Ы жарнама технологиясы


Жарнама - бұқаралық ақпарат құралдары экономиканың қозғаушы күші



бет36/57
Дата16.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492187
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
bak

Жарнама - бұқаралық ақпарат құралдары экономиканың қозғаушы күші
Мерзімді басылым, оның ішінде газет-журнал, телерадио ең басты ақпарат таратушы құрал болып саналады. Осы ақпараттың құрамына бір сала - жарнаманы да енгіземіз. Аудиториясы кең республикалық газет «Егемен Қазақстанды» біз қарастырған бес-алты жыл аралығында жарнаманың барлық түрін қосқанда 800-ге жуық жарнама беріпті. Ондағы жарнамалар легін коммерциялық және мемлекеттік деп қарастыруға болады. Коммерциялық жарнамаларға фирма, ұйым, мекеме немесе кәсіпорын тауарын насихаттауға және оның имиджін қалыптастыруға бағытталған жекелеген тұлғалардың ақылы жарнамалары жатады. Ал мемлекеттік жарнамалар қатарына аукцион, тендер сияқты, яғни мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жарнамалар енеді. Аталмыш газетте әсіресе, осындай негіздегі жарнамалар берілген. Ал жалпы барлық жарнамалардың газетте орналасуы мен көлемі жарнама берушінің талап-тілегіне сай болуы қажет. Сондықтан жарнамалардың берілу әдістері де, көлемі де әртүрлі.
Газетте бұл іспен айналысатын арнайы жарнама бөлімі жұмыс істейді. Бөлім қызметкерлерінен алған мәліметтерге сүйенсек, жарнамаға берілер 1 см2-дің құны 70 теңгеге бағаланатыны белгілі болды. Бұл газет республика көлеміне таралатындықтан сондай ауқымды қамтитын, жалпы мемлекет жұртшылығына қызмет көрсететін кәсіпорын компаниялардың жарнамаларын жарыққа шығарады. Жалпы, газет жарнамаларының, соның қатарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып жүрген жарнамалардың берілу мәнісі бар. Осы негіздес мәселелердің басын ашып алу үшін әр сөзімізді айғақтаушы құрал-газет бетіндегі жарнамалардың өзіне тоқталайық.
Жоғарыда атап көрсеткен мемлекеттік жарнамаларды алдымен қарастырсақ. Қарапайым тендер, аукцион болғанымен олардың да өзінше берілу тәртібі бар. Бұл тектес жарнамаларды ең көп жариялаушы «Егемен Қазақстан» газетінде бұлар «Назар аударыңыз, аукцион» және «Назар аударыңыз, тендер» айдарларымен беріледі. Аукциондар да, тендерлер де екі әдіс: ағылшын әдісі мен голланд әдісін қолданады. Түсінікті болу үшін мысалдар келтіріп кеткен жөн болар. «Назар аударыңыз тендер! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық комитеті мемлекет меншігін сату жөнінде коммерциялық тендер өткізеді.
Тендер 1998 жылдың 28 сәуір 15.00 сағатта мына мекен-жайда өткізіледі: Өскемен қ, М.Горький к, 61.
Сауда-саттыққа қойылады.
1. Нан зауытының мүліктік кешені. Үлкеннарын а, Қатонқарағай ауд. Нан зауытының ғимараты. 1976 жылы іске қосылған, гараж ұн қоймасы, жабдық, мүлік. Бастапқы бағасы – 4 млн. теңге. Кепілдік жарнасы – 220 мың теңге», - деп келіп, соңынан тендер шартын айтып кетеді. Ал енді екі әдіске келер болсақ, мысалы 1998 жылдың 28 тамызында өтер аукционның ақпараттық хабарламасынан үзінді келтірейік. «Сауда – саттықтың голланд әдісі. 1 МГАЗС-18, Шымкент қ, 18 ш/а. Жеке тұрған, 1979 жылы іске қосылған. Бастапқы бағасы – 2,5 млн. теңге. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі. 1. Балалары паркі. Шардара қ, Абай қ, Н/ж. 1962 жылы пайдалануға берілген, құрылыс алаңы – 487.7 шаршы метр. Бастапқы бағасы – 80 мың теңге». Берілген мазмұнынан еш айырмашылықтар көрінбейді. Бірақ айырмашылықтар аукционды өткізу барысында байқалады. Жалпы, бұл басылымда ай сайын 15-16 аукцион мен тендерлер жарияланып тұрады. Сонда екі жылдағы жалпы санын есептеп көрер болсақ, шамамен 360-тай бұл тектес жарнама беріледі екен. Сол сияқты, коммерциялық емес жарнамалардың қатарына газет бетінен «Егемен Қазақстанның» «Демеушілік жарнамасы» атты айдарымен берілген бірқатар жарнамалар енеді. «Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы жанындағы Ислам университеті және Меркі медресесі талабалар қабылдайды» деп аталған хабарламаның бірі болса, тағы бірі – «Жаңа зейнетақы заңы: құқықтарың мен міндеттеріңізді біліңіз» атты тақырыпта. Бірінші жарнамадағы «талабалар» деген сөз емес, «талапкерлер» болуы тиіс. Себебі, бұл сөз ешбір заңдылықтар нормасына сыймайды. Демеушілік етуді мақтан тұтып, бұл типтес жарнамаларға онша мән берілмеген деп түсінуге бола ма? Бірақ бұлай деуге тағы бір мысал кереғар келіп тұр.
Газет жарнамаларының келесі бір легі – коммерциялық жарнамалар. Сол қатарға енетін «ОРТ компьютерлік техникасының» жарнамасын алып қаралық. «Компьютерлер, ноутбуктер сканерлер, маниторлар, принтерлер жабдықтары, аксесуарлар, жұмсалатын материалдар «Іс» фирмасының бухгалтерлік бағдарламалары Қазақстан бойынша толайым және ұсақ толайым сауда. Диллерлерді ынтымақтасуға шақырамыз». Осы жарнама мәтінінен не ұғуға болады? Бас жағы түсінікті келе жатып, соңы мүлде байланыспай кеткен. Жарнама мәтінінің бірінші орысша туындайтынына дау жоқ. Мәселе соларды аударатындардың қазақ тіліне шорқақтығына немесе немқұрайдылығына қатысты болып отыр. Сондықтан шетелдік және коммерциялық жарнамаларды түсіну кей жағдайларда қиындық туғызады. Сөз етіліп отырған газетте мұндай жағдай бірді-екілі ғана кездескен еді.
Ендігі кезекте жалпыұлттық мәртебелі әрі шолу жарнамаларының сипатына ие жарнамаларды жинақтап өтейік. Мұндай жарнама берушілердің қатарында «Табыспен жүздесейік», «Уақыт және Казкоммерцбанк» ААҚ депозиттерін, қызмет үлгілерін ұсыну арқылы аудиториясын кеңейтуді мақсат еткен. Мекеме қызмет көрсету деңгейін әрқилы танытпаққа ұмтылады, сол сияқты аталмыш банк те өз ұсынысын бірде былай жарнамалаған. «Қазақстандағы алғашқы оңай қол жеткізетін несие карточкасы мен төлем карточкасы халыққа мынадай артықшылықтар береді:

  • Карточкадағы ақшаны ұрлау мүмкін емес. – Карточкада сақтаушы ақша

кедендік декларациялауға жатпайды.

  • Ақшаны бір валютадан екінші валютаға айырбастау қажеттілігі

болмайды.
- Ортақ амиян қызметін пайдалану мүмкіндігі туады. Бұл тауарларға және қызмет көрсету түрлеріне төлем жасаудың бүкіл әлемдегі анағұрлым тиімді тәсілі. Сақтандыру депозитінсіз!»
Келесі тұрақты жарнама берушілердің сапында «Банк Центр Кредит» пен «Халық банкі» бар. Олардың жарнама беру сипаты да осындай. Өйткені банктердің функциясы бір, сондықтан көздеген талап-тілектері де бір болмақ. Сол сияқты тауар жарнамасын жариялауда «ШМОС Шымкент мұнай-газсинтез кәсіпорны» және әрі шетелдік жарнамаға жатқызуға болатын «Bond street» темекісі, «Philip Morris» темекі компаниясы және «Teхaco» орталығы алдыңғы қатарда.
Бір бетке тегіс орналасқан «Бонд стрит» темекісінің жарнамасы көркемдік әрі мазмұны жағынан тартымды. Сөзімізге дәлел ретінде жарнама мәтінінен мысал келтіріп кетейік. «Сатып алатын сен – төлейтін Bond street! Сен өз амияныңның түбін қақпайтын да күн туар. Армандаған затыңның бәрі де сенікі болады. Асығыңдар, қосымша сыйлықтар саны шектеулі!». Жарнаманы бір бетке тегіс орналастыру тәсілін «Филип Моррис» компаниясы да қолданған. Сонымен қатар, «Тексако жұлдызы сізді және сіздің автоны рахатқа бөлейді!»,- деп ұрандатқан әлемдік «Тексако» қызмет көрсету орталығының жарнамасы жоғарғы екеуіндей бір бетті алмаса да, көлемі айтарлықтай үлкен. Жарнаманың көлеміне мән беріп отырғанымыздың себебі, жарнама көлемі үлкейген сайын оның құны өсе түседі. Осыны білетін кез келген оқырман үлкен көлемді жарнаманы тек бай фирмалардың беретінін түсінеді. Ал, «қалталыны» кім сыйламайды, кім соған қарай ұмтылмайды. Сол сияқты газет оқырманың іштей құрметіне ие болып, мәртебесі өсе бермек. Ал атағы жер жарған бай фирманың өнімін бәрі пайдалануға тырысады. Нәтижесінде түсер пайданы мөлшерлей беруге болады.
Шетелдік жарнамалардың қатарында әлемге аты шулы «Eххon» және «LG» компанияларының жарнамаларына тоқталып өтейік. «Жүз жылдан астам уақыт бойы жолбарыс бейнесі «Эксон» компаниясының оның қуаты мен халықаралық тәжірибесінің, технологиялардағы озаттығының және өндірістің жоғарғы деңгейіне жетуге құштарлығының белгісі болып келеді» деп шыққан жарнамасы өздерінің беделдеріне оң ықпал тинізгені сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет