16.3. Мерезге қарсы қоланылатын дәрілер.
Бұл топқа жататын дәрілер мерез ауруының қоздырғышы – ақ трепонемаға тікелей әсер етеді. Осы қоздырғыштың құрамында сульфгидрильді тобы бар трепоококтар ферментін тежейді.
Мерезді емдеудегі негізгі орынды бициллинді дәрілер алады. Бұл дәрілерге аллергиялық өзгерістер болып жатса, оның орнына эритромицин, доксициклин, джозамицин, спирамицин және т.б. антибиотиктер пайдалану керек. Антибиотиктерден басқа мерезді емдеу үшін висмут дәрілерін қолданады.
Бийохинол (Biiochinolum) - висмуттық дәрі. Бұл әртүрлі антибиотиктермен бірге қосылып беріледі. 8 % суспензиясы қоңыр флакон ішінде 100 мл болып шығарылады. 2-3 мл аптасына 2 рет, жамбас бұлшық етіне беріледі. Егілген жерді қыздырып, уқалау керек, жылдам сіңуіне көмектеседі. Жанама әсерлері: қолданғанда ауыз қуысында (таңдайдың, ұрттың, тілдің кілегейлі қабатында) қоңыр дақ пайда болады.
Кері көрсеткіштері: ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында жаралардың болуы, бүйрек, бауыр және басқа да ішкі аурулар.
Rp.: Biiochinoli 100 ml
D.S. 2 мл-ден бұлшық етке 2-3 күнде 1 рет.
Бисмоверол (Bismoverolum) - 7% суспензиясы қоңыр флаконда 100 мл ретінде шығыарылып, бұлшық етке егіледі. Ересектерге 1,5 мл аптасына 2 рет беріледі. Қолданылуы бийохинолға ұқсас келеді. Жанама әсерлерінен тіс аурулары, терінің қабынуы, тоқ ішектің қабынуы (колит), ауыз қуысының кілегейлі қабығының кабынуы болуы мүмкін, сондықтан оларды тағайындағанда сақ болу керек.
Мерездің соңғы кезеңдерінде 4 сатысында гумманың ішіне дәрілер тез сіңірілуі үшін калий иодиді қолданылады.
16.4. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер.
Бұл ауру кезінде жасанды заттар және кең спектрлі антибиотиктер қолданылады. Осы дәрілер негізінен туберкулезді тежейді– Кох микобактериясының өсуін тоқтатады (бактериостатыкалық әсер), кейбіреулері бактерияны мүлде жояды. Қазіргі кезде туберкулезге қарсы қолданылатын заттар белсенділігіне қарай үш топқа бөлінеді:
1. белсенділігі ең жоғары дәрілер: изониазид (Isoniazidum), рифампицин (Rifampicinum).
2. белсенділігі орташа келген дәрілер: этамбутол (Ethambutol), этионамид (Ethionamide), стрептомицин сульфаты (Streptomycini sulfas), канамицин (Kanamycinum), циклосерин (Cycloserinum).
3. белсенділігі орташадан төмен дәрілер: пара-аминосалицилат қышқылының (ПАСК) натрий тұзы (Natrii para-aminosalicylas).
1.Белсенділігі өте жоғары дәрілерге: изоникотин гидрозиді қышқылының туындылары: изониазид, фтивазид, метазид, салюзид және т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең күштісі – изониазид.
Достарыңызбен бөлісу: |