Химиялық тепе – теңдікке әсер ететін факторлар.
Ле-Шателье принципі.
Қайтымды реакциялар өзара қарама қарсы екі бағытта да (тура,кері) жүретін реакциялар.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болған жағдайда ТЕПЕ-ТЕҢДІК орнайды.
Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты Ле-Шателье принципімен анықталады.
Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдіккке әсер етуші факторлар:
1. Концентрация.
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың концентрациясы артқан кезде, тепе-теңдік оңға ығысады.
Ал керісінше, концентрациясы төмендесе тепе-теңдік солға ығысады.
2. Температура
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың температурасы артқан кезде, тепе - теңдік солға, ал төмендеген кезде, оңға ығысады.
3.Қысым (әрекеттесуші заттар газ болса)
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың қысымы артқан кезде тепе- теңдік аз көлем жаққа, ал төмендеген кезде көп көлем жаққа ығысады.
Мысалға, төмендегі аммиак алу реакциясында 4 моль( 4 көлем) реагент, 2 моль (2 көлем) өнім бар.
Сонда әрекеттесуші заттардың қысымын арттырсақ, тепе - теңдік оңға ығысады. Себебі, өнімде аз көлем.
4. Катализатор
Катализатор тепе-теңдікке әсер етпейді.
Және егер реакция эндотермиялық болса, яғни жылу сіңіре жүрсе,
Ле -Шателье принципі барлық факторлар үшін керісінше қолданылады.
Мысалға, экзотермиялық реакцияда концентрация артса тепе-теңдік оңға ығысатын болса, ал эндотермиялық реакцияда керісінше солға ығысады.
Қалған факторлар үшін де дәл солай.
1. Берілген қайтымды реакциялардың тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңдар:
1)H2(г)+Br2(г)→2HBr(г)
2)С2H4(г)+H2(г)→С2H6(г)
3)3O2(г)→2O3(г)
4)C(г)+H2O (г) → CO (г) + H 2 (г)
2. Берілген қайтымды реакциялардың тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңдар:
А) H2S(г) ↔ H2(г) + S(қ)
В) 2SO2(г) + O2(г) ↔ 2SO3(г)
С) Fe3O4(қ) + 4H2(г) ↔ 3Fe(қ) + 4H2O(г)
D) 2NO2(г) ↔ 2NO(г) + O2(г)
E) H2(г) + I2(г) ↔ 2HI(г)
3. Егер Н 2 + I 2 ═ 2НI реакциясындағы сутек пен йодтың бастапқы концентрациялары сәйкесінше, 0,5 моль/л және 1,5 моль/л, ал йодсутектің тепе -теңдік концентрациясы [НI] = 0,8 моль/л. Сутек пен йодтың тепе -теңдіктегі концентрациялары мен тепе -теңдік константасын есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |