«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата27.04.2024
өлшемі15.98 Kb.
#499974
11 класс


«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Альдегидтердің тривиалды атауы өздері тотыққанда түзілетін карбон қышқылдарының атауымен сәйкес келеді. Май альдегидінің IUPAC номенклатурасы бойынша атауы мен формуласын көрсетіңіз.
1) С3Н7СОН 2) Этаналь 3) Пропаналь 4) С2Н5СОН 5) Бутаналь 6) СН3СОН
A. 1және 3 B. 2 және 4 C. 1 және 5 D. 5 және 6
2. Альдегидтердегі функционалдық топ атауы мен формуласын көрсетіңіз.
A. Карбоксил,-ОН- B. Карбонил,- СО C. Гидроксил, -СООН D. Карбонил,- СОН
3. CH3CH2CH2CH(CH3)COOH осы затты IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз.
A. 2-метилпетан қышқылы
B. Изогексан қышқылы
C. 1-метилпентан қышқылы
D. Валериан қышқылы
4. Бензол ароматты көмірсутектердің қарапайым өкілі.
Не себептен бензолға қосып алу реакциясы тән емес?

5. Бензол мен оның гомологтарының химиялық қасиетін көрсететін кестеде реагенттер мен өнімдер арасындағы сәйкестікті орындаңыз.



Реагент

Өнім

C2H5COH + [Ag(NH3)2]NO3

CH3CHOHCH3

CH3COCH3 + H2

C3H7OH

C2H5COH+H2

C2H5COOH

CH3COH

CH3COOH

6. Бензол қосып алу реакциясына қарағанда орынбасу реакциясына жақсы түседі. Оның себебі делокализацияланған электрондар тығыздығы біркелкі таралғандықтан жалпы молекулада еселі байланыс болмайды. Бензолдың орынбасу реакциясының бірі нитрлеу реакциясы, күкірт және азот қышқылдарының қоспасы қатысында жүреді.
(a) Бензолды нитрлеу реакциясы қандай механизммен жүреді?

(b) Бензолды нитрлеуде электрофиль қалай түзіледі? Реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз.

(c) Бензолды нитрлеу реакциясының механизмін жазыңыз.

7. Арендер — молекулаларының құрамында бензол сақинасы (бензол ядросы) бар жалпы формуласы СnН2n -6 болатын көмірсутектер. Олардың қарапайым өкілдерінің бірі - бензол , екіншісі -толуол (С7Н8).


(a) Бензол молекуласы әдетте тотықпайды. Ал толуол молекуласы оңай тотыға алады.
(і) Толуол молекуласы неліктен оңай тотығады?

(ii)Толуолдың тотығу реакция теңдеуін құрыңыз

(b) Бензол және толуол молекулалары орынбасу реакцияларына түседі. Соған қарамастан толуол молекуласындағы орынбасу реакцияларының ерекшелігі бар?
(і) Ол қандай ерекшелік?

(іі) Толуол молекуласының концентрлі күкірт қышқылы қатысында азот қышқылымен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз.

8. Cірке қышқылы тұрмыста кеңінен қолданылатын карбон қышқылдарының бірі.
Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері минералды қышқылдары тәрізді.
(а) Сірке қышқылының магний металымен реакция теңдеуін құрыңыз

(б) Тұрмыста тәтті тағам даярлау барысында ас содасын сірке қышқылымен сөндіріп жатады. Ас содасын (NaHCO3) сірке қышқылымен сөндіру реакция теңдеуін құрыңыз

9. Күрделі эфирлерді карбон қышқылдары мен спирттерді әрекеттестіру арқылы алады. Бұл этерификация реакциясы концентрлі күкірт қышқылы қатысында жүреді.
(а) Cірке қышқылы мен этил спирті әрекеттесу реакция теңдеуін құрыңыз.

(б) Осы этерификация реакциясының механизмін сипаттайтын сатыларын жазыңыз



10. Адам өмірі үшін майлар маңызды органикалық қосылыстар. Майлар үш атомды спирт глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлері.
(a) Майлар құрамындағы карбон қышқылдарының құрылымына байланысты сұйық және қатты май болып бөлінеді.
Сұйық майдың құрамында ____________________________________________ карбон қышқылдары, ал қатты майдың құрамында _________________________________________ карбон қышқылдары болады.
(b) Қатты майлардың маңызы өнеркәсіпте сабын алу үшін қажет. Тристеараттың «сабындану реакциясын» жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет