I. 2015-2019 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет1/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#151829
  1   2   3



2015-2017 жылдарға арналған Қызылорда қаласы деңгейіндегі

азаматтық бюджет (нақтыланған 26.11.2015).
I. 2015-2019 жылдарға арналған Қызылорда қаласының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесіне» сәйкес Қызылорда қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, мақұлданды.

Аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне инвестициялық белсенділік есебінен қол жеткізіледі. Бұл өз кезегінде технологиялық модернизациялауды белсенді жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың шоғырлануының артуы есебінен қамтамасыз етіледі.


Көрсеткіштер

2014 ж. бағалау

Болжам

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге %

99,2

100,0

100,0

100,1

100,1

100,2

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге %

99,0

100,1

99,6

99,9

99,8

96,4

Өңдеуші өнеркәсібінің көлемі, өткен жылғы тиісті кезеңге %

102,3

102,3

112,3

128,3

129,0

122,9


2014 жылғы бағалау

Индустрияландыру картасы аясында 2015-2017 жылдар аралығында 5 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 57 млрд. 646 млн. теңгені құрайды:

«Жан Арай» ЖШС-нің «Құрама жем зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 375,9 млн. теңге. Жаңадан 60 жұмыс орны ашылады, «KAZPAMP» ЖШС-нің электронасостарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру жобасы. Жоба құны 374 млн. теңге, жаңадан 47 жұмыс орны ашылады, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның «Шыны шығару зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 52097,0 млн. теңге, жаңадан 362 жұмыс орны ашылады, «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің «Мұнай өңдеу зауытын кеңейту» жобасы. Жобаның құны 4500,0 млн теңге. Жаңадан 386 жұмыс орны ашылады, «МаксимаЛогистикс Казахстан» ЖШС-нің «Керамикалық кірпіш өндіретін зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 300,0 млн теңге, жаңадан 50 жұмыс орны ашылады.

«2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Заңында 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 21 364 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 182 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 23 692 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 982 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге.


Қала бюджетінің түсімдері және шығындары

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.



Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті – салық және салық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

2015-2017 жылдарға арналған қала бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, Қызылорда қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Экономикалық саясатты, сондай-ақ қаланың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерді дамыту мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджетті қалыптастыру Елбасының бюджет қаражатын қатаң түрде үнемдеу және оларды тиімді пайдалану туралы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

«2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 37/1 шешімімен қала бюджеті бекітілді, 2015 жылғы 25 ақпандағы қалалық мәслихаттың 40/1 шешімімен, 2015 жылғы 31 наурыздағы №41/2 шешімімен, 2015 жылғы 16 сәуірдегі №42/1 шешімімен, 2015 жылғы 1 шілдедегі №44/2 шешімімен, 2015 жылғы 15 шілдедегі №45/1 шешімімен, 2015 жылғы 3 қыркүйектегі №46/1 шешімімен, 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №47/1 шешімімен, 2015 жылғы 30 қазандағы №49/1 шешімімен, 2015 жылғы 26 қарашадағы №50/1 шешімімен нақтыланды.


2015-2017 жылдарға арналған қала бюджетінің негізгі параметрлері

мың. теңге

Атауы

2014 жыл есеп

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Бекітілген жоспар

Нақтыланған жоспар

Бекітілген жоспар

Бекітілген жоспар

Түсімдер

38 509 574,4

20 487 518,0

37 563 059,0

21 222 331

21 222 331

1. Кірістер, оның ішінде:

35 326 701,1

20 481 104

32 929 409,1

21 215 917

21 215 917

Салықтық түсімдер

13 592 316,1

16 607 924

16 071 936

19 959 417

19 959 417

Салықтық емес түсiмдер

164 404,3

212 368

212 492

231 932

231 932

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

896 817,3

1 902 991

1 593 177

1 024 568

1 024 568

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

20 673 163,4

1 757 821

15 051 804,1

-

-

Субвенция

0

-

0

-

-

Бюджеттік кредиттерді өтеу

3 830,4

6 414

6 414

6 414

6 414

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

-

-

0

-

-

Қарыздар түсімі

2 576 628

0

4 144 461

-

-

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

602 414,9

-

482 774,9

-

-

Шығыстар

38 509 574,4

20 487 518

37 563 059,0

21 222 331

21 222 331

Шығындар, оның ішінде:

35 870 730,1

19 423 634

36 333 140,0

20 627 410

20 627 410

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

487 781,1

514 376

479 385

518 769

531 073

Қорғаныс

4 996,3

5 872

5 574

6 014

6 165

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

91 398,2

84 059

98 737

48 464

51 857

Бiлiм беру

12 128 979,0

10 110 156

13 377 576

11 315 370

11 591 739

Денсаулық сақтау

0

207

207

222

238

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

1 559 846,6

1 454 667

1 713 230,2

1 073 990

1 132 453

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

13 898 880,2

3 361 143

15 181 536,8

2 267 846

2 425 771

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

804 105,2

476 779

495 925

444 368

457 022

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

41 435,4

0

0

0

0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

231 837,7

126 405

156 837,3

129 155

133 852

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

79 535,5

45 874

141 561

46 646

47 348

Көлiк және коммуникация

4 836 013,2

516 065

1 845 963,5

359 080

384 215

Басқалар

1 438 960,2

367 481

418 786

397 230

423 645

Борышқа қызмет көрсету

887

949

1 073

949

949

Трансферттер

266 074,5

2 359 601

2 416 748,2

4 019 307

3 441 083

Бюджеттік кредиттер

31 313,3

0

35 676

0

0

Қаржы активтерін сатып алу

2 012 610

0

130 359

0

0

Қарыздарды өтеу

594 921

1 063 884

1 063 884

594 921

594 921


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет