдарына қа-
рай газеттерді қамтып, олардың
беттерінде басылған мақалалар мен
хабарларды бір жүйеге келтірген.
1995 жылы Ү. Сүбханбердина, С. Дә -
уітов пен бірігіп «Айқап» жур-
налының толық жүйеленген, маз-
мұндалған библиографиялық көр-
сет кішін көпшілік оқырманға жария
етті.
1996 жылы «Ғылым» баспасы-
нан Ү. Сүбханбердинаның құрас-
тыруымен Қазан төңкерісінен бұ-
рынғы қазақ елінің әдебиетін,
мәдениетін, тарихын, экономикасын,
заң мәселелерін мазмұндайтын «Да-
ла уалаятының газеті» мазмұндал-
ған библиографиялық көрсеткішіне
1888-1902 жылдар аралығында Омбы
қаласында қазақ және орыс тілінде
шығып тұрған «Дала уалаятының
газетіндегі» материалдар қамтылған.
Осынау үлкен іске ізденімпаз ға-
лым, халық мұрасын жинастырып,
бастырушы Ү. Сүбханбердинаның
қосқан үлесі өлшеусіз зор. Соны-
мен бірге аталған жұмыстың маңыз-
дылығын түсініп, оны баспаға ұсын-
ған М. Әуезов атындағы әдебиет
және өнер институтының да дұрыс
бағыт ұстанғанын айтқан жөн.
1997 жылы «Ғылым» баспасында
шыққан, Ә. Нарымбетовтің «Қазақ
әдебиеті» 3-том. Әдебиеттану мен
сын және өнердің библиографиялық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
409
Достарыңызбен бөлісу: |