І. Жарықтың поляризациясы.
ЖОСПАР:
Табиғи және поляризацияланған жарық.
Поляризация жазықтығы. Поляризациялану дәрежесі.
Поляроидтар. Анализаторлар және поляризаторлар.
Малюс заңы.
Шағылған және сынған жарықтың поляризациясы.
Брюстер заңы.
Ішкі толық шағылысу құбылысы.
ІІ. Жылулық сәулелену құбылысы.
ЖОСПАР:
Энергетикалық жарқырау. Жұтылу қабілеттілігі.
Абсолютті қара дене. Кирхгофф заңы.
Стефан-Больцман заңы.
Вин заңы.
Гэлей – джинс заңы.
Поляризация тек көлденең толқындарда ғана болады, болық (қума) толқындарда мұндай құбылыс байқалмайды.
1. Жарықтың ұзындығы 400-700 нм болатын электромагниттік толқындар екені бізге мәлім. Әрбір сәулені сәуле шығарғыш электрлік және магниттік кернеулері бар векторлық бағыттағы электромагниттік толқындар шығарады. Бірақ затта атомдар көп және олар реттсіз орналасқан. Сондықтан жарық олардан әр түрлі бағыттарға таралады да, барлық бағыттағы тербелістердің амплитудалары бірдей болады.
Тербеліс амплитудалары барлық жазықтықтарда бірдей болатын жарықты табиғи жарық деп атайды.
Затқа жарық әсер еткен кезде жарық толқынының электромагниттік өрісінің электрлік құраушысы негізгі мәнге ие болады, өйткені тек сол ғана заттың атомындағы электронға негізгі әсерін тигізеді. Сондықтан поляризация заңдылықтарын суреттеу үшін тек жарық векторын – электр өрісінің Е кернеулігі векторын қарастырамыз.
Жарықты бір-біріне тәуелсіз көптеген атомдардың сәуле шығаруының электромагниттік сәулелерінің қосындысы ретінде елестетуге болады. Сондықтан Е векторының барлық бағыттағы бағдарлануы тең ықтималды. Мұндай жарық табиғи деп аталады.
Поляризацияланған жарық деп Е векторының тербеліс бағыты қандай да бір жолмен реттелген жарықты айтады.
Жартылай поляризацияланған жарық деп Е векторының тербеліс бағыты басымырақ бағыттағы жарықты айтады.
Жазық поляризацияланған жарық деп Е векторы жарық сәулесі өтетін жазықтықта ғана тербелетін жарық, (а) және (б). Бұл жазықтық поляризация жазықтығы деп аталады.
а) б) в)
1 – сурет
Егер Е векторының ұштары уақыт өтуіне байланысты сәулеге перпендикуляр жазықтықта шеңбер және эллипс сызса, онда
a) б) в)
2 - сурет
жарық циркулярлы және эллипстік поляризацияланған деп аталады.
D
а) б)
3 – сурет
Достарыңызбен бөлісу: |