Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары және жолда жүру ережелерінің сақталуы жөніндегі анықтама



Дата10.10.2023
өлшемі6.31 Kb.
#480242
Құқық бұзушылықтың алдын


Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары және жолда жүру ережелерінің сақталуы жөніндегі анықтама.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде кұқықтық кеңесі, оқушылар комитеті мен біріге отырып жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айында «Қылмыс және жеткіншек» дәрістер оқылып, «Құқық әлемінде» тәрбие сағаттары, сонымен қатар мектеп психологтары жасөспірімдер арасында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысында баяндама оқылды. Қазан айында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, орта буын оқушыларына үгіт насихаттар жүргізіліп отырады. Мектеп тәлімгері Ерімбетова Розалия қалалық оқушылар сарайында өткен 3-4 кластар аралығында «Жол сақшылары» атты жарысқа қатыстырды. Жасөспірімдер арасында тәртіпсіздік ке жол бермеу мақсатында «Түнгі көше» рейдтері, «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» спорт сайысы өткізілді. Қараша айында «Балалардың құқықтары туралы заңы», «Халық тәрбиесі – асыл қазына», «Қиын бала» қатарындағы оқушылардың ата-анамен кездесу, бұл оқушылардың мектепішілік шараларға қатысуын қадағаладық. Желтоқсан «СПИД. Жастар. Болашақ» 9 кластар аралығында пікірталастар өткізіліп, «Заң білімі – заман талабы», «Адам құқығы» атты дәрістер оқылып, тәртіп сақшыларының жұмыстарының есебі тыңдалды.


Оқушылардың сабаққа қатысымына тоқтала кетсек 10 в класс оқушысы Қалымбетов Нұрбол, 9 в класс оқушысы Жұмамұратов Серік, 9г класс оқушысы Дүйсенғалиев Аркен, бұл үш оқушы сабақты үнемі себепсіз қалдырып отырады. Бұл оқушылардың үйлеріне барып тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде бұл оқушылардың ата-аналары балаларының сабаққа баруына немқұрайлылықпен қарайтыны анықталды. Ата-аналарынан түсініктеме алынды.
Оқушылардың сабаққа қатысымы үнемі қадағаланып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет