I сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау. II сабақтың мақсаты



Дата11.06.2016
өлшемі44.76 Kb.
I Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау.
II Сабақтың мақсаты:
Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету.
Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.
III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
IY Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.

Y Сабақ барысы
: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту бөлімі.

Билердің толып жатыр өсиеті

Үлгі боп елге істеген әділеті

Өмірге қонақ болды, кетті мәңгі

Сонда да ел аузында қасиеті

- үй тапсыриасын тексеру. / сахналық қойылым/

Сырым мен Малайсары

Автор: Сырым ат жалын тартып мінген жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келеді. Би оған бұрылып қарап:

/ролге бөлініп айтатын оқушылардың сөзі/

-Уа, кімнің баласысың?

- Дат баласымын

- Қой жая алмайтын жаманнан қолақпандай бір ұл туды деуші еді. Сірә, сен сол бала боларсың.

- Болсақ болармыз.Бір құшақ отннан бір оқтық шықпас па?

-Шешең Қаражан қайратты адам еді. Күндіз келген жиырма кісіні де, түнде келген жиырма кісіні де ренжітпей аттандырып жіберуші еді. Сол шешеңе тартқан боларсың?

- Әкем би болмаса да би түсетін үй болған ғой. Шешем қырық кісіні ренжітпей аттандырса, «қырықтың бірі- қыдыр» деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар, ата.

Автор:


Сонда барып Малайсары:

- Ал мыны жерге отыр, балам. Келген жұмысыңды айта отыр.

Автор: Сырым жайғасып отырғаннан кейін

- «Үйіңнің алдында төбе болса , ерттеулу тұрған атпен тен, ауылыңда ақылгөй қарт болса , жазып қойған хатпен тең» деуші еді. Сізге сәлем беріп бата алғалы келдім.

- Жайыңа енді түсіндім балам….

Бердім батамды:

Қеудең толы бауыр болсын, Арқаң қара нардай жауыр болсын.

Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, Құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін,

Бірақ жасың жетпіске жетпесін!

- Рахмет , балалар, орындарыңа отырыңдар. / талдау-жинақтау/

Ендеше, Сырымның тапқырлығын , ақылдылығын , ділмарлығын танытатын сөздерді дәптерлеріңе теріп жазындар.



тапқыр

ақыл

ділмар

Бір құшақ отын..







Би түсетін үй

Қырықтың бірі-қыдыр

Ерттеулі ат, жазып қойған хат..

өкпешіл болма, кең-кешірімді бол


Елдесең-елміз, жау десең-жаумыз

Байұл Әлімнің жас келіні емеспіз

Басқа пәле тілден. Бақыт та тілден , пәле де тілден тіліңе сақ бол

Ел жүгі арқама батты деп ауырсынба, шыдамды бол

Су жаманы –суат

Мүлік жаманы-қазық






Жетім-жесірлерге құлағың түрік болсын

Мақал: сөзге сөзбен жауап бермесе сөздің атасы өледі




Бала мен келініңіз қадіріңізді білмейді екен, оларға жағу үшін көзді соқыр құлақты керең болыңыз





Үй жұмысын бекіту

Сырым мен Малайсары туралы дерек . /оқиды/ Болжау стратегиясы

:Жаңа сабақ Қазбек би мен Бұқар жырау

Мағынаны тану бөлімі.


Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 - 1765) – қазақ халқының XYII - XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта хандарға ақыл - кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.




Сөздікпен жұмыс.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.



• «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін..

Толғаныс бөлімі.


1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?

- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа ұқсас.)


- Дұрыс - ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?

Қосымша жадығат:


Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.

Он бір - қара жұмбақ Бір дегенің – білеу,


Екі дегенің – егеу, Үш дегенің – үскі,Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік, Алты дегенің – асық, Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке, Тоғыз дегенің – торқа, Он дегенің – оймақ, Он бір – қара жұмбақ.

Сөздікпен жұмыс:
Білеу – қамшы.
Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал.
Торқа – бағалы жібек мата.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауында

«Ел бірлігі- біздің барша табыстарымыздың кілті

Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - ел бірлігі» деп атап өтті

Ендеше, шешендік өнердің қазақ халқының тарихындағы орны қандай деп ойлайсыңдар?

-заң


-тәртіп

-Ел бірлігі



-әділеттік - Тәрбие -тапқырлық
- Үй жұмысы / Бұқар жырау мен Қазыбек би /

Каталог: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Карл Линней туған
EB0419249EE41AD0 -> 18 маусым 2012 жыл 10. 00-10. 15 Таңертеңгі линейка 10. 15-10. 30 Ертеңгілік жаттығу
EB0419249EE41AD0 -> 19- маусым 2012 жыл 10. 00-10. 15 Таңертеңгі линейка 10. 15-10. 30 Ертеңгілік жаттығу
EB0419249EE41AD0 -> Рахмет киелі, әліппе !
EB0419249EE41AD0 -> Мектебіміздің 5-9 сыныптарында «Сұлулық және денсаулық» тақырыбы бойынша өткізілген іс-шаралар
EB0419249EE41AD0 -> Ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай жерлестеріміз Тоқаш Бокин, Әліби Жанкелдин, Аманкелді Иманов сынды азат етуші ұлтжанды тұлғалар жайында тарих пәнінің мұғалімі Муканова Рышан семинар сабақ өткізді. Мақсаты
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Ас адамның арқауы
EB0419249EE41AD0 -> Құрметті ата – аналар !
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет