Педагогикалық психология қызметі адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері- оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту мен тәрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол өзішінде нейропсихология, фармакопсихология, психотерапияболып бөлінеді.
Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық
мәселелрді қарастырады. Оның да бірнеше салалары бар, олар- қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен оны орындаушы психологиясы.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптарын зерттейді.
Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық
процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді де, келесі салаларды өз ішінен қамтиды- балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы /герантопсихология/.
Дамуы қалыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология- олигофренопсихология /ақыл-ойы кемдер/, сурдопсихология /кереңдер/, тифлопсихология (зағиптар) .
Салыстырмалы психология психикалық өмірдің филогенетикалық /біртұтас даму/ формаларын зерттейді.
Әлеуметтік психология адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы психология иеленеді. Бұл тараудың негізгі міндеті психологияның әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және қалыптасуының заңдылықтарын зерттейді. Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принциптері мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |