Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Белгілі теория негізінде фактлерді түсіндіру



бет15/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Белгілі теория негізінде фактлерді түсіндіру
«Электролиз» тақырыбын қарастырайық

1-кезең. Проблеманы қабылдауға дайындық.


«Электролиз» тақырыбын оқыту барысында мұғалім натрий хлориді ерітіндісі арқылы электр тоғын өткізу көрнекілігін көрсетіп, катодта сутегі және анодта хлор бөлінетінін дәлелдейді.
2-кезең. Проблемалық жағдаят құру.
Проблемалық жағдаят туындаған қарама-қайшылық негізінде қалыптасады (мысалы, электролиз балқымада, сонан соң ерітіндіге көшкенде). NaCl балқымасын электролиздегенде катодта металдық натрий, ал Na2SO4 ерітіндісін электролиздегенде катодта сутегі газы бөлінеді және катодтық аумақ фенолфталеинді қызғылт түске бояйды, демек сілті түзіледі, ал анод аймағында қышқыл пайда болады, сондықтан лакмус қызарады.
3-кезең. Проблеманы тұжырымдау.
Na2SO4 ерітіндісін электролиздегенде катодта және анодта болатын құбылыстарды түсіндіру.
4-кезең. Проблеманы шешу.
Мұғалім оқушылармен эвристикалық тұрғыда әңгіме өткізеді. Онда логикалық бірізділікпен металдардың кернеу қатары мен аниондар қатарын электролиздің тотығу-тотықсыздану процесімен байланыстыра отырып мәліметтер береді.
Катодта байқалатын процестердің мәнін түсіну үшін мынадай сұрақтар қойылады:

  • Кернеу қатарындағы металдардың қайсысы сумен әрекеттеседі?

  • Сулы ерітінділерді электролиздегенде катодта қандай элементтерді бөлуге болады?

  • Осындай ерітінділерді электролиздегенде катодта не тотықсызданады?

  • Катодтық процестерді қалай жазамыз?

Әңгіме катодтағы процестерді сипаттайтын реакцияларды жазумен жалғасады:
K (-)(Na+, H+)
2 H2O + 2ē " H2↑ + 2 OH-
Негізгі өнім газ түрінде бөлінетін сутегі, ал қосымша өнім натрий гидроксиді:
Na+ + OH- = NaOH
Анодтағы процесс:

тотығады?

  • Анодтық процесті қалай жазамыз?

Әңгіме анодтағы тотығу процесін жазумен жалғасады:
A(+) (SO42-; OH-)
2 H2O - 4ē " 4 O2↑ + 4H+.
Анодта оттегі газы бөлінеді және анод аумағында күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі.
Әңгімелесу барысында катод пен анодта болатын тотығу-тотықсыздану процесінің теңдеуін жазу туралы алгоритм қалыптасады.
5-кезең. Тексеру және шешімді бағалау.
Алгоритм негізінде басқа тұздардың сулы ерітіндісіндегі электролиз бағытын оқушылардың болжай алуы және эксперимент түрінде дәлелдеуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет