Дәріс №7. Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы Жоспар:
Жоспары:
Ежелгі Русь жеріндегі алғашқы педагогикалық ойлардың қалыптасуы туралы
Діни мектептердің даму жолдары. Халық педагогикасының отбасында қалыптасуы
І – ші Петрдің ағартушылық реформалары
XVIII ғ. педагог-ағартушылардың ой-пікірлері (М.В. Ломоносов, И.И. Бецкой, В.Н. Татищев, А.М. Радищев)
К.Д.Ушинский- ғылыми педагогиканың негізін салушы.
Негізгі деректері. Христиандықты қабылдау алдында славян халқының бала тәрбиелеу негіздері. Сауат ашудағы тәрбиешілер. Ежелгі Русьтегі мектептер. Ежелгі славян жазба ескерткіштеріндегі тәрбиелік мәні: «Златоструи», «Изборники», «Владимир Мономахтың балаларына деген өсиеті», «Домострой» кітабі. Новгород жеріндегі ағарту ісі және мектеп. Московия жеріндегі мектеп пен педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы. Шіркеу және монастырлық мектептердің пайда болуы. Иван Федоровтың тұнғыш баспа кітаптары. Туысқандық мектептердің дамуы. ХУІІ ғ. ортақ мектептердің дамуы, олардағы элементарлық оқыту. Славян-грек - және латын академиясы –алғашқы Ресейлік жоғары оқу орын. Е. Славиницкий, С. Полоцкий, К. Истомин педагог-ағартушылардың алғашқы оқулықтары. І-Петрдің білім беру саласындағы реформалары. Алғашқы кәсіптік оқу орындардың пайда болуы. М.В. Ломоностың ғылыми-педагогикалық қызметі. Москвалық университеттің ашылуы. Алғашқы мұғалімдер даярлайтын семинарийдің ашылуы. Мемлекеттік мектептердің пайда болуы. Халықтық училищердің ашылуы.
Академияда әртүрлі ғылымдарды беру үшін мектепке православиялық мұғалімдерді шақырды. Бұл Русьтегі алғашқы оқу орны болды. Көбінесе философия, дін, заң сияқты пәндерге көп көңіл бөлінді. Түлектер батыс еуропалық стандарты бойынша білім алды.
Мектеп грек мектеп дәстүріне оқытуға бағытталды. Оқытудың мазмұнына грек, поляк, латын тілдері, грамматика, риторика, дін пәндері кірді. Төменгі сыныптар әліппе бойынша оқытылды, ал жоғарғы сыныптар «Псалтыр» (діни кітап) бойынша білім алды. Ол бір жағынан бастауыш мектеп және баспа сарайының аудармашыларын дайындайтын мектеп болды.Бұл мектептер деңгейі бойынша батыс еуропалық университеттерге жақындай түсті. Барлығы мұғалімдердің білім деңгейі мен оқыту орындарының мақсатына тәуелді болды.
XVII ғ. ортасынан басталып, Еуропаға қатысты орта ғасырлық оқшауланудан шығуына байланысты Ресейдің саяси, экономикалық, мәдени өміріндегі айтулы өзгерістер І Петр дәуіріне ұласып күшейе түсті. Ресейдегі экономикалық және саяси жаңа құрылымдар бірден көп көлемде арнайы оқытылған адамдар – мамандар, офицерлер, теңізшілер, артиллеристер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдерді талап етті. Бұл өз кезегінде ағарту ісін реформалауды қажет етті.
І Петр орыс шіркеуін өзіне бағындырды, осыған байланысты білім беру де мемлекеттің құзырына көшті. Осылайша ағарту ісінде жаңа «мемлекеттік» кезең басталды да, ол мемлекет мүддесіне қызмет етті.Ресейдегі ағартушылық педагогиканың тарихы Киевтегі Могилян және Мәскеудегі славян-грек-латын академияларының қызметінен бастау алады.
І Петр дәуіріндегі ағартушылықтағы танымал қызметкер, математик, Мәскеудегі математикалық және навигациялық ғылым мектептерінде мұғалім болған Леонтий Филиппович Магницкий (1669-1739) болды. Ол өз уақытындағы мамандандырылған белсенді дамытуда және кеңес білім беру мектебінің методикасына үлкен еңбек сіңірді. «Арифметика, сиречь наука числительная» деген өз кібатын шығарды. 360 беттен тұратын кітап. Автор теория мен практиканы тығыз байланыстырады. Математикалық білім жеңілден қиынға өту принципімен оқытылды. Ондағы есептер мамандандырылған дайындықпен байланысты болды. Оқыту процесінде Л.Ф.Магницкий көрнекіліктің әр түрін – кестелер, макеттер, көрнекілік құралдарын қолданды.Навигациялық мектепте оқушыларды оқыту үшін екі бастауыш сынып ұйымдастырылды. Ол «орыс мектебі» деген атау алды.
Сол уақыттағы педагогикалық ойлардың жетістігі – «Домострой» болды. Ол шынайы және бейнелік қарым-қатынас тілінде жазылып, Иван Грозныйдың айналасындағы белгілі қызметтен Сильвестрдің әрекетімен толықтырылды. «Домостройда» негізгі үш бөлім бар:
Діни өмірге қатысты. Өз балаларының дамуын қамтамасыз етуде ата-аналар алдындағы басты міндет – рухани-діни тәрбиені беру;
Отбасылық қарым-қатынасқа арналған. Өз-өзіне күнделікті үй тұрмысына қажетті іс-әрекеттерді балаларға үйрету, ал содан кейін ғана, кітап ғылымдарына, сауаттылыққа үйрету міндетін қояды;
Үй құрылысына арналған деректер болған. Онда шаруашылық ұсынулар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |