I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы



Дата17.06.2016
өлшемі41.1 Kb.
#142368
  
I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысы

 

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:



1. Мыналар:

1) I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Шучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол) ақылы негізде пайдаланылады;

2) ақылы жолдың бастапқы пункті - 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті-230+250 км;

3) ақылы жолдың басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:



 

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

 

Шортанды ауданы

44 км + 000

Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)

70 км + 500

Дамса кенті

75 км + 200

Шортанды қаласы

82 км + 300

Мықтыкөл ауылы (Барышевка)

Ақкөл ауданы

94 км + 700

Еңбек ауылы (Трудовое)

107км + 800

Ақкөл қаласы

117км + 000

Барап кенті

124км + 600

Красный Горняк кенті

Бұланды ауданы

143км+100

Алакөл ауылы (Богдановка)

 

150км + 000

Жаңаталап ауылы

160км + 500

Алтынды кенті (Даниловка)

Еңбекшілдер ауданы

170км + 500

Қоғам кенті

179км + 900

Макинка ауылы

Бұланды ауданы

196км + 700

Макинск қаласы

Бурабай ауданы

208 км + 900

Қаражар кенті (Черноярка)

212км+100

Атамекен ауылы (Климовка)

216км + 500

Жасыл кенті

222 км + 000

Жаңажол ауылы

4) ақылы жолдың техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;

алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;

алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;

5) ақылы жолдың ұзындығы - 211 км 478 метр;

6) ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақы ставкалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады;

7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі:

 

Р/с



Елді мекеннің атауы

 

Шортанды ауданы

 

1.

Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)

 

2.

Мықтыкөл ауылы (Барышевка)

 

 

Новокубанский ауылдық округі

 

3.

Дамса кенті

 

 

Бозайғыр ауылдық округі

 

4.

Бозайғыр кенті

 

 

Кеңес ауылдық округі

 

Ақкөл ауданы

 

5.

Барап кенті

6.

Красный Горняк кенті

 

Еңбек ауылдық округі

7.

Еңбек ауылы (Трудовое)

 

Даниловка ауылдық округі

8.

Алакөл кенті

Бұланды ауданы

9.

Боярка кенті

10.

Жаңаталап кенті

11.

Елтай кенті

12.

Алтынды кенті (Даниловка)

 

Ақсу ауылдық округі

Еңбекшілдер ауданы

13.

Қоғам кенті

Бурабай кенті

 

Атамекен ауылдық округі

14.

Атамекен ауылы (Климовка)

15.

Қаражар кенті (Черноярка)

16.

Жаңажол кенті

17.

Жасыл кенті

 

 

 

 

 

8) ақылы жолды ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін.



4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет