Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар
(оқу-әдістемелік нұсқау)
Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна
Ақтөбе қаласы,
Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
химия және биология пәндерінің оқытушысы
«Республикалық 45 minut.kz» басылымында қарастырылып, баспаға ұсынылды
Пікір жазған: «Республикалық 45 minut.kz» газетінің редакторы: І.Б.Нагиев
Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна– химия және биология пәндерінің оқытушысы
Ұсынылып отырған жинақта колледж оқытушысының
шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі химия пәнінен практикалық жұмыстар келтірілген. Оқытушының шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты химия пәні мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Бұл оқу құралында химиядан сабақ беретін мұғалімдерге қажетті практикалық жұмыстар іріктеліп алынған. Практикалық жұмыстар белгілі бір тарау немесе оның бір бөлігі өтілгеннен кейін химиялық тәжірибелерді оқушылардың өздігінен орындауы үшін арнайы бөлінген сабақ. Практикалық жұмыстарда оқушылардың алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдылары қалыптасады. Химияны оқытуда әртүрлі оқу эксперименттер кеңінен пайдаланылады. Егер сабақта қажетті тәжірибелер жасалмаса және бағдарламада көрсетілген міндетті практикалық жұмыстар жүргізілмесе, онда ең жақсы деген тақырыптың өзі де қанағаттанарлық деп есептелмейді.
Химия сабақтарының мақсаты химиялық теорияларды, заңдарды бағдарламада көрсетілген іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болып саналады. Ал практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағының маңызды бөлігіне ұсынылған жұмысты орындау үлгісін мұғалімнің оқушыларға өзі көрсетуі немесе белгілі нұсқауға сәйкес өздерінің орындауы жатады.
Сонымен практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтарына:
-
Жұмыстың мақсатын анықтау және техникасын қауіпсіздінін белгілеу.
-
Жұмысты орындау тәсілдерін жоспарлау.
-
Жұмысты орындаудың үлгісін көрсету не нұсқау беру.
-
Орындалған жұмысты талдау не жүйелеп жазу, қорытындылау.
-
Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
-
Өзіндік жұмыс жаттығуларын орындау.
-
Үйге тапсырма беру сияқты кезеңдерден тұрады.
Сабақта мұғалім дидактикалық мақсаттарды шешеді.
Оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйретеді – химиялық сынақ-тәжірибе кезінде іскерліктер қалыптастырылады. Мұндай сабақтар міндетті түрде химия кабинетінде өтеді, оны зертханалық жұмыс деп атауға болады. Әдістемеге бұлай атауды алғаш ендірген әдіскер В. Н. Верховский. Ол былай деп жазды: «зертханалық сабақ химияны оқытудың негізгі формасы деп есептейміз».
Практикалық сабақтарда (зертханалық сабақ) шамамен осындай жоспармен өткізуге болады:
-
Кіріспе бөлімі (сабақтың мақсаты, өтілетін жұмыстың мазмұны бойынша техника қауіпсіздігін әңгімелеу)
-
Негізгі бөлімі – өз беттерінше практикалық жұмыстарды оқулық немесе арнаулы нұсқау бойынша оқушылардан тақтаға не дәптерлеріне не карточка жазу ескеріледі. Жұмысты орындау барысында оқушылар химиялық жұмысты байқайды және оны суреттеп жазады, реакцияда пайдаланған аспапты салады, реакция теңдеуін құрастырып, формуласын реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізеді, қорытынды жасайды.
-
Қорытынды. Сабақтың соңында орындалған жұмыстың қорытындысын шығарып мұғалім тақтаға кейбір оқушылардың практикалық жұмысының нәтижесіне баға қояды. Оқушыларға орындалған практикалық жұмыстың жазба есебін жаздырады.
Дұрыс ұйымдастырылған практикалық сабақ оқушылардың:
-
маңызды химиялық құбылыстар мен реакциялардың сипаты туралы білімін нақтылауларына, олардың мәнін терең түсінулеріне;
-
химиялық құбылыстарды бақылап, заттарды қасиеттеріне қарай ажырата білулеріне;
-
химия зертханасында жқмыс істеудің әдістерімен және қарапайым химиялық әрекеттермен танысып, оларды игерулеріне;
-
химиялық заттар және химиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыруларына;
-
еңбек ету икемділіктерін жетілдірулеріне зор ықпал етеді.
Практикалық сабақ барысында, негізінен оқушылардың мынадай іскерліктер мен икемділіктерді меңгеруі көзделеді:
-
химиялық ыдыстармен (пробирка, қолба, шыны ыдыстар, кәрден табақша, т.б.) , зертханалық құрал-жабдықтармен (жылытқыш құралдар, штативтер, т.б.) , химиялық реактивтер-қышұылдар, сілтілер, тұздар және олардың ерітінділерімен жұмыс істей білу;
-
дайын бөлшектерден құралдар құрастыру (газ жинайтын, т.б.) және оның нығыз жабылғандығын тексеру;
-
цилиндрмен сұйық заттардың көлемін анықтау және таразы арқылы зат салмағын өлшеу;
-
химиялық іс-әрекеттер жасау (сұйық және қатты заттарды еріту, газдарды ерітіп сіңіру, заттарды қыздыру, сүзу, буландыру, фйдау, сұйықтарды айдау, ауаны және суды ығыстыру арқылы газ жинау, тұнбаны сүзгіде жуу және т.б.);
-
оқылған заттарды физикалық, химиялық қасиеттеріне және әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктеріне қарай (оттегі, сутегі, көмірқышқыл газы, қышқылдар, негіздер, хлорид, иодид, бромид, аммоний, натрий, калий, кальций, барий, алюминий, темір – екі және үш валентті, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер, белоктар, кқп тараған пластмассалар мен химиялық талшықтар және т.б.) ажырата білу;
-
тізбектегі химиялық өзгерістерді жүзеге асыру нәтижесінде жаңа заттарды алу;
-
тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазу және байқалған құбылыстардан қорытынды шығара білу.
Практикалық икемділіктерді қалыптастыру кезінде төмендегі жағдайларды ескерген жөн:
А) оқушыларға күрделі тәжірибелерді түсіндіре отырып көрсету;
Ә) әр түрлі жұмыс әдістерін қолданатын жаттығуларды жиі жасату;
Б) оқушылардың барлық әдістерді дұрыс қолданып жұмыс істеуін үнемі қадағалап отыру.
Практикалық жұмысты бағалау химия бағдарламасында көрсетілген нұсқаулар бойынша, сондай-ақ оқушылардың жұмыс істеу икемділіктерін бақылау нәтижесінде жүргізіледі.
Жұмысты бағалаған кезде:
-
қауіпсіздік ережесін сақтай білетіндігі;
-
тәжірибені дұрыс жүргізгендігі;
-
реакция теңдеуінің дұрыс жазылуы;
-
реактивтер мен зертханалық құрал-жабдықтарды орынды қолдана білуі, жеке тәжірибелердә орындау икемділігі;
-
жұмыс барысындағы ұқыптылығы мен ұйымдастыра білу іскерлігі;
-
жұмыстың қорытындысын дұрыс жаза білу қабілеті ескеріледі.
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары
Химиялық лаборотория – қауіптілігі жоғары орын. Химиялық эксперименттерді жасаған кезде, жараланбас үшін бұрыннан келе жатқан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.
-
Реактивтерді пайдаланғанда, олардың негізгі қасиеттерін міндетті түрде білу керек: улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш қоспалар түзу қабілеттілігі, жанғыштық қабілеті.
-
Улы заттармен, өткір иісті заттармен, қышқылдар мен сілтілердің концентрациялы ерітінділерімен, сілтілік металдармен жұмысты тартпа шкафта істеу керек.
-
Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/5-1/4 биіктікке көтеріп қою керек. Жұмысты аяқтаған соң, терезені мықтап жабу керек.
-
Бөлінген газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдардың иісін сынауды абайлап жүргізу керек: сынауықтың аузын мұрын деңгейінен төмен, мқрынға ауаның әлсіз ағыны баратындай етіп бағыттау керек.
-
Сынаптың буы өте улы. Сондықтан төгілгенсынапты шаңсорғышпен немесе амальгамаланған таяқшамен мұқият жинап алу керек және оқытушыға сынап төгілгенін міндетті түрде айту керек.
-
Сутек, жарықтанғыш газ, бензин, эфир сияқты және т.б. оталу қауіптілігіжоғары заттарды оттан алшақта сақтау керек.
-
Реактивтерді құйған кезде ыдысқа еңкеюге болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін.
-
Қыздырылып жатқан сұйықтығы бар ыдысқа қарай еңкеймеу керек, өйткені ол ыдыстан шашырауы мүмкін.
-
Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға қаратуға болмайды.
-
Ыстық сұйықтығы бар химиялық стақанды тасымалдағанда түбіне орамал салып, екі қолмен ұстау керек.
-
Күкірт қышқылының концентрациялы ерітінділерін сұйылтқанда оны абайлап, баяу ағынмен суға құяды. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген абзал.
-
Қатты негіздерді судың алдын ала өлшеніп қойылған көлемін біртіндеп құю арқылы ерітеді. Күйдіргіш натрийдің немесе калийдің қатты кесектерін таза шүберекке орап үгітеді.
-
Концентрациялы азот қышқылы кейбір органикалық заттарға (скипидар, эфир майлары, майланған қағаз, шүберек, ағаш жаңұасы және т.б.) әсер еткенде ұшқынданатынын есте ұстаған жөн.
-
Газ жанарғыларымен жұмыс істегенде өте абай болу керек. Лабораториядан кетерде газ шамдарының крандарын тексерген жөн.
-
Лас қышқыл және сілті ерітінділерін су құбырларына құюға болмайды. Лабораторияда бұларды құюға арналған арнайы ыдыстар болуы қажет.
-
Жанғыш сұйықтықтар немесе басқа заттар тұтанып кеткен жағдайда жанарғыны тез сөндіріп, электрқыздырғыш аспаптарды өшіріп, отқа қауіпті (жанғыш) заттарды орнында қалдырып, отты сөндіруге мынадай шараларды қолдану керек: а) жанып жатқан сұйықтықты асбест немесе кәдімгі одеялмен жауып қояды немесе құммен көмеді; ә) жанған фосфорды дымқыл құммен немесе сумен сөндіру керек.
-
Киім жанған жағдайда адамды сыртынан одеялмен немесе пальтомен және т.б. орау керек. Ешқандай жағдайда қашуға болмайды.
-
Егер электрөткізгіштері жанса, ажыратқышты өшіріп, қолдағы бар затпен (құм, су, асбест көрпесі, өртсөндіргіш) өртті сөндіру керек.
-
Белгілі заттардың (соның ішінде ас тұзының, қанттың) да дәмін татып көруге болмайды. Техникалық мақсатөа арналғандықтан олардың құрамында адамға қауіпті қоспалар болуы мүмкін
-
Егер сендер шыны ыдыста бір затты қыздырсаңдар, аспапты дайындау үшін түтікті майыстырсаңдар, жалаң қолмен шыныны ұстамаңдар: ыстық шышыны сыртқы түріне қарап суық шыныдан ажыратуға болмайды.
-
Лабораториядан кетерде газды, жарықты және суды өшіріңдер.
Алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелері
-
Күйген кезде (жанарғы жалынымен немесе жанарғы заттармен) күйген жерді калий перманганатының концентрациялы ерітіндісімен дымқылдау керек немесе калий пермаганатының түйірлерімен тері қоңырқай болғанша сүрту керек немесе күюге қарсы ерітіндімен ылғалданған (дәрі салынған қорапшадағы) мақтамен сүрту керек.
-
Қатты күйген кезде тез арада дәрігерге қаралу керек.
-
Күкіртсутекпен, хлормен, бром буымен, көміртек(II) оксидімен уланғанда, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, дәрігерді шақыру керек.
-
Егер теріге концентрациялы қышқыл немесе сілті ерітіндісі тисе, жараланған жерді лезде судың көп мөлшерімен жуу керек. Қышқылмен күйген жағдайда 5%-тік сода ерітіндісімен немесе аммиактың сұйылтылған ерітіндісімен өңдеу керек; сілтімен күйгенде 2%-тік сұйылтылған сірке қышқылының ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін терінің зардап шеккен бөлігінің дағы кеткенше сумен жуу керек.
-
Ыстық аппаратураға жанасып кетіп күйгенде терінің күйген жерін 2%-тік калий пеманганаты немесе 3%-тік танаин ерітіндісі сіңірілген матамен жабу керек.
-
Қолды шынымен кесіп алғанда, ең алдымен, жарадан шыны сынықтарын алып, қанды 2%-тік калий перманганатының ерітіндісімен немесе спиртпен жуып, жараға иод тұндырмасын жағып, бинтпен орау керек. Қажетті медикаменттер лабораториялық дәрі салынатын қорапшада үнемі болуы қажет.
1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың жалпы металл қосылыстары жөніндегі алған білімдерін қорытындылап, тұжырымдап, бұрын қалыптасқан икемділіктерін іс жүзінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: әр оқушының жұмыс орнында спиртшам, ерітінділер – күкірт қышқылы, натрий гидроксиді, калий ферро (III) гексацианиді, алюминий хлориді, болу керек.
Беріліп отырған эксперименттік есептердің мазмұны бойынша бұл жұмыс оқушылардың «Металдар» тарауында алған білімдерін қорытындылауға бағытталған. Дегенмен де келтірілген есептерді шығару үшін оқушылар бұрын қалыптасқан икемділіктері мен білімдерін жаңа байланыста пайдаланады. Осы жайлы ескере отырып, мұғалім оқушыларды сабақ барысымен таныстырып, эксперименттік есептерді шығару тарапынан тиісті нұсқаулар береді.
№1,2 есептерде иондардың сапалық реакциясы негізінде берілген заттарды ажырата білу икемділігі дамытылады.
№3,5 есептерде оқушылардың берілген затты химиялық жолмен алып қана қоймай, оның қасиеттерін дәлелдейтін тәжірибелер жасау икемділіктері тексеріледі.
№6 есепті шығарғанда оқушылар өз ойларын химиялық тәжірибелердің көмегімен дәлелдейді.
№7 есеп оқушының теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуін, яғни берілген сызбанұсқадағы өзгерістерді жүзеге асыру икемділігін тексеруге арналған.
Қорыта айтқанда мұғалім сабақ барысында оқушылардың төмендегідей біліктерді игеруін тексереді.
№
|
Тексерілетін икемділіктер
|
1.
2.
3.
|
Заттарды ажырата білу
-
Металл иондарын жалынның түсінің боялуы бойынша ажырату
-
Металл иондарын сапалық реакция бойынша ажырату
-
Ерітінділердегі қоспаны ажырату
-
Металл тұздарының сапалық құрамын анықтау
Берілген затты химиялық жолмен алу
-
Алюминий (III) сульфатын алу.
-
Темір (II) сульфатын алу
Химиялық реакциялардың теңдеуін жазу
-
Молекулалық теңдеуін жазу
-
Толық иондық теңдеуін жазу
-
Қысқарған иондық теңдеуін жазу
|
Металдар тақырыбы бойынша есептерді шешу тапсырмалары:
1-есеп. Индикаторды қолданып, мырыш сульфаты натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.
2-есеп. Мырыштан мырыш гидроксидін алыңдар.
3-есеп. Темірден темір (III) гидроксидін алыңдар.
4-есеп. Сендерге берілген тұз натрий карбонаты екенін дәлелдеңдер.
5-есеп. Сендерге берілген тұз натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер.
6-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (III) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін аныұтаңдар.
7-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір(III) сульфаты, натрий сульфаты, мырыш сульфаты бар екенін анықтаңдар.
11-есеп. Сендерге берілген судың карбонатты кермектігін жойыңдар.
12-есеп. Сендерге берілген кермек суда кальций сульфатының бар екенін дәлелдеңдер.
13-есеп. Берілген темір (II) сульфатының ерітіндісінде темір (III) сульфатының қоспасы бар екенін дәлелдеңдер.
14-есеп. Сендерге берілген натрий гидроксиді ерітіндісі ашық банкіде сақталғанда біртіндеп натрий карбонатына айналатынын дәлелдеңдер.
15-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, магний хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңдар.
16-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында темір (II) сульфаты, калий гидроксиді, магний сульфаты бар екенін анықтаңдар.
2-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Аммиак алу және онымен тәжірибе жасау. Аммиактың судағы ерітіндісінің қасиеттерімен таныстыру»
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың аммиакты алу арқылы газдармен жұмыс істеу икемділігін қалыптастыру және газдардың физикалық химиялық қасиеттерімен іс жүзінде танысуын қамтамасыз ету.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: әр оқушының жұмыс орнында аммиакты алатын құралды құрастыруға қажетті бөлшектер болу қажет: металл штатив, екі үлкен пробирка, спиртшам, кәрден табақша, шыны таяқша, сынауықтар, суы бар табақ (кристаллизатор); реактивтер: мырыш хлориді, кальций гидроксиді, концентрациялы күкірт қышқылы, сұйылтылған күкірт қышқылы, алюминий хлориді, фенолфталеин ерітіндісі.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың бұрын қалыптасқан икемділіктерді дұрыс орындауына көңіл бөлген жөн. Олар: химиялық ыдыстармен және зертханалық құралдармен дұрыс жұмыс істей білу, химиялық реактивтерді пайдалану, олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтау, газ тәрізді заттарды физикалық қасиеттері бойынша ажырату. Ал, сонымен қатар оқушылардың жұмысты орындағаны жөніндегі қорытындыларын тексеріп, баға қойғанда төмендегі икемділіктердің қалай орындалғанын ескеру қажет:
-
Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдердің агрегаттық күйін ескере отырып бастапқы заттар салынған сынауықты штативке бекіту;
-
Аммиак жинайтын сынауықты орналастырғанда газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығын ескеру;
-
Аммиакты физикалық қасиеттері арқылы ажырату;
-
Аммиакты суда еріту;
-
Аммоний ионын ажырата білу;
-
Жүргізген химиялық реакциялардың теңдеуін жазу; а) молекулалық, ә) иондық
Аммиактың алынуы, аммиактың сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу жұмысының тапсырмалары:
1-тәжірибе. Аммиактың алынуы және оның суда еруі.
Қағазға немесе шыны ыдысқа 1 қасық кальций гидроксидін және 2 қасық құрғақ аммоний хлоридін салып араластырыңдар. Алынған қоспаны тұрғыға бекітілген құрғақ сынауыққа салыңдар және сынауықты газөткізгіш түтігі бар тығынмен жауып, жанарғымен қыздырыңдар.
Түзілген газды төңкерілген сынауыққа жинаңдар. Жиналған аммиакты өзіне тән өткір иісінен оңай білуге болады. Аммиак жиналған сынауықты газөткізгіш түтіктен абайлап, төмен қаратып босатады. Тез арада сынауықтың аузын бас бармақпен жауып, суы бар ыдысқа төңкеріп салу керек. Судың тез, жоғары көтерілетініне назар аударыңдар.
Судың астында сынауықтың аузын саусақпен жауып, кірген суымен бірге шығарып алып, фенолфталеинмен сынаңдар.
Неге тәжірибені жүргізгенде барлық ыдыстар құрғақ болуы керек?
2-тәжірибе. Аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.
-
Аммоний хлоридін айдау. Сынауыққа құрғақ аммоний хлоридінің аз мөлшерін салыңдар. Сынауықтың шетіне дымқыл фенолфталеин қағазын қойыңдар. Аммоний хлоридін тездетіп қыздырыңдар. Фенолфталеиннің түсінің өзгеріп, қайтадан оның жойылуына назар аударыңдар.
Сынауық ұабырғасында пайда болған ақ дақ бар ма және сынауық түбінде салынған тұз қалды ма? Қараңдар.
Неге басында фенолфталеиннің түсі өзгеріп, одан кейін жоғалды? Сынауық қабырғасындағы ақ даұтың құрамы қандай? Сынауық түбіндегі тұз неге жоғалды?
Сынауықта химиялық реакция жүрді ме? Егер жүрсе, реакция теңдеуін жазыңдар. Аммоний хлоридін және йодидін айдаудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
-
Аммоний карбонатының термиялық айырылуы.
Сынауыққа құрғақ аммоний карбонатының аз мөлшерін салып, жанарғы жалынында 2-3 минут сынауықтағы тұздың барлығы жоғалғанша қыздырыңдар.
Тұз неге жоқ болады? Жүрген реакцияның өнімі қандай? Оның теңдеуін жазыңдар.
-
Аммоний тұздарының гидролизі. Көк лакмус қағазына аммоний хлоридіерітіндісінің тамшысын тамызыңдар. Ерітіндінің реакциясы қандай? Неге? Жауаптарыңды реакция теңдеуімен түсіндіріңдер.
3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сапалық реакцияның көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі хлорид ионын, сульфат ионын, нитрат ионын, фосфат ионын, карбонат ионын, аммоний ионын анықтау, басқа пәндерден (физика, математика) оқығанда алған өлшеу, есептеу дағдыларын дамыту, ерітінділермен жұмыс істеу, іскерліктерін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: калий хлориді, кальций хлориді, барий хлориді, натрий хлориді, күміс нитраты, азот қышқылы, күкірт қышқылы, мыс, фосфор қышқылы, натрий карбонаты, аммоний сульфаты, лакмус қағазы, сынауықтар, шыны таяқша, штатив, спиртшам.
Сабақты оқушыларға төмендегідей сұрақтар қою арқылы қорытындылауға болады:
1 ) Ион алмасу реакциясы дегеніміз не?
2) Ион алмасу реакциясы қай уақытта соңына дейін жүреді?
3) Сапалық реакция дегеніміз не?
4) Тотығу-тотықсыздану реакциясы.
5) Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш дегеніміз не?
Мұғалім оқушыларда төмендегі икемділіктердің қалыптасуын қадағалайды:
-
Сапалық реакция көмегімен иондарды анықтай білу, дағдыларын қалыптастыру.
-
Ион алмасу реакциясын сауатты жаза білуге үйрету.
-
Толық иондық теңдеу және қысқартылған иондық теңдеулерді жазу біліктерін қалыптастыру.
-
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіре білу,
Сапалық реакция көмегімен иондарды анықтау жұмысының тапсырмалары
-
Хлорид-ионға сапалық реакция.
Төрт сынауыққа 5-7 тамшыдан мынадай: бірінші сынауыққа – кальций хлориді, екіншісіне – барий хлориді, үшіншісіне – калий хлориді, төртіншщісіне натрий хлориді ерітінділерін құйыңдар.
Әр сынауыққа 2 тамшыдан күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Барлық сынауықтағы нәтижелерді салыстырыңдар.
Ұқсастық байқала ма? Оны немен түсіндіруге болады? Барлық жүрген реакциялардың молекулалық және иондық түрде теңдеулерін жазыңдар. Барлық иондық теңдеулерді өзара салыстырыңдар.
Әр сынауыққа бір тамшы концентрациялы азот қышқылын қосыңдар. Өзгеріс байқала ма? Күміс хлоридінің қышқылдық ортадағы жай-күйі туралы не айтуға болады? Хлор анионына қандай ион реактив болатынына қорытынды жасаңдар.
-
Сульфат ионына сапалық реакция.
Бір сынауыққа сұйылтылған күкірт қышқылын, екіншісіне натрий сульфатын құйыңдар және әрқайсысына барий хлориді немесе нитраты ерітіндісін қосыңдар.
Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде теңдеуін жазыңдар.
-
Нитрат-ионына сапалық реакция.
Сынауыққа 0,5 грамм натрий ниратын (немесе басқа нитратты) салып, тқзды толығымен жабатындай етіп, концентрациялы күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар, содан кейін біраз мыс ұнтағын қосып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Сынауықтағы ерітінді неге көгереді? Реакция теңдеуін жазып, электронды баланс әдісімен коефициенттерін қойыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
-
Фосфат-ионға сапалық реакция.
Сынауыққа 1-2 мл ортофосфор қышқылының ерітіндісін құйып, осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
-
Карбонат-ионға сапалық реакция.
Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Түзілген тұнбаға 0,5 мл сұйылтылған азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
-
Аммоний ионына сапалық реакция.
Сынауыққа 5-7 тамшы аммоний сульфаты ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы концентрациялы сілті ерітіндісін қосыңдар. Дымқыл лакмус немесе фенолфталеин қағазын дайындаңдар. Сынауықтың қабырғасына тигізбей, шетіне индикатор қағазын ұстап тұрып, сынауықтағы қоспаны қыздырыңдар.
Индикатордың түсі өзгерді ме? Неге? Аммоний ионына қандай реакция сапалық реакция болып табылатыны туралы қорытынды жасаңдар.
1 мл еритін алюминий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалды? Содан кейін тағы да бірнеше тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Жүрген реакцияның теңдеуін жазыңдар. Аммоний тұздарын танып-білу туралы қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |