Ы жарнама технологиясы



бет35/57
Дата16.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492187
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
bak

Брендинг – бәсекелес тауарлар арасындағы белгілі бір тауар маркасына
деген тұтынушының талғамын ұзақ мерзімге қалыптастыру өнері. Ол АҚШ –та 30-шы жылдары пайда болған ұғым. Кез келген тауар белгісі деп атала алмайды, ол үшін тауар өзінің жоғары сапасымен тұтынушы сенімін ақтап, нарықта әйгілі болу керек.
Паблик релейшнз маманының қызметтеріне мыналар жатады:

  • Фирманың жауапты қызметкерлерінің имиджін жасау.

  • Басшылардың сөйлейтін сөздері мен баяндамаларын әзірлеу және

түзету.

  • Баспасөз хабарламасын жазу, оларды БАҚ-та жариялау.

  • Газет, журнал және телеарна тілшілерімен байланыста болу.

  • Саяхат, таныстыру рәсімдерін, көрмелерді дайындау.

  • Қайырымдылық шараларын және қонақтарды күтуді ұйымдастыру.

  • Паблик релейшнз компаниясының жоспарын жасау.

  • Қоғамдық пікірді, әлеуметті зерттеуді ұйымдастыру.

Баспасөз хатшысы немесе баспасөз атташесі БАҚ-пен байланыста болады.
Баспасөз-хабарламасы (пресс-релиз) – көрмелерде, презентацияларда,
қайырымдылық акцияларында баспасөз өкілдеріне және тілшілерге таратуға арналған фирма жөніндегі, оның өнімі туралы, даму болашағы жайындағы қысқаша таныстыру мәліметтері. Паблик релейшнзтің болашақта даму бағыттары – компания беделін, ұлттық брендті жасау, ЮАҚ пен қарым-қатынас тетігін жетілдіру, клиенттерге қызмет көрсету мен сервистің деңгейін көтеру, фирманың мәдениеті мен стилін қалыптастыру, дағдарысқа қарсы басқару әрекеттерін жасау.
Бедел (репутация) – компания табыстарының өсуіне тікелей әсер ететін
компанияның баға жетпес капиталы. Британдық “Интербрэнд” компаниясының есептеуі бойынша кейбір фирмалардың материалдық емес активтерінен беделі жоғары екен. Мысалы, “Coca-Cola” компаниясының материалдық активтері үлесі олардың барлық сомасының 4 % -ын құраса, “IMB” компаниясыныкі – 17%-ын құрайды.
Теріс ниетті паблик релейшнз деп – фирма тауары туралы сипаттаманың берілуін айтамыз. Осыған орай, паблик релейшнз мамандарының спиндоктор деп аталатын жаңа түрлері пайда болды. Спиндоктор – теріс ниетті паблик релейшнз салдарынан туған жағдайды, ПР құралдары мен әдістерінің кешенді жүйелерін қолдана отырып, емдейді.
Коммуникация түрлеріне жәрмеңкелер мен көрмелерді жатқызады. Жәрмеңкенің басты мақсаты – көрсетілген тауарды сату.
Көрмелер – тауарды халық алдында көрсету, оған деген сұранысты
зерттеу, жаңа мәмілелер жасап, әлеуетті тұтынушыларды айқындау құралы. Көрмелер тауарларды сату келісімдерін жасауға және олармен ұзақ мерзімді серіктестікті орнатуға мүмкіндік береді.
Тауардың көрмеде пайда болуын ықтимал клиенттердің назарын аудару
үшін баспасөздегі жарнамамен тікелей пошта жарнамасымен, мерзімді басылымдағы, радиодағы, телеарналардағы хабарландырулармен қуаттап қою пайдалы. Өнім түрлеріне қарай жәрмеңкелер мен көрмелер әмбебап және арнайы болып бөлінеді. Әмбебап көрмелерде тұтыну және өндірістік тауарлар, ал арнайы көрмелерде бір саланың немесе ұқсас салалардың тауарлары көрсетіледі.
Қамту ауқымына қарай көрмелер ұлттық және аймақтық болып бөлінеді.
Ұлттық көрмелерде мемлекеттің әртүрлі саладағы жетістіктері көрсетіледі. Аймақтық көрмелер жергілікті нарық деңгейінде қызмет етеді.
Өндірушінің (экспоненттің) мынадай мақсатымен қатысуы мүмкін:

  • жаңа нарықпен танысу;

  • тауардың бәсекеге қабілеттілігін тексеру;

  • тәжірибе алмасу;

  • бәсекелестермен танысу;

  • өткізуді ұлғайту;

  • экспорт мүмкіндігі туралы мәлімет алу.

Көрмеге қатысушы маманның мақсаты:

  • нарықты шолу, оның конъюктурасы мен даму болашағын бағалау;

  • қажетті тауарларды іздеу;

  • баға мен баға белгілеу шарттарын салыстыру;

  • жаңа тауарларды қолдану мүмкіндіктерін бағалау;

  • іскерлік байланыстарды кеңейту және белгілеу;

  • келісім-шарт жасау.

Өндіріске арналған тауарлардың арнайы көрмесінде тұтынушы
тауарларға қарағанда, тауарларды өткізуге онша мән бермейді, өйткені мұнда негізінен келісім жасау, келіссөздер өткізу, күрделі техникалық сұрақтарды шешуге көп назар аударылады. Онда өтетін келіссөздерге тек шешім қабылдай алатын тұлғалар ғана қатысады.
Қазақстанда “Атакент” қазақстандық іскерлік тобы жанында “Атакент - Экспо” сауда-өнеркәсіптік палатасының жанындағы “КазЭкспо” және біріккен қазақстандық-ресейлік “КазЭкспо Сервис” атты үш көрме компаниясы бар. Қазақстанның көрме бизнесінде “ ITE” , немістің “Fairtrade” және “Danzas”, түріктің “SenExpo”, арабтың “New Fields” деген әйгілі фирмалары қызмет көрсетеді. “КазЭкспо” Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жұмыс істейді және үкіметтік ірі шараларға маманданған, ұлттық көрмелерді өткізеді. Көрме қызметінің даму динамикасы қазақстандық қатысушылар санын өскенін көрсетеді. Егер нарыққа өту кезеңінің басында “Атакент - Экспода” тек шетелді көрмелер ғана өткізілген болса, қазір онда жергілікті компаниялардың үлес салмағы 70-80 %-ға жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет