Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мүғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кеңце, кейбір оқушылар түрлі себеіггерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмеюі қажет етулері мүмкін. Соңцықтан, олардыңжүмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақьшауда оқушылар жауабының логакалық біріздгагі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту үдерісінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жатгығу, есеп шығару және төжірибе жүмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік қүрал, Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды. Баға "балл" есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық қүрылымында оқутаным әрекетінің сапасын анықтайтын дөстүрлі "5" балдық жүйелер қолданылады.
"5" бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
"4" бағасы — оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
"3" бағасы — жауабы негізінен дүрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
"2" бағасы — оқушы жауабыңца қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
"1" бағасы — тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Зачет (сынақ) - қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жүмыстарының бүкіл өн бойывда мүғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жыдцан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері жөне тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңцету міндетгерін шешеді.
Емтихан - оқушылардың білімін қорытынды тексеру-дің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақгауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынгалаңцырады, оқу жүмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |