5-мысал. 15%(массасы бойынша) күкірт қышқылы (ρ =1,10г/мл) ерітіндісінің мольдік, молярлық,нормальдық концентрациясын есепте.
Шешуі Мольдік концентрацияны есептеу үшін,ең алдымен 1000г суға
сәйкес күкірт қышқылының массасын есептейміз:
85г су – 15г күкірт қышқылы
1000г су- х г
х=176,5 г
Мольдік концентрациясы :
М(H2SO4)= 98 г/моль
m=176,5г / 98г/моль= 1,80моль/ г
Нормальдық концентрациясы:
Э(H2SO4)=98г/моль / 2=49г/моль
1000мл күкірт қышқылының ерітіндісінің массасы:
mерт=1,10г/мл∙100мл=1100г
1100г – 100%
х – 15%
х=1100г∙15% / 100%= 165г
Формула бойынша:
СH=165г/ 49г/моль= 3,37Н
Пропорция бойынша :
1Н – 49г
х – 165г
х= 1Н∙165г / 49г= 3,37Н
1000мл күкірт қышқылының ерітіндісінің массасы:
mерт=1,10г/мл ∙ 1000мл=1100г
1100г – 100%
х - 15%
х = 1100г ∙ 15% / 100%= 165г
Формула бойынша :
СМ=165г / 98г/моль=1,68моль/ л
Пропорция бойынша:
1М – 98г
х– 165г
х =165г ·1М/ 98г = 1,68 М
6-мысал. Құрамында 150г су және 50г тұздан тұратын ерітіндідегі тұздың
массалық үлесін есепте.
Шешуі. 1 жолы формула бойынша:
W=mзат /mерт∙100%
mерт =mзат + mН2О= 50г+150г=200г
W=50г/200г∙100%=25%
2 жолы пропорция бойынша:
200г – 100%
50г – х%
х =50г∙100%/200г= 25%
7 – мысал. 500 мл 0,1М калий нитраты ерітіндісін дайындау үшін қанша
грамм калий нитраты керек.
Шешуі. М(KNO3) =101г/моль
Пропорция арқылы калий нитратының массасын есептейміз:
1М- 101г
0,1М – х
х =0,1М∙101г/ 1М=10,1г KNO3
Енді 500мл 0,1М ерітіндідегі еріген зат массасын келесі пропорция арқылы анықтаймыз:
1000мл – 10,1г
500мл – х
х= 500мл∙10,1г /1000мл =5,05 г KNO3
8- мысал. Көлемі 500мл 0,5Н ерітінді дайындау үшін 96%-тік(массасы бойынша) H2SO4 (ρ=1,84г/мл)ерітіндісінің қанша көлем қажет.
Шешуі. 500мл 0,5Н ерітіндідегі қышқыл массасы:
М(H2SO4)=98г/моль
Э(H2SO4) = 49 г/моль
1000мл – 49 г
500 мл – х
х =49г∙500мл /1000мл= 24,5г
1H – 24,5г(H2SO4)
0,5Н – хг
х= 0,5Н∙24,5г/1H= 12,25г H2SO4
Ерітінді массасын пропорция арқылы есептейміз:
Х – 100 %
12,25г – 96%
х =12,25г∙100%/96%= 12,8 г ерітінді
Көлемді формула арқылы анықтаймыз:
mерт=ρ∙v
v=mерт / ρ=12,8г / 1,84г/мл=7 мл
Достарыңызбен бөлісу: |