І. Жұмыстың сипаттамасы



бет1/4
Дата25.11.2022
өлшемі108.38 Kb.
#465755
  1   2   3   4

Мазмұны:
І. Жұмыстың сипаттамасы.............................................................................1-2
ІІ. Кіріспе.........................................................................................................3-4
Теңдеу
ІІІ. Зерттеу бөлімі: Математикалық сауаттылыққа берілген есептің қолданулары.....................................................................................................5-13
1)​ Есептерді шығару алгоритмі
2)​ «Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер
3)​ Шырылдауық шегіртке
4)​ Ойын-сауық кешінде
5)​ «Қисынсыз жору»
6)​ Теңдеу біз үшін ойлайды.
7)​ Үш таңбалы сан
8)​ Шаштаразда
9)​ Трамвай мен жаяу адам
10)​ Пароход пен сал
11)​ Теңіздегі барлау
12)​ Велодромда
IV. Қорытынды………………………………………………………………14
V. Оқушы күнделігі.........................................................................................15
VІ. Қолданылған әдебиеттер………………………………………………...16
 
 
 
 
 Ғылыми жұмыстың мақсаты: : Математикалық сауаттылықта берілген теңдеулердің өмірмен байланысын сезіну, оларды шығару, толық баяндау, шешу әдістерін қарастыру және мысалдармен бекіту.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
1.​ математикалық теңдеулер түсінігін ашып көрсету;
2.​ математикалық теңдеулерді дәлелдеу;
3.​ математикалық теңдеулерді шешу әдістерін қарастыру;
4.​ теңдеулердің математикадағы орнын танып білу. Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек.
5.​ Ақыл-ойды дамыту.
6.​ Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.
7.​ Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.
8.​ Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.
9.​ Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.
10.​ Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.
11.​ Осы мақсатты ескере отырып, математикаға қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі теңдеуге қатысты есептерді шешуді жүзеге асыруды жөн көрдім. Теңдеулер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады, және өмірмен тығыз айланысты.
 
Жұмыстың өзектілігі
Халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына соның ішінде бастауыш және орта буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш және орта мектептегі математиканы, оқытып-үйрету арнайы мақсат көздейді.
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен, әсіресе теңдеу ұғымымен және оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің қай саласына болса да аса қажетті.
Оқу пәні ретінде математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруін көздейді.
Математикалық теңдеулер нақты түрде ұсынылмайды тікелей оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
 
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қазіргі таңда жылма жыл есептердің күрделенуі, есептерді шығарудың әр түрлі әдістері, жаңаша есептердің енуі, өмірлік заңдылықтардан туындаған мәселелерді теңдеулер құру арқылы шығару өте маңызды. Теңдеу бұл тылсым дүниенің жұмбағын шеше білу іспетті.
 
Зерттеу әдісі
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, есептер шығару, зерттеулер қолданылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе
Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш – білім.
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан - ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. 
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
Мектеп математика курсында теңдеу тақырыбы - елеулі орын алар математиканың ерекше бөлімі деуге болады. Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір ЖҰМБАҚ НӘРСЕ екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы –ТЕҢДЕУЛЕР.
Теңдеулерді шешуді ойға қонымсыз абстракциялы ұғым деп түсінбеймін, керісінше, оны кез келген оқиғаның ақиқат не жалған екендігіне көз жеткізу деп білемін. Егер адам шындыққа құмар жан болса, онда өмірдің қойған сансыз сауалдарына жауап беруге тырысады деген ойдамын. Теңдеулер тек математикада емес, сонымен қатар теңдеулер – өмірдің сан алуан белгісіз, құпия, сыры ашылмаған, әлі беймәлім, тығырықтан шығар жолды іздеумен, тек ізденумен жұмыс жасауды қажет етеді. Міне, қазіргі таңда математика саласында математикалық сауаттылық ұғымы математиканы өмірде қалай қолдануға болатындығын көрсету үшін енгізілген. Адам математикадан сауатты болмай өмірде алға қойған мақсаттарына жетуде жеңіліске ұшырауы мүмкін. Кез келген істе математикадан сауатты болған жағдайда жеңіліс таппайды, ұтылмайды. Адам қанша мөлшерде шыған шығарамын, қанша мөлшерде пайда табамын, оның денсаулығыма қанша мөлшерде зияны не пайдасы болады – деген сан қилы сұрақтардың шешімі математикаға тығыз байланысты. Оның жауабы білмегенге жұмбақ, білгенге дұрыс теңдеу құрып, жауабын, шешімін табу.
Белгісіз элемент есеп шығару арқылы немесе байқап көру, іздену үрдісімен жүреді. Ойша болжай білу, тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Аңғарымпаздық өз білімін пайдалана білудің көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет