ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
бірігіп шығарған «23 жоқтау», А. Бай -
тұрсыновтың «Ер Сайын», Х. Дос-
мұхамедовтің «Аламан», «Қа зақ тың
халық әдебиеті», «Қыз Жібек», «Кене-
сары – Наурызбай», М. Жұмабаевтың
«Тарту», А. Баржақсиннің «Мың бір
мәтел» атты жинақтары мен еңбектері
жарық көрді. Жинақтарға жазылған
алғы сөздер мен түсіндірмелер ғы-
лыми-зерттеушілік сипатта болды.
Рас, жоғарыда аталған қазақ зия-
лыларының талантты өкілдері әде-
би мұра туралы ойларында бірден
ғылыми-зерттеу әдіснамасына сай
пі кірлер айта алған жоқ. Қазақ әде-
биеттану ғылымы жаңа туа бас таған
мезгілде бұл мүмкін де емес еді.
Әдеби мұраға деген көзқарас көркем
шығарма немесе белгілі бір қаламгер
творчествосы туралы нақты ой айту
дәрежесіне көте ріліп қалғанымен,
әдеби-тарихи тұр ғыда әдебиеттің
халықтығы мен тарихилығы жө нін-
дегі ғылыми дең гейге көтеріле алма-
ды. Ол үшін бел гілі уақыт та қажет
еді. Баспасөз бетіндегі пікірталаста
және халық әдебиеті туралы мақа-
лаларында Х. Досмұхамедов «бірың-
ғай ағым» теориясына бой ұрып:
«Ауыз әдебиеті жойылып барады.
Оны жаман-жақсы деп екіге бөлмей-
ақ бәрін де жинау керек» деген ба-
ғыт ұстады. Ал А. Байтұрсынов әде-
биетші-ғалым ретіндегі тұлғасын
айқындап берген, қазақ әдебиетінің
теориялық мәселелерін ғылыми тұр-
ғыда тексерген «Әдебиет таныт-
қыш» атты еңбегінде ауыз әдебиеті
үлгілерінің авторлары ұмтылып,
халық шығармасы, халық әдебиеті
болып кететінін тап басып дұрыс
бағалай келіп: «Жазу-сызу, өнер-ғы-
лымы жоқ анайы халықтарда жаз-
ба шығарма болмайды. Ондай ха-
лықтардың асыл сөздері анайы тілмен
айтылған ауыз шығармалар болады.
Сондықтан ондай асыл сөздер ауыз
әдебиет, яки анайы әдебиет деп ата-
лады», деп фольклордың халық өмі-
ріндегі алатын орнын алғаш рет ғы-
лыми саралап берді [29, 116]. А. Бай-
тұрсынов әдеби мұраны айрықша ба-
ғалап, бірден-бір таза ғылыми көз-
қарастағы білімді әдебиетші екенін
танытты.
Ол әдеби мұраны жинау, зерт-
теу, пайдалану жұмыстарын қазақ
әдебиеттану ғылымының туа баста-
уына тығыз байланысты екенін сол
кездің өзінде аңғара білді. Фоль-
клорлық мұраны жинаудың ғы лыми-
практикалық мәнін түсіндіре келіп:
«бұл ғылымның жолында маман
болуға да адамға табиғи талант, ту-
мыстан берілген табиғаттың сыйы
керек. Кім көрінгенге тапсырған-
нан жұмыс болып шықпайды» деп
ғылыми-зерттеушілік бағытта нақты
ой айтады. Әдебиет саласында ма-
ман кадрлардың жетіспейтініне қа-
рамастан әдеби мұраны жинау мен
зерттеуді ғылыми түрде жүйелі жүр-
гізуді ұсынады. Сол сияқты халық
әдебиеті нұсқаларына түсіндірмелер
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
105
Достарыңызбен бөлісу: |