М а з м Ұ н ы
К і р і с п е........................................................................................3-8
I т а р а у
Қазыбек би жӘне ОНЫҢ дӘуірІ…………...................................9-36 II т а р а у
Қазыбек би жӘне ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК Өнері...........................37-49
Қ о р ы т ы н д ы...........................................................................50-51
Пайдаланылған Әдебиеттер.....................................................52-53
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді, оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
-
Қазақ шешендік өнері жайлы;
-
Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
-
Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің «Халық ауыз әдебиеті», С.Негимовтың «Шешендік өнер», Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» сынды еңбектер қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз».
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.
Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық. Сондықтан да, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтуға талап қойған. Небір әйгілі шешендер, дуалы ауыз билер шаршы топта сыбанып шығып жүйелі сөз бастаудың қиын екендігін ескертіп отырған.
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Тауып айтсаң береке қылады,
Таптай айтсаң келеке қылады (1,87).
Демек, қазақ қоғамында сөзге талап бәрінен де қатал. Оған «сөз шынына тоқтайды пышақ қынына тоқтайды» - дейтін мақал да дәлел бола алады. Ел арасында шешендікке қатысты құланаян Құлмамбеттің айтатын «сөзімнің қыл өтпейді арасынан» дейтін сөзі де кең тараған. Сөз жоқ, сөзге талап қою, шешендіктің сапасын арттырып, қадірін күшейткен. өз тұсында халық әдебиетін зерттеген Х.Досмұхамедұлы да «Шешен қандай болу керек?» деген сауал тастап, оған халық әдебиетінен мынадай мысал келтірген болатын:
Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін,
Іретімен сәндесе.
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Түмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса.
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде шанбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса.
Пікірге кәміл жұрт озған –
Би шешеннің іреті... (2, 23).
Сөзсіз, шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Қысылған жерде қисынын тауып сөз сөйлеу, дағдарған сәтте шешімін тауып кесім айту – тапқырлықты, суырып салмалықты, әрі шығармашылықты талап ететіндігі ақиқат. Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды басынан өткерген халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Олардың айтқан сөздері кейінгі ұрпаққа үлгі болып, аңыз-әңгіме түрінде бізге жетті. Қазақ ауыз әдебиетінде мұндай аңыз-әңгімелер саны жағынан да, сапасы жағынан да елеулі орын алады.
Аңыз-әңгімелердің қамтитын тақырыптары әр түрлі. Аспандағы ай, күн, жұлдыздар, жердегі тау, тас, өзен, көлдер, қала, қамал, ескерткіштер жайында, өмірде не табиғатта болып жатқан әр түрлі құбылыстар турасында айтылған аңыз-әңгімелер көптеп сақталған.
Қазақ аңыз-әңгімелерінің мол, әрі қызықты бір саласы – тарихи аңыздар. Онда ел басынан өткен ұлылы-кішілі уақиғалар, қауымда елеулі қызмет атқарған қоғам, өнер қайраткерлері сөз болады, олардың ұрпаққа үлгі-өнеге болғандай немесе сақтандырғандай іс-әрекеттері сипатталады.
Сондықтан да мұндай шындыққа негізделген әңгімелердің тарихи да, тәрбиелік те мәні зор. Әуел баста көрген-білгендерінен жеке әңгімешілер, тілмар шешендер шығарған аңыз-әңгімелер бірте-бірте өңделе, жөнделе келіп, тілдік, стильдік жағынан да көркем әңгімеге, новеллаға айналған. Соны аңғарған қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы ғалым Мұхтар Әуезов: «Тарихта, ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық-әрекетімен елге даңқты болған кісі болса, соның өміріндегі шын болған мінез-қалпынан туғызып, қиялдық тың іс, уақиғалар тізіледі, ондай әңгімелерді аңыз дейді» (3,170), - деп аңыз-әңгімелерге анықтама береді де, пікірін былайша түжырымдайды: «Қазақ халқының тарихымен қатар фольклоры сақтаған аңыз-әңгімелер, әсіресе Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе және Орта Азия халықтарының бәріне ортақ Қожанасыр жайы көбірек және нағыз көркем шығарма болып қалыптасқан».
Қазақтың тарихи аңыз-әңгімелері мен шешендік сөздері мазмұны, құрылысы және көркемдігі жағынан қарағанда бейне бір ауыз әдебиетінің құндағында өсіп-жетілген алғашқы көркем қарасөз, яғни көркем әңгіме, повесть сияқты. Сондықтан да қазақ ауыз әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі – академик Мәлік Ғабдуллин ертегі-аңыздардың әдеби мәні туралы айта келіп: «Халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезде туған ертегілер мен әдемі аңыз-әңгімелердің әдебиет тарихынан алатын орны да, мәні де үлкен. Халық ертегілері сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын қолдану жөнінде жазба өдебиетіміздің алғашқы үлгілеріне көп әсеретті» (4,73), - деп жазды. Демек, тарихи аңыз-әңгімелер мен сөздер елдің тарихынан, қоғам қайраткерлері мен өнер иелерінің өмірі мен өнерінен және әлеуметтік қызметтерінен мағлұмат береді. Сонымен қатар халықтың тіл байлығын, әдеби тіліміздің қалыптасуын, көркем әдебиетіміздің бастауын көрсетеді.
Халық ауыз әдебиетінде авторы белгісіз немесе пәленше айтыпты делінетін қызықты, қисынды шешендік сөздер, аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі. Әдепкіде бұлардың барлығының шығарушысы болғандығы, уақыт өте келе көмескі тартып, халықтық сипатқа ие болғандығы жасырын емес. Қазақ шешендік өнерінің тарихында біздің заманымызға дейін өмір сүрген Ақарыстың (Анахарисис) шығармашылық мұрасының бізге жетпеуі – дер кезінде хатқа түспеуі және араға түскен жылдардың уақыт қатпарында ұлы бабаның айтқан сөздерін халықтық шығармашылыққа айналдырғандығының жемісі дер едік. Алайда, бертіңгі дәуірлерден есімдері белгілі, даңқты би-шешендеріміздің шығармашылығы әлдеқайда жарқын, әрі бізге мүмкіндігінше толығырақ жеткен.
Солардың бірі – біздің дипломдық жұмысымызға арқау болып отырған ұлы жүз –Төле, кіші жүз – Әйтеке билердің замандасы, әйгілі әз-Тәукенің «Жеті жарғысын» шығаруға қатысқан, орта жүздің биі – Қаз дауысты Қазыбек.
Шешендікті сөз сөйлеудің салты ретінде емес, өнер ретінде түсінген, өнер өрісін кеңейтіп, биік белеске көтерген кемеңгер бабамыздың әр сөзінде терең мағына мен астарлы ой, ақылмандық пен көрегендік жатыр.
Баба мұрасы ұзақ жылдар бойы кеңестік идеологияның салдарынан Ә.Мәметованың, Б.Адамбаевтың еңбектерінде шет жағалап айтылып, соңғы жылдары Н.Төреқұловтың, С.Негимовтың зерттеу еңбектерінде лайықты бағасын алып келеді. Әсіресе, жерлесіміз, тарихшы-ғалым Ж.Артықбаевтың «Қаз дауысты Қазыбек» (2000 ж.) монографиясында арнайы зерттеу нысанасына айналды. Дегенмен, Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың Қазақ тарихындағы даңқы шешендігімен шыққандығын ескерсек, бабамыздың шешендік өнердегі жарқын тұлғасын таныту, ұлттық шешендік өнердің дамуына қосқан үлесін айқындау – диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты болмақ.
I т а р а у
Достарыңызбен бөлісу: |