Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау,
ауызша сұрау, жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: баға – суммативті, жазбаша түрде/тестілеу, есептерді/кейстерді шығару
негізінде бағаланады (1,3,4 тәжірибелік дағдылар)
ҚО режимінде – суммативті, жиынтық баға электрондық журналға қойылады және жазбаша сұрау
әдісімен (жазбаша түрде) немесе dis.kaznmu (Moodle) немесе Google Classroom платформаларында
тест тапсырмалары форматында ӛткізіледі.
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар:
1. Асқазан сӛлінің қышқылдығы тӛмен болғанда HCl-дың массалық үлесі 8 % -дық сұйылтылған
тұз қышқылын қолданады. Осы ерітіндідегі HCl-дың және судың мольдік үлесін есептеңіз.
2. Молярлық концентрациясы және кӛлемі белгілі келесі ерітінділерде еріген зат массасы (г)
қандай: а) 200 мл 0,3 М глюкоза ерітіндісінде; б) 400 мл 0,15 н NaCl ерітіндісінде.
3. HCl массалық үлесі 38%-ға тең ерітіндідегі тұз қышқылының молярлық концентрациясын
есептеңіз (ρ = 1,19 г/мл).
4. Глюкозаның 5%-дық ерітіндісі (М(С
6
Н
12
О
6
)=180 г/моль) ағзада сұйықтықтың орнын толтыруға
және жеңіл сіңетін кӛмірсу ретінде қолданылады. Глюкозаның массалық үлесі 5%-ға тең
ерітіндідегі молярлық және моляльдік концентрациясын есептеңіз (ρ
ер-ді
=1,02 г/мл).
5. Этанолдың массалық үлесі 47%-ға тең сулы ерітіндісінің молярлығын, моляльдігін есептеңіз.
Ерітінді тығыздығы 0,92 г/мл. Берілген ерітіндідегі спирт пен судың молярлық үлестері нешеге
тең?
7. Құрамында 1,34 г еріген зат бар дезоксирибозаның 0,1 л мл сулы ерітіндісінің осмостық
қысымын 37
о
С температурада есептеңіз. Бұл ерітінді осмостық қысымы келесі ерітінділермен : а)
780 кПа (қан, жоғарғы шегі); б) 730 кПа (қан, тӛменгі шегі); в) 258 кПа. салыстырғанда қандай
болады (гипо-, гипер-, изотондық)?
8. 65
о
С-та 45,05 г суда 34,23 г қантты құрайтын ерітіндінің бетіндегі еріткіштің бу қысымын
есептеңіз, егер берілген температурада су буының қысымы 2,5∙10
4
Па-ға тең болса.
9. Қан плазмасы -0,59
о
С кезінде қата бастайды. 37
о
С температурада плазманың осмоляльдігін
және осмостық қысымын есептеңіз. (Тығыздықты 1 г/мл деп есептеңіз).
10. Массалық үлесі 0,9% натрий хлориді ерітіндісі қан плазмасына изотонды. Осы ерітіндінің
тығыздығы 1,005 г/мл. Ерітіндідегі натрий хлоридінің изотондық коэффициентін және
диссоциациялану дәрежесін есептеңіз. Қанның осмостық қысымын 745 кПа тең деп есептеңіз.
11. Қан плазмасының осмостық қысымы қалыпты жағдайда 740–780 кПа құрайды. 310 К
температурадағы қан плазмасының осмомолярлығын есептеңіз.
13. *Молярлық концентрациясы бірдей екі ерітінді бар – несепнәрдің және кальций хлоридінің.
Температура бірдей болған жағдайда осы екі ерітіндінің қайсысында осмостық қысым жоғары
болады? Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.
14. Мұз –5
о
С-та ері үшін оның әрбір килограмына қосу үшін қажет болатын натрий хлоридінің
массасын есептеңіз. Бұл ерітіндідегі тұздың диссоциациялану дәрежесі 90% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |