Ерітінді буының қысымы. Сұйықтықпен тепе-тендік бу қаныққан еп аталады. Р сұйық зат үшін белгілі қаныққан бу қысымы бар. Ол температураға байанысты. Температура өскен сайын қаныққан бу қысымы да өседі. Қаныққан бу қысымы атмосфералық қысыммен теңескен температурада сұйық қайнайды. Сұйықтықта бір затты еріткен кезде қаныққан бу қысымы таза еріткіштікіне қарағанда төмендейді.
Таза еріткіштің бу қысымы (p0) мен ерітнді бу қысымының (р) айырмасы (p0-р) еріткіш бу қысымының төмендеуі деп аталады. Еріткіш бу қысымы төмендеуінің (p0-р) таза еріткіш бу қысымына (p0) қатынасын еріткіштің қаныққан бу қысымының ерітіндідегі салыстырмаы төмендеуі деп айтады (p0-р/p0). Француз химигі Рауль сұйытылған ерітінді үшін мынадай зат ашты (Раульдің бірінші заңы).
Еріткіштің қаныққан бу қысымының ерітінді бетіндегі салыстырмалы төмендеуі еріген заттың молярлық үлесіне тең:
Криоскопия және эбулоскопия. Ерітінділердің қайнау және қату температуралары олардың бетіндегі бу қысымына байланысты. Ерітіндінің бу қысымы таза еріткіштікінен кем болғандықтан оның қайнау температурасы еріткіштікіне қарағанда жоғары болады (17-сурет).
Е рітнді мен таза еріткіш қайнау температураларының айырмасы қайнау температурасының жоғарылауы (Δt1) деп аталады.
Сұйықтың бу қысымы оның қатты фазасының бу қысымына тең болған кезде сұйықтық қатады. Ерітіндінің қату температурасының таза судікінен төмен екені 17-суреттен көрініп тұр. Ерітнді мен таза еріткіштің қату температурасының кемуі деп аталады.
Ерітінділердің осындай қасиеттерін зерттеп Рауль мынадай қорытындыға келді:
Раульдің екінші заңы Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы мен қату температурасының кемуі еріген заттың концентрациясына пропорционал.
Ол заң математикалық түрде былай жазылады:
Δt=KC ; Δt=EC
/ E- Ебулио – қайнау, К – криоскопиялық (суық)/ Е, К ерітінді с=1 болғанда, t – қату және t – қайнау температурасының өзгерісін көрсетеді.Мұнда, Δt -қату және t – қайнау температурасының кемуі.
Ерітінділердің қату температурасын өлшеуді криоскопия, ал қайнау температурасын өлшеуді эбулиоскопия дейді. Бұл әдістер пен еріген заттың мольдік массасын оңай есептеуге болады. Ол үшін (V.10),(V.11) теңдеулердегі С-ның орнына g /М мәнін қойсақ болады (C=g /М). Сонда жоғарыдағы теңдеулер ( V .10), ( V.11) былай жазылады:
Δt = K (V. 12)
Δ (V.13)
Мұнда , g -1000 г еріткіште еріген зат мөлшері; М-молекулалық масса. Бұл теңдеулерден:
M= (V.14)
M= (V.15)
Бұдан мольдік масса анықтау үшін тек қату температурасының кемуін (Δt ) немесе қайнау температурасының жоғарылауын (Δt) анықтаса болғаны. Көбінесе, ыңғайлысы Δt -ны анықтау.
Бақылау сұрақтары
1. Ертінділердің қасиеттері
2.Электролиттің ертінділері
3.Электролиттік диссоциацияның теориясы
Негізгі және қосымша әдебиет
Негізгі әдебиет
1. Ахметов Н.С. «Жалпы және бейорганикалық химия». Баспа «Жоғары мектеп». М. 2005 г.
2. Глинка Н.Л. «Жалпы химия» - И. Интеграл-пресс. 2003.
3. Некрасов Б.В. «Жалпы химияның негіздері» т.1,2,3. Химия –М 1976 г.
4. Н.Н. Нурахметов, М.Б. Муратбеков, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы, «Қазақуниверситеті», 2009 ж.
5. Н.Н. Нурахметов, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы 2011 ж.
Бiрiмжанов Б., Нұрақметов Н. Жалпы химия. Алматы. Ана тiлi. 1992.
Ақанбаев Қ. Химия негiздерi. Алматы.: Мектеп. 1987.
Бегалиева Ж., Самыратов С., Қолұшпаева А. Химия курсы. Алматы.: ҚазКҚА. 2002, 292 б.
Қосымша әдебиет
2. Кусепова Л.А., Кусепов А.К. «Практикум по общей химии», ЕНУ 2003
3. Нурпейсова Д.Т. Лабораторный практикум по общей химии, Астана 2000 г.
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
|
Күні: _______ 2011 ж.
|
Басылым: бірінші
|
Дәріс
|
ЕҰУ
|
5-бет
|
Достарыңызбен бөлісу: |