V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
бас тауларын зерттеуге көп уақыт қол
байлау болып келгені рас [1, 360].
Қағидаға айнала бастаған көзқарасты
бұзу оңай емес. Бұл бағыттағы ғы-
лыми-зерттеу жұмыстарға ал ғаш
қадам жасаған профессор Т. Кә кі -
шевтің еңбегін, ұлттық тарихи та-
мырға қалам тартқан жылт еткен
бір ой болса «ұлтшылдық» деп бай-
балам салып шыға келетін кеңестік
идеология кезеңінде, үлкен ерлік деп
бағаласақ, артық айтқандық емес.
«Төңкеріске дейін 3 проценті ғана
сауатты болды, біз барлығы үшін
орыс халқына, оның революциясы-
на қарыздармыз» деген тұжырымды
қайталай-қайталай санамызға сіңіріп
алған тоқырау дәуірінде төңкеріске
дейін қазақ әдебиетінің сынының
туғандығын ғылыми дәлелдеп шығу,
бүгінде ғана айтуға оңай. Мәселе –
қазақ әдебиеті сынының төңкеріске
дейін туғандығын білімдарлықпен
жүйелеуде ғана емес, бастысы біздің
төңкеріске дейін «надан» емес
екенімізді, әдебиеті мен мәдениеті
өзіндік ұлттық сипатта дамыған ха-
лық екенімізді танытуға ұмтылған
ұлтжандылықтың жан айқайында жа-
тыр.
Соның нақты бір дәлелі – «Қа-
зақ әдебиеті сынының туу және
қалыптасу жолдары» атты 1971 жылы
қорғаған докторлық диссертациясы.
Ондаған жыл тірнектей зерттеген
мехнатты еңбегі қазақ әдебиет сыны-
ның Октябрь революциясына дейін
туғандығын, Ұлы Отан соғысына
дейін жанрлық жағынан әбден қа-
лыптасып, оңаша отау тіккендігін
дәлелдеп беріп отыр. Оның алғашқы
бөлімі 1971 жылы «Сын сапары»
атты монография болып жариялан-
ды. Екінші бөлімі – «Оңаша отау» –
1982 жылы басылды. Қазақ әдебиеті
сыны саласындағы еңбегі қазір ре-
спублика жоғары оқу орындарының
негізгі оқу құралына айналып, оның
алғашқы бағдарламасын 1982 жылы
жасап, 1994 жылы 25 баспа табақ
көлемінде оқулығын шығарды. Т. Кә -
кішевтің қазақ әдебиеті сынының
тарихы саласындағы еңбегі қазақ
әдебиеттану ғылымына қосылған
зор үлес болып, ұлттық әдебиеттану
ғылымындағы сын мен зерттеуде
ғылыми мектептің негізін қалады.
Т. Кәкішевтің қазақ әдеби сы-
ны жайлы зерттеулері – ұлттық әде-
биеттануда тың жатқан келелі зерт-
теу нысаналарын зерттеуге баста-
ма салуымен құнды. Бұрын қазақ
әдебиеттану ғылымында зерттелмей
келген оның құрамдас үш бөлігінің
бірі – әдеби сынды қолға алып, оның
тың тарихына ғылымның түренін
салған Т. Кәкішев екенін баса айт-
қан жөн. Ғалымның осы саладағы
ізденістеріне көз жіберсек, үлкен
ғылыми ерліктің куәсі боламыз. Әде-
би сын – әдебиеттанудың аса қиын да
күрделі саласы. Нәтижесінде «Сын
сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982)
монографиялары өмірге келді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
419
Достарыңызбен бөлісу: |