ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
деген автор жазған «Әдебиетімізге
көз салу» деген ғылыми-зерттеу
мақала – ғасыр басындағы аздаған
жыл дардың ішінде-ақ әдеби-та ри хи
ой-пікір ғылыми ұғымдарды мең-
геруге батыл кірісе алғанына нақты
мысал. Ол көркемдік дамудағы әдеби
байланыс, озық үлгілерден үйрену
арқылы жанрлық тұрғыдан өркендеу,
тарихи сабақтастық принципіне сай
дәстүр мен жаңашылдық, әдебиет
тарихын тексеру сияқты проблема-
ларды нақты көтеруінен анық таны-
лады. Автор бұл мәселелерді жаңа
қалыптасып келе жатқан қазақтың
жазба әдебиетін өркендету жолын-
да кімнен үлгі алуымыз керек, ұлт
әдебиетінің ендігі бағыты қандай бо-
луы қажет деген сұрақтар төңірегінде
ой қозғау арқылы шешуге ұмтылған.
Бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінің ен дігі
ұстар бағыты еуропа әдебиеті еке нін
айтып, үлгі-өнеге алу жолында ғы
еліктеу барысында әдебиетіміздің
ұлттық сипатынан айырылып қалмау
жағын ойлау керектігіне көңіл ау-
дарады. Әдеби өркендеуде басқа
елдің әдебиетіне еліктеудің бол-
май қоймайтын құбылыс екенін ғы-
лыми дәлелдеуі ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде жаңалық
еке нін айтуға тиістіміз. Шағатай
әде биетіне араб, парсы әдебиетінің
ықпалын айтқан уақытта Ә. Нау-
аи секілді ірі ақындардың Ширази,
Сағди, Хайям сияқты классиктер-
ден үйрену арқылы өз әдебиетін
дамытқанын айтуы – бұрын кездес-
пеген соны пікір. Сонымен қатар
үлгі-өнеге алу жолындағы еліктеу,
жаңашылдыққа ұмтылу барысында
әдебиеттің өзіне тән ұлттық сипат-
тан айырылып қалмауы қажеттігін
ескертіп, осман түркілерінің еліктеуге
қатты ден қойып, өз әдебиетіндегі
ұлттық дәстүрлерін жоғалтуға дейін
барғанын мысалға келтіреді.
Автор басқа ел әдебиетіне елік-
теу мен үлгі-өнеге алудың осындай
жетекшілік және кері әсері болаты-
нын дәлелдеп алғаннан кейін, қазақ
әдебиетінің не себептен Еуропадан
үйренуі керек екеніне тоқталады.
«Өйткені Еуропа мәдениетінің бар
асылы – рух сыны – дух критициз-
ма, – деп жазады автор, – бұл бізді
жүре алмайтын тұйыққа, шыға ал-
майтын шыңырауға алып кетпес.
Еліктеуіміз өлшеуден шығып бара
жатса, рух сыны бізді жаңа көзімізді
ашып, қатамызды көрсетер. Абай –
адабиятымыздың атасы, бұл жолдың
қорқынышсыз, біздің үшін пайдалы
екендігін сезіп, сол жолға бұрылды.
Әйтпесе, Абай үшін ғараб, ғажам
(парсы) жолы ашық еді». Бұл пікір-
ден ғасыр басындағы ұлт әдебиетін
өркендетуге бағыт-бағдар беру ғана
емес, әдебиет тарихына зерттеуші-
лік тұрғыдан қараудағы көзқарас та
танылып жатқаны айтпаса да түсі-
нікті. Оны жоғарыда сөз еткен мәсе-
лелермен сабақтастыра отырып:
«Ұлт әдебиетін майданға шығармақ
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|