I. 2015-2019 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері


-2017 жылдарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығындары



бет3/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#151829
1   2   3

2015-2017 жылдарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығындары

мың.теңге

Атауы


2015 жыл бекітілген


2015 жыл нақтыланған

айырмасы

Барлық шығындар:

1 073 990

1 713 230,2

639 240,2

Әлеуметтiк қамсыздандыру

0

51 243

51 243

Әлеуметтiк көмек

934 671

1 487 816

553 145

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қам-тамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер

139 319

174 171,2

34 852,2

оның ішінде:










Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

0

293 477

293 477

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

297 519

265 452

-












Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге 21 100 мың теңге қаржы жоспарланды. Әлеуметтік такси қызметінің облыстық бюджеттен қаржыландырылуына байланысты мүгедектерге қызмет көрсетуге, оның ішінде қаладағы «Инватакси» мүгедектеріне қызмет көрсету шығынына берілген 4 361 мың теңге шегерілді, сонымен бірге «Ақпараттық жүйелерді құру» бағдарламасынан ауыстырылған 3 453 мың теңге шығындары ескерілді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистердің құрған концлагердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке 11734 мың теңге, төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетуге 2081 мың теңге.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан қатысушылар мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6 және 20 баптарына сәйкес бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адаамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғаныстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғаныстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге әлеуметтік көмек көрсетуге 41 205 мың теңге қаржы қаралуда.

Сонымен қатар облыстық трансферттер есебінен барлығы 296 091 мың теңге, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистердің құрған конңлагердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмекке 11 006 мың теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке 148 650 мың теңге, туберкулезбен тұрақты емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмекке 59 460 мың теңге, лейкоз және анемия ауруларымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмекке 2 713 мың теңге, өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге 59 488 мың теңге, аз қамтылған жанұя балаларының спорттық нысандарға қол жетімділігін қамтамасыз етуге 14 774 мың теңге бөлінді.

2014 жылы әлеуметтік қызмет қажет ететін бала санының көбеюіне байланысты мүгедек балаларды әлеуметтік қызметпен толық қамту үшін қосымша әлеуметтік қызметкерлердің 6 штат бірлігін ұстау шығындары және базаға енгізілген қаржылар есебінен 1 864 мың теңге ескерілді.

2014 жылы қосылған қосымша 46 жеке көмекші ұстау шығынына 23 625 мың теңге ескерілді.

Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы №41/2 шешімімен 451 023 «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына ASTEL спутник байланыс каналдарына қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асыру үшін қосымша 797 мың теңге бөлінді.

2015 жылғы 1 шілдедегі қалалық мәслихаттың №44/2 шешімімен мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі-әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсарту, соған байланысты жаңадан енгізіліп жатқан «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру үшін әлеуметтік бейімделуден өту шартымен 124 адамға шартты ақшалай көмек (ШАК) беру үшін 4 000 мың теңге бөлінді.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

2014 жылы тілдерді қолдану мен дамытудың іс-шаралар жоспары негізінде, жергілікті бюджеттен 1 644,0 мың теңге қаржы бөлінуде.

Мәдениет үйіне жылжымалы сахна алуға 11 900 мың теңге, кабинет жарақтандыруға 2 660 мың теңге, мерекелік іс-шаралар өткізуге қосымша 7 009 мың теңге қаржы жоспарлануда.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының орындалуы аясында 2014 жылғы 16 мамырдағы №1900 «Кент және ауылдық округ әкімі аппараттары жанынан мәдениет үйі мен ауылдық клуб мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар құру туралы» қаулысы негізінде ауылдық клубтарды ұстау шығындары 123 006 бағдарламасына ауыстырылды.

2014 жылғы 29 сәуірдегі қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясының 29/1 шешімімен ашылған «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» спорт клубы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ұстауға, коммуналдық және байланыс шығындарын өтеуге 41 915 мың теңге қаралды.

Газеттер мен журналдар және телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 56 905 мың теңге қаржы қаралды.

Ал, жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыруға 14 584 мың теңге қаржы қаралуда..

Қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге және әртүрлi спорт түрлерi бойынша қала құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуға 28 158 мың теңге қаржы бөлінді.

2015 жылғы 25 ақпандағы қалалық мәслихаттың №40/1 шешімімен 003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасына А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйіне өжіреге күрделі жөндеуден кейін тазалайтын ауданы көбейіп ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы №597 қаулысына сәйкес қосымша 3 штат үй тазалаушы ұстау шығындарына қосымша 1 825 мың теңге қаржы бөлінді.

Ауыл шаруашылығы

2015 жылғы қала бюджетінен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды залалсыздандыру, емдеу шараларын мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жүргізуге, ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыруға 695 мың теңге, қала көшелеріндегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға 22 765 мың теңге, сарып аурумен ауыратын ұсақ қара малдың санитарлық сою, санитралық союға бағытталған ауыл шаруашылығы малдарының құнын өтеуге 5 203 мың теңге, энзоотиялық аурумен ауыратын ауылшаруашылығы жануарларына қажетті ветеринарлық препараттар (егу) алуға 3 065 мың теңге, ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру үшін техникалық қызметтердің ұдайы жұмыс істеуіне 1 401 мың теңге, эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге 32 623 мың теңге қаржы бөлінді.



Көлік

Қызылорда қаласына қарасты Шүкіров көшесін Желтоқсан көшесінен Сейхун көшесіне дейін түнгі жарықтандыру орнатуға 5 241 мың теңге.

Төле би көшесі 112 үйде орналасқан ЗК 169/1 мекемесінің сыртқы аумағындағы таран құрылғыларын орнатуға ЖСҚ-н әзірлеуге 380 мың теңге, көше жиегіндегі және көпқабатты үйлер ауласындағы бордюрлерді жөндеуге және ауыстыруға 20 500 мың теңге бағытталады.

Қаланың жол жүрісі қауіпсіздігін сақтауға, бағдаршам объектілері және жол белгілерін пайдалану бойынша өндірістік жұмыстарды жақсартуға бағытталады. Қосымша жол белгілерін орнатуға 12 606 мың теңге, жол таңбаларын сызуға 22 599 мың теңге, Жібек Жолы-Астана даңғылы көшелері қиылыстарына Арай сауықтыру кешеніне баратын жол салынуына байланысты қосымша 2 бағдаршам орнатуға 3 560 мың теңге.

Қала көшелерін ағымдағы жөндеуге 82 978 мың теңге және орташа жөндеуге (16 көше) 187 381 мың теңге, Жібек Жолы көшесінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін орналасқан ЗК 169/5 мекемесіне қатынайтын автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 1 376 мың теңге, Сұлтан Бейбарыс көшесінен Сапарбаев көшесіне дейін айналма жолды орташа жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-н әзірлеуге 1 500 мың теңге бағытталды.

Сонымен қатар облыстық трансфеттер есебінен Қызылорда қаласының Жібек жолы көшесіне Сұлтан Бейбарыс көшесінен Тасбөгет кентіндегі Амангелді көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстарына 70 914 мың теңге қаржы бөлінді.

Облыстық трансферттер есебінен мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату үшін қоса қаржыландыруға 201 мың теңге, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғыларымен жарақтауды қоса қаржыландыруға 1 227 мың теңге бөлінді.

Қызылорда қаласындағы арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына кіре-беріс жолының құрылысына ЖСҚ-н мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 1 586 мың теңге, Жібек жолы көшесінен С. Бейбарыс көшесіне дейін көше жарығын қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-н мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 822 мың теңге бағытталады.

Облыстық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 14 көшені көше жарықпен қайта жаңғыртуға 134 134 мың теңге нысаналы даму трансферті бөлінді.

Желтоқсан көшесімен Қорқыт Ата көшесінің қиылысын қайта жаңғыртуға 13 885 мың теңге бөлінді.

2015 жылғы 18 қыркүйектегі қалалық мәслихаттың №47/1 шешімімен облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы көшелерін жөндеуге 190 848,4 мың теңге трансферт бөлініп, Тасбөгет кентіндегі Сұлтан Бейбарыс көшесінен Сапарбаев көшесіне дейінгі айналма жолды орташа жөндеуден 789 мың теңге, Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата көшесінен Хон Бен До көшесіне дейінгі Торайғыров көшесін қайта жаңғыртудан 11 131 мың теңге трансферт шегерілді.

Жылумен жабдықтау

Европалық қайта құру және даму банкімен «Жылумен жабдықтау жүйесін оңалту және модернизациялау» жобаларын қаржыландыру бойынша жасалған несиелік келісім шартқа сәйкес Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және реконструкциялауға Ұлттық қордан 116 293 мың теңге және облыстық бюджеттен жобаны қоса қаржыландыруға 17 444 мың теңге қаржы бөлінді.

Ұлттық қор есебінен жылумен жабдықтау жүйесінің 14 нысанын қайта жаңғыртуға 3 039 727 мың теңге қаржы бөлінді.

2015 жылғы 15 шілдедегі №45/1 шешімімен облыстық бюджет есебінен «ҚОЖО» МКК-ы қазандық цехындағы 3 дана SG-2000/15n маркалы бу қазандарының жүйелік су қыздырғыштарын қайта жаңғыртуға 52 619 мың теңге трансферт және қала бюджетінен қоса қаржыландыруға 5 850 мың теңге бөлінді.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін қосалқы жабдықтар алуға 80 000 мың теңге трансферт бөлінді.

Сумен жабдықтау

Қала бюджетінде халықты қажетті мөлшерде және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы су құбырларының, су құбыры жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге, сумен қамту объектілерінің жағдайын жақсартуға, қалалық лас су бағытталу жүйесінің жағдайын жақсартуға және күрделі жөндеу қажет ететін нысандарға жобалық-сметалық құжаттар дайындауға 22 495 мың теңге қаржы қаралған.

Европалық қайта құру және даму банкімен «Қызылорда қаласының ауыз сумен қамту және су әкету жүйесін оңалту және модернизациялау» жобасын қаржыландыру бойынша жасалған несиелік келісім шартқа сәйкес Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы және реконструкциялауға Ұлттық қордан 233 362 мың теңге және облыстық бюджеттен жобаны қоса қаржыландыруға 35 004 мың теңге қаржы бөлінді.

Қызылорда қаласындағы ауыз су және кәріз су жүйелерін 2015 жылға дейінгі қайта жаңғырту және кеңейту жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 3 617 279 мың теңге, жобаны аяқтауға қала бюджетінен 2015жылы техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету енгізіп, мемлекеттік сараптама алуға 33 953 мың теңге бөлінді.

Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округы Махамбет елді мекеніндегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 186 618 мың теңге, қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 20 735 мың теңге трансферт бөлінді.
Құрылыс
2015 жылы Ипподром және Арай мөлтек аудандарындағы 11 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтауға Ұлттық қордан 1 069 058 мың теңге, Ипподром және Арай мөлтек аудандарындағы және Шүкіров көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарына 1 017 560 мың теңге қаржы бөлінді.

2015 жылғы нысандардың құжаттарын әзірлеуге 21 673 мың теңге, 467 004 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасына "Сәулет" мөлтек ауданының сыртқы инженерлік желілеріне ЖСҚ-н мем.сараптамамен дайындауға 19 988 мың теңге.

Облыстық бюджеттен Қызылорда қаласында апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға Жаппасбай батыр көшесіндегі №1 60 пәтерлік үйдің құрылысына 37 442 мың теңге, Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесі нөмірсіз жерге 60 пәтерлік №6 арендалық тұрғын үй құрылысына 37 256 мың теңге, Титов ауданындағы №1 60 пәтерлік үйдің құрылысына 301 022 мың теңге, "Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы тұрғын үйлер құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 89 073 мың теңге қаржы бөлінді.

Қалалық бюджеттен Жаппасбай батыр көшесіндегі тұрғын үйлер кварталының жұмыс жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 30 000 мың теңге, Жаппасбай батыр көшесіндегі 2016 жылы құрылысы жүргізілетін жас отбасыларға, кезекте тұрғандарға салынатын және ипотекалық үйлерге жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 69 068 мың теңге.

Республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 547 977 мың теңге қаржы бөлінді. Облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы тұрғын кварталының құрылысына 185 000 мың теңге, СПМК-70 ауданындағы тұрғын кварталының сыртқы инженерлік желілеріне 363 102 мың теңге қаржы бөлінді. Қала бюджетінен "Сәулет" мөлтек ауданының сыртқы инженерлік желілеріне жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 19 988 мың теңге бөлінді.

Облыстық бюджеттен Қызылорда қаласында арнайы ХҚКО-на сумен қамтамсыз ету және су әкету жүйесінің құрылысына 15 296 мың теңге, Қызылорда қаласы Демесінов көшесіндегі әмбебап денешынықтыру-сауықтыру кешенінің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысына 50 484 мың теңге, қала бюджетінен Қызылорда қаласындағы балалар ауылы құрылысының сыртқы инженерлік желілерін жүргізуге 62 075 мың теңге бөлінді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет