Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет388/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы 
Ә. Нарымбетовтің еңбегіндегі көп-
теген теріс пікірлерді европа цент-
ристік қөзқарас, замана талабы деп 
түсініп, қазақ библиогра фиясы-
ның алғашқы іздері ХІХ ғасырдың 
екінші жартысынан яғни, сол кездегі 
баспасөз беттерінде бой көрсетіп, 
бертін келе жеке библиографиялық 
көрсеткіштерге қол жеткізуге тірек 
болғанын жасырмай айта аламыз.
Қазіргі уақытта ғылым мен тех-
никаның дамыған заманында көп-
теген баспалардың сан мыңдаған 
кітаптар бастырып жатқан кезде, 
баспасөздің демократиялық тұрғыда 
ғарыштап, көптеген газет-журнал-
дар шығарып жатқанда библиогра-
фияға аса жауапты қызмет атқаруға 
келіп тіреледі. Әрине, қазіргі заман-
да ақын-жазушыларымыздың ең-
бектері баспада еш қиындықсыз 
жа рық көріп тұрған уақытта персо-
налды жеке ақын-жазушылардың 
әдебиеттерінің көрсеткіші берілсе, 
ол оқушы қауым мен ізденушіге 
де еш қиындық туғызбайды. Ғы-
лыми библиографияның да әр тақы-
рып тары библиографиялық көр-
сеткіші жарияланса студенттер мен 
ізденуші, оқытушыларға да ауырт-
палық түспейтіні заңды. Тағы да 
айта ететін бір жай персоналды 
библиографияның 1940-1955 жыл-
дары кең тұрғыда дамығанын біз 
жоғарыда айтып кеттік. Әрине, одан 
бері қанша уақыт өтіп кетті. Абайға, 
Жамбылға, М. Әуезовке, т.б. ғалым, 
ақын-жазушылардың 100 жылдық, 
150 жылдық мерей тойларына қар-
сы бірнеше монографиялар мен әде-
биеттер жарық көргені белгілі. 
Қазақ библиографиясының туып, 
қалыптасу тарихы арнайы түрде 
монографиялық тұрғыда зерттелген 
жоқ. Бұл бөлімде біз оның негізгі 
деп саналатын мәселелерін сөз еттік. 
Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз дікке 
қол жеткізгеннен бері кеңес кезеңінде 
тиым салынған көптеген рухани 
қазынамыз ортамызға қай та оралды. 
Осыған байланысты отар шылдық 
саясат пен кеңестік идео логияның 
әдебиеттің таптығы қағидасынаа 
сай мақсатты түрде «ұмыттырған» 
көптеген кітаптар мен мақалаларды, 
басылымдарды ұлт тық әдеби биб-
лиографияға қайтадан қосу бағы-
тындағы жұмыстарды ғы лыми тұр-
ғыда жандандыру қажеттігі айтпаса 
да түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет