І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет56/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

адарғы сөзінің айырғы мағынасында екендігі де бұған дәлел. Татардың әтеш 
сөзіндегі әт  ат, еш – кішірейту екендігін еске алу керек. Өз тіліміздегі қада деген 
сөздің барлығы татардағы қадақ (шеге), қадақша (шегеле) деген сөзі; қиқай+шы
қаз деген сөздерді ескерсек, бұлардың мағыналарының жақындығын мойындасақ, 
з, д, и дыбыстарының өзара жақындығы да ашыла береді. Бір жағынан жоғарыдағы 
сөздердің бұрынғы кезде бір сөз болғанын білдіреді. Бүгінгідей сөздердің 
бұтақталып болмаған кезін танытады.
«Артымнан ер» дегендегі ер – із; ізертте – ізер+ле; ізер – ід+ер (Бұл .....

халқынша ..... деген сөз). Кес түбірінен кездік тууы, кезе, керт деген сөздердің 
алғашқы мысалдарымен түбірлес болуы, бізде түрлі тілдің нормасы болғандығын, 
ашық айтқанда Орал-Алтай тілдерінің нормасы барлығын білдіреді. Сөйтіп ешбір 
тілдің «таза» болмайтындығы дәлелденеді. Біздегі з дыбысын олар (монғолдар) р 
қылып айтады. Мысалы, өгіз, өкір
Біз жақын тілдерді жоғарыдағыша бір-бірімен салыстыра отырып, 
жақындығы жоқ тілдермен де байланысын айтамыз: араптың ......... дегені, 
парсының .......... дегені, қазақтың ес деген сөзі; арабтың .......... дегені, қазақтың мен 
дегені, орыстың меня дегені, араптың кітабы дегендердің жақындығы барлығын 
білеміз. 
Буржуазия тіл ғалымдары қан жақын болса ғана тіл жақын болады дейді, тілі 
бір болса, қандас болады дейді. Бұл дұрыс емес. Бірақ әлгі ғалымдар Европадағы 
халықтар үндіден көшіп келген, бұл екеуі қандас, нәсілдес дейді. Олар мама, папа, 
фадар (арабша), фаша, мадры, муттер (неміс) cөздері түрлі ұлттікі бола тұрып, 
бір-біріне жақын екендігін елемейді.
Бүгіндегі бір-біріне қарсы мағынадағы құт-құтар сияқты (жындану) 
мағынасындағы екі сөз бұрын бір мағынада болған. Мысалы, ес (сознание), есей: 
ес+е+й=ес=ақылЕ – болу; и – өзі; бәрі жиылып үлкен болу, естияр болу дегенді 
білдіреді. Енді осы сөздің аяғына -ір қосымшасын жалғағанда ес деген сөзге мүлде 
қарсы мағына туатындығы табиғи нәрсе. Бұрын ес сөзін сыйлы деп түсінген. Жын, 
жан – бұл екеуі бір сөз. ........... – есірік деген сөз. 

Көп нүкте (
...........) 
– анықталмаған сөздер. 


Ол заманда көз – жарық, қараңғы; «жүзің айдай болсын – әрі алғыс, әрі 
қарғыс». Якутта көз дегенді қарақ дейді, біз көздің қарашығы дейміз, демек, қарақ 
(көзі қарақты адам, қара, қарашық, көз, көр – бәрі бір сөз болған). Ол күнде екі ..... 
(ұғымның) бір сөз аталуын еске алсақ, «су қарағы (қараңғы)» дегеннің де сыры 
ашылады.
Айта кету керек, Маррдың бұрын сөз дауысты дыбыстан басталмаған дегенін 
еске алсақ, еңкей мен тоңқай-дың да сыры ашылады (айда-һайда, арыды-һарыды, 
қорық-үрік...). 
Тіл тарихында сөздің дамуы үшін ескі сөзге жаңа мағына (атқаратын 
қызметіне қарап) берушілік бар. Орыстың перо – дегені қалам, Алтайдың түндік 
дегені терезе екендігі – бұған дәлел.
Сөз мағынасын жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге тарту да тіл тарихында 
көп кездеседі (бұрын «үй ауданындай» деп ауданға нақты конкрет бермей 
сөйлесек, қазір районды аудан дейміз (яғни әкімшілік жер бөлінісі). 
Жаңа мағына демекші, бірқатар айуан, аң – бұрынғы құдайымыз. Қасқырбай, 
Түйебай, Құлыншақ деп ат қоюымыз – соларды ардақтап, қастерлегенімізден. 
Мұндай қылық орыстарда да бар – Cобакеевич, Волков т. б. Мұндай сөздердің өзі 
қалғанымен мазмұны жаңарып, өзгеріп отырады. Өйткені адамның өмірге 
көзқарасы, ұғымы үнемі өзгеріп отырады. Америка елінде кесірткеге тимейтін 
халық әлі бар. Адам табиғаттағы танып, білген нәрсесін актив, пассив деп 
жорамалдаған. Орыстардың түрлі заттарды, жан-жануарларды кім, не деп түрліше 
сұрайтын себебі сол ескі көзқарастардың өзгергендігінен. Ал бүгінгідегі заттардың 
міндеті сөйлемдегі сөздерді бір-біріне байланыстыратын грамматикалық амал 
болып қана қалған. 
Кейбір елдерде құлды кім? демей, не? деп сұрайды екен. Бұл оларды пассив 
нәрсе ретінде қарап, кемсітуден туған.
Тіл адам баласының барлық табыстарын білдіреді. Адам баласының өрлеу 
жолындағы ізінің тілге беделі түскен. Бұл жоғарыдағы айтылғандардан да белгілі. 
Қазақтың «балам» деуі – патриархат замананың қалдығы, өйткені бұл сөз ру деген 
сөзге байланысты: ұру-ұрық-ұрығ-ұру; Бұл хасыл (асыл) – тек. Көрінген баланы 
«балам» деуі – некесіз заманнан қалған мұра. Ол заманда әйелдің жасы үлкені ана, 
апа болған. Бұлар да ру аты сияқты аталған. Еркектің үлкені ата болып аталған, 
қыз – кішкене әйел дегенді білдіретін сөз, оны монғолша – кеукім.
Айтты деген сөздің тарихы. Айтты: ай+т+тыАйт түбіріндегі т – өзгелік 
етістің көрсеткіші. Айт! – «аузыңды сөйлет» деген сөз. Ескілікті кітаптарда ол 
айды деп беріледі, сөйледі деген сөз. Мұндағы -ды -ұ болған; ұ – «болу» деген сөз. 
Бұл сөз қазіргі тілімізден шығып қалған.
Қайтар: қай+т+ар; қай=кейін дегенді білдіреді. 
Қазақ тілі бұрын зерттелмеді. Оның жазба мұрасы болмады. Буржуазия тіл 
ғалымдарының жолымен кетсек, қазақ тілінің тарихы болмас еді. Себебі олар 
тарихты тек жазудан ғана іздестіреді. 
Қап ыдыс мағынасында болуы керек. Бұрынғы кездегі а мен е дыбысының, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет