Html тілі бойынша зертханалық ЖҰмыстар



Дата20.01.2020
өлшемі1.12 Mb.
#447844
HTML-лаб-раб1

https://yandex.kz/images/search?pos=42&from=tabbar&img_url=https%3A%2F%2Fscontent-arn2-2.cdninstagram.com%2Fv%2Ft51.2885-15%2Fe35%2F65834239_2367432426852929_2065266231974774751_n.jpg%3F_nc_ht%3Dscontent-arn2-2.cdninstagram.com%26se%3D7%26oh%3Df7bf03663b29f37efc197b82a19ae11a%26oe%3D5DD800EC%26ig_cache_key%3DMjA5NzkxODA2NTAzOTk3MTUxOQ%253D%253D.2&text=ziruza&rpt=simage



HTML ТІЛІ БОЙЫНША

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
әдістемелік құрал

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.......................................................................................................................................4

  1. HTML ТІЛІ ЖӘНЕ КОМАНДАЛАРЫ...............................................................................5

  2. HTML ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.........................................................................6

  3. №1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тапсырма1. Қарапайым HTML файлын жасау.........................................................................6

Тапсырма 2. Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту............................................................7

Тапсырма 3. Форматтаудың арнайы командалары................................................................8

Тапсырма 4. Мәтін фрагменттерін ерекшелеу.......................................................................9

Тапсырма 5. Тақырып стильдерін қолдану............................................................................10

Тапсырма 6. Қолданылып отырған қаріптің көлемін өзгерту.

Қаріп гарнитурасы мен түсін өзгерту......................................................................................11

Тапсырма 7. Мәтінді көлденең бағытта туралау....................................................................13

Тапсырма 8. Құжат фоны мен мәтіннің түсін беру................................................................14


  1. №2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тапсырма 1. Web – парақ ішіне сурет орналастыру..............................................................15

Тапсырма 2. Тізімдер жасау.....................................................................................................16



  1. №3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тапсырма 1 Кесте тұрғызу ......................................................................................................20

Тапсырма 2. Фреймдерге бөлу.................................................................................................23

Тапсырма 3. Сурет арқылы аудио не видео файлға сілтеме жасау ………………….........24

Өзіндік тапсырма.....................................................................................................................25

Қосымша...................................................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................................30




КІРІСПЕ

Интернеттің қазіргі дамуы 90- жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет аламасудың жаңа хаттамасы пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар HTTP серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web – парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Web – парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web – парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырып отырады. World Wide Web сөзі қазақ тілінде кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады.

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Құралда HTML тілінен зертханалық жұмыстар берілген. Әр жұмыс алдында теориялық түсініктемелер келтірілген. №1 зертханалық жұмыста 8 тапсырма, №2 зертханалық жұмыста 2 тапсырма, №3 зертханалық жұмыста 3 тапсырма берілген. Келтірілген зертханалық жұмыстарды оқушылар өз бетінше орындауы тиіс.

HTML ТІЛІ ЖӘНЕ КОМАНДАЛАРЫ.

HTML – мәтіндік құжаттарды форматтауға арналған арнайы тіл. Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web – парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web – парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Электрондық Web – парақтар баспаға шығаруға емес, экранда қарауға арналған.

HTML – белгісіз құрылғылар арқылы қарауға болатын экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл деп те айтуға болады.

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілетін командалары тәг деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тәг «кіші» (<) символынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады.

HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.

Кейбір тәгтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тәг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.


HTML ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін, мысалы Windows ортасындағы блокнотты, пайдалана беруге болады.

HTML құжатының кез келгені тәгінен басталып, соған сәйкес түрінде жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.



Құжаттың тақырыптық бөлігі және тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікті тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады.

Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын …

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет