Дәріс 7
Химиялық кинетика. Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары.
1.Химиялық кинетика
2. Химиялық реакциялар жылдамдықтырына әсер ететін факторлар
Химиялық айналымдардың жылдамдығы мен механизмін зерттейтін химияның ерекше бөлімі химиялық кинетика деп аталады.
Химиялық кинетика реакциялардың жылдамдықтарын зерттеп, заттың реакцияға бейімділігі мен құрылысының арасындағы тәуелділікті анықтайды.
Химиялық кинетиканың негізгі түсінігі — реакция жылдамдығы.
Химиялық реакциялар гомогендік және гетерогендік болып екі топқа бөлінеді. Гомогендік деп әрекеттесуші және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болатын химиялық реакцияларды атайды (газ, еретінді). Бұл жағдайда реакция реагенттермен толтырылған ыдыстың барлық көлемінде жүреді. Мысалы,
2NO2 +O2=2NO
Гетерогендік деп, реакцияға қатысатын заттар әртүрлі агрегаттық күйде болатын реакцияларды атайды, мысалы:
FeO+CO=Fe+CO2
Химиялық реакциялардың жылдамдығы деп көлем өзгермеген жағдайда реакцияға қатысатын заттардың бірінің концентрациясының белгілі бір уақытта өзгеруін атайды (гомогенді жүйелер үшін).
Жылдамдықты анықтау үшін уақыт бірілгенде әрекеттесетін заттардың біреуінің құрамының өзгеруін білу жеткілікті, себебі қалған заттардың құрамын реакция теңдеуі арқылы таңдауға болады.
Концентрация деп зат құрамының көлем бірлігіндегі мөлшерін айтады. Молярлық концентрацияны моль/литр, ал уақытты секунд немесе минутпен өрнектейді.
Мысалы: уақыт аралығында реакцияға қатысатын заттардың біреуінің концентрациясы азаяды, онда сол уақыт аралығындағы орташа жылдамдығы мынаған тең:
Егер біз реакция бөлімінің біреуінің конценрациясының өзгерісін анықтасақ, онда қатынасының мәні өседі:
Реакция жылдамдығы әр уақытты оң мәнді болады. Сондықтан былай жазылады:
Уақыт өзгеруі ( ) мен концентрация өзгеруі ( ) неғұрлым кішкене болса, соғұрлым ( ) қатынасы реакцияның нақты жылдамдығына жақындайды. 1-суретте реакция процесінде уақыт өткен сайын бастапқы зат концентрациясы өзгеруінде (кемігенде) реакция жылдамдығының баяулайтындығы графикалық түрде көрсетілген:
1-сурет. Реакция кезінде уақыт өткен сайын бастапқы зат концентрациясының өзгеруі.
Химиялық реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына, концентрацияға, температураға, катализатордың қатысуна тәуелді. Қатты заттардың қатысуы арқылы жүретін реакцияларды реакция жылдамдығы, сондай-ақ ұнтақтау дәрежесіне байланысты, ал реакцияға газ тәрізді заттар қатысса, жылдамдыққа қысым әсер етеді. Осының маңыздыларын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |