I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет4/5
Дата16.09.2024
өлшемі1.57 Mb.
#503679
1   2   3   4   5
ГЕОГРАФИЯ

ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Қазіргі кезде географиялық ғылымдар жүйесі үш блоктан тұрады: ғылыми-жаратылыстық, әлеуметтік-экономикалық және табиғи-қоғамдық. Сонымен бірге кейбір аралық ғылымдар да бар.
1. Ғылыми-жаратылыстық блок. Бұл блокқа теориялық жәнеқолданбалы физикалық-географиялық ғылымдар енеді.
2. Әлеуметтік-экономикалық блок. Әлеуметтік тәсіл адамзат пенқоғамның көзқарасын, мәселелерін зерттейді.
Экономика - халық шаруашылығы туралы ғылым.
3. Табиғи-қоғамдық блок. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыснәтижесінде туындайтын мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылымдар жүйесі.
4. Аралық ғылымдар. Бұл ғылымдар блогына концепциялары,әдістемелері барлық географиялық ғылымдарға қатысы бар пәндер жатады. Мысалы: картография, география тарихы.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе, география— жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым. Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылымдар кешені. Географиялық ғылымдардың зерттеу нысандары: геосфера (биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера және жер қабаты) және геожүйелерді (ландшафтты, табиғи аймақтарды, биогеоценозды т.б.) белгілі бір территорияның аймақтың, нысанның, құбылыстың немесе процестің уақыт пен кеңістікке байланысты ерекшеліктері туралы білім жиынтығы (мысалы, мұхиттар мен құрлықтар географиясы, Қазақстан географиясы, дала географиясы, әлеуметтік география, тарихи география).
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т. б. пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет