I тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы


Қылмыстық істі қысқартудың маңызы



бет2/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#169858
1   2   3   4   5

1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады, нәтижесінде қылмыстық процесуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процесуалдық маңызы жағынан айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келеді.

Г.М.Миньковский дұрыс көрсетеді, істің қысқаруы, алдын ала тергеудің аяқталу нысаны ретінде, өзінің мақсаты мен мәні бойынша істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберумен бірдей маңызға ие.

Дәлелдемелер толық жеткілікті болып, өндірісті қылмыстық қудалауды жалғастырмай жиналған дәлелдемелердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуі тиіс. Мысалы: тәжірибеде тергеушілер көбінде қылмыстық істі қылмыс құрамының жоқтығы және қылмыс оқиғасының орын алмағанын негіздеп істі қысқартады. Тергеуші қысқартса оның заңдылығы мен негізділігін прокурор тексереді, ал сот қысқартқан жағдайда тараптардың қарсылығы болса апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Егер бұзылған құқықтар мен мүдделер болса қалпына келтірілуге жатады деп түсінуге болады.Негізгі маңызы қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.

Кейбір ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқарту – процестің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Олардың ойынша қылмыстық істі қысқарту – бұл екінші акт, ал кейде ақау (брак) деп санайды. Мынадай көзқарас бар, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген қателіктердің нәтижесі болып табылады, ал егер қылмыстық істі қозғау мен тергеу дұрыс жүргізілсе, онда нәтижесінде тергеушінің айыптау қорытындысын жазумен аяқталады. Мұндай көзқарасты қолдайтын автолардың пікіріне толық қосылуға болмайды деп есептеймін.

Әрбір қозғалған істің ерекшелігіне байланысты істі тез және толық ашу әрқашанда жүзеге аса бермейді. Дәлелдемелер немесе құжаттар, жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайдың барлығы да ескерілуі тиіс. Егер қозғалған қылмыстық істердің барлығын қысқарту себебінен заңсыз деп тапсақ, онда бұл негіздің іс жүргізушілік заңда орын алуының қажеттігі неде деген сұрақ туындайды. Егер қылмыскер ауыр қылмыс жасап, әрекетіне шын өкініп жәбірленушімен татуласып, келтірілген заладың орнын толтырса, ол адамды неге жауаптылықтан босатпасқа.

Қылмыскер өзінің әрекетіне өкініп, түзелем деген ниетпен әрекет жасаса оның ақталуға мүмкіндігі туады деген пікірдемін. Менің бұл пікірімді С.А. Шейфер тереңірек ғылыми түрде түсіндірме береді.

Бұндай көзқарас тәжірибеде көптеген істер заңсыз қозғалып, қысқартылумен түсіндіріледі. Бірақ барлық қылмыстық істердің қысқаруы оның заңсыз қозғалуынан жүзеге аспайды.

С.А.Шейфер азаматты қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартпаудың процесуалдық кепілі қылмыстық істі қысқарту болып табылады. Сот өндірісінің мақсаты болып, тек қана қылмыскерді жауапкершілікке тарту мен соттау емес, сонымен қатар сезікті айыпталушы ретінде ұсталған тұлғаларды уақытылы ақтау қажет.

Себебі біз сезіктіні немесе айыпталушыны кінәсі дәлелденбесе ұзақ уақыт қамауда ұстай алмаймыз, яғни тиісті органның нақты дәлелдемелері болмаса ұстау мерзімі өткеннен кейін ұстауға құқығы жоқ.

Мұнда кінәсіздік презумпциясы туралы сөз қозғауға болады1. Әр адам оның қылмыс жасағаны үшін кінәлілігі дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады

Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе, онда уақытында қылмыстық істі қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.

Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттерімен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады. Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауіптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады2.

Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды. Біріншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жәбірленуші шағымдай алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады. Бұл жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады өтеген болса, ал басқа жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші бұл шығарылған шешімді сотта шағымдай алады.

Үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты жасаған тұлғаны анықтауға жәбірленушінің құқықтарын қорғауға негіз болады. Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық істің қысқартылуы соттың ауыртпалығын төмендетеді.

_____________________________



1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы 2003г С.19

2 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002г. С. 99.

2. Қылмыстық істі қысқартудың негізгі шарттары.

2.1. Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.

Қылмыстық істі қысқартудың негіздерінің түсінігі және жүйеленуі.

Қылмыстық істі қысқартудың негізгі жағдайы мен себебі болып, істі қысқартудың негізі табылады. Әрбір негіздің өзіндік сипаттамасы бар. Олар бір бірін алмастыра да толықтыра да алмайды. Заңи әдебиеттерде қылмыстық істі қысқартудың негіздерін жүйелеу енгізілмеген .

Атақты профессор В. Случевский өндірістік істі жалғастырудың негіздерін фактілік және заңдық деп бөледі1. Осы көзқарасты ұстаушы ғалым И.Я.Фойницкий қылмыстық істі қысқартудың фактілік жағдайларына айыптауға жеткілікті негіздердің болмауын, істің мәнісі бойынша айыпталушыға ұсынған айғақтардың жеткіліксіздігі, ал заңдық жағдайларына – қылмысмтық әрекетті, жазаны жоятын жағдайларды себептерді жатқызады2.

Совет ғалымы С.А. Голунский заңдық негіздерге қылмыстық әрекеттердің жазалануы мен қылмыстық сипатты жоятынтындарды, ал фактілікке – сотқа беруге мәліметтің аздығы сияқты себептер жатқызылады3.

Кейінірек мұндай көзқарастар советтің процесуалдық әдебиеттерінде сынға ұшыраған Н.В.Жогин және Ф.Н. Фаткуллин заңмен көзделген барлық себептер заңдық негіздерге жатады деп көрсеткен4. Сонымен қатар, әрқайсысы жеке – жеке анықталған фактілерді білдіреді, нақты фактілі деректермен негізделеді, осы тұрғыдан алғанда фактілік сипатқа ие.

С.А.Шейфер келесідей жүйелеуді ұсынады:

1.Қылмыстылықты жоятын немесе қоғамға қауіптілікті жоятын негіздер.

2. Жазаны жоятын негіздер

3.Бір айыптау бойынша екінші рет айыптауды жоятын негіздер5

М.С.Строгонович қылмыстық істі қысқартудың негіздерін үш топқа бөлген. Бірінші топқа:ол заңға сәйкес қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатын, жоятын негіздерді, ал екінші топқа: тергеушіге қылмыстық істі қысқарту құқықтарын беретін, бірақ міндеттемейтін негіздер, ал үшіншіге қылмыстық іс бойынша жеткілікті дәлелдемелер жиналмауына байланысты сотқа жіберуге жатпайтын нақты жағдайлар бойынша негіздерді жатқызады6.

______________________________


1 Под ред В.М. Случевского Уголовный процесс: учебник М.;1937г С.47

2 И.Я. Фойницкий Курс уголовного судопроизводства М.,1970 Том 2, С.51-52.

3 С.А. Голунский О прекращении уголовных дел. 1937г. С.188

4 Н.В. Жогин; Ф.Н. Фаткуллин Указ. соч С.203-207.

5 С.А. Шейфер Некоторые вопросы прекращения уголовных дел в стадии дознания и предварительного следствия 1962г. С.48.

6 М.С. Строгонович Курс советского уголовного процесса М., Наука; 1970г, Том 2 С.168.
А.Я. Дубинский қылмыстық істі қысқартудың үш тобын бөліп көрсетеді:

1.Қылмыстық іс-әрекет болмағанын дәлелдейтін негіздер .

2.Қылмыстық жауаптылықтан босататын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту негіздері.

3.Фактілерді қайта тергеуді болдырмайтын негіздер1.

Әдебиеттерде ең көп тараған топтастыруды П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский ұсынды2. Материалдық құқықтық және процесуалдық негіздер .

Материалдық құқықтық негіздерге қарағанда процесуалдық негіздер іс жүргізушілік заңда арнайы бекітілген негіздерді жатқызады. Оларға қылмыстық өндірісті жүргізуді жоятын негіздер жатқызылады.

Соңғы көзқарасты ұсынатын авторлар материалдық – процесуалдық негіздерге төмендегілерді жатқызады:

- қылмыс оқиғасының болмауы

- қылмыс құрамының болмауы

- ескіру мерзімінің өтуі

- рақымшылық актісінің негізінде, егер жасалған әрекет үшін жазаны жоятын болса

-қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қылмыстық жауптылық жасына толмауы

-қылмыс жасаған немесе кінәлі тұлғаның өлімі

- қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін жағдайлардың болуы;

Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық негіздеріне мына төмендегілер жатқызылады:

- сол айыптау ісі бойынша заңды күшіне енген шешімнің болуы, сол негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы соттың ұйғарымы немесе қаулысының болуы;

- анықтама, тергеу прокурордың сол іс бойынша айыптау қаулысының болуы;

- жәбірленушінің шағымының болмауы, егер қылмыстық іс оның шағымы бойынша қозғалуы қажет болса;

- жәбірленуші мен айыпталушының бітімгершілікке келуі, егер істің қозғалуы жәбірленушінің шағымы бойынша жүзеге асырылған болса;

Тәжірибелік маңызы жағынан, процесуалдық тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қысқартудың маңыздылығы басқа жүйелеудің негізіне ие. Осыған сәйкес қылмыстық істің негіздерін былай жүйелейді :

1.Ақтайтын негіздер

2.Ақтамайтын негіздер


_______________________________
1 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного следствия Автореферат, Киев 1971г С.14.

2 П.М.Давыдов, Д.Я. Мирский Указ соч М.;1963г С.11.

В.В. Вандышев, Н.А. Власова, П.М. Давыдов, В.А. Ковалев, И.Л. Петрухин, В.И. Радченко, А.В. Смирнов сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық іс бойынша өндірісті екі топқа бөлуге болады. Олар:ақтайтын және ақтамайтын.

В.В. Вандышев пен А.В. Смирнов сияқты ғалымдар төмендегідей анықтама береді: Реабилитация (ақтау) – бұл қылмыс оқиғасының болмауы, қылмыс құрамының болмауы, қылмыстық әрекетті жасауда айыпкердің кінәсінің дәлелденбеуі деп көрсетеді. Ал қалғандары ақтамайтын негіздер1.

Дәл осындай көзқарасты Н.А. Власова ұсынады: ақтайтын және ақтамайтын. Ақтайтын негіздер деп – тұлғаның кінәлі еместігін куәландыратын немесе дәлелдейтін жағдайлардыкөрсетеді. Оларға: қылмыс оқиғасы, қылмыс құрамының жоқ болуы және тұлғаның жоқ болуы және тұлғаның қылмыс жасаудағы кінәсіздігі2.

Ю.М. Грошева мен П.А. Лупинская ақтайтын және ақтамайтын негіздерді нақты көрсетеді, бірақ толық сараламайды. Ақтайтын негіздер жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қалады, ал ақтамайтын негіздерге жағдайдың өзгеруін қосады, бірақ бұл негіз біздің заңнамада көрсетілмеген, амнистия мен ескіру мерзімінің өтуін көрсетеді. Көріп отырғанымыздай бұл жіктеу толық емес3.

«Ақтайтын (лат.Rehabilitation, re –қайта, қайтадан + habilitas /habilitatis/ - жаралуы, қабілет, икемділік, ағылшын тілінен rehabilitation) – 1) азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру; 2)қайтадан жақсы атағын қалпына келтіру.

Осыдан келіп, ақтамайтын негізге сәйкес қылмыстық істің қысқартылуында «қалпына келтіру» туралы сөз болмайды.

Қылмыстық істі қысқартудың осындай негіздері тәжірибеде кең қолданылады. Бұл мынамен негізделеді қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту қылмысты тергеу мен істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберумен тең болады. Бұл жүйелеу айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есеп беру кезінде тиімді, сонымен қатар тергеушілермен анықтама жүргізетін органдардың жеке ауыртпалықтарын есептеуде де тиімді.


________________________________
1 В.В.Вандышев, А.В.Смирнов Основы уголовного судопроизводства, Санкт-Петербург 1996г.С.56.

2 Н.А. Власова Досудебное производство в уголовном процессе, М.; 2000г. С126-127.

3 Ю.М. Грошевой Сущность судебных решений в советском уголовном процессе, Харьков 1979г .С.84.

2.2.Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту.

Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1- бөлігінің 1-тармағы (қылмыс оқиғасының болмауы), 2-тармағында (қылмыс құрамының болмауы) анықталған. Негіздерді ажырату кезінде тәжірибелік қызметте алдын ала тергеу органдарының жұмысында қиындықтар туады. Қылмыстық іс жүргізушілік әдебиеттерде де осы сұраққа қатысты пікірталас бар. Ақтайтын негіз бойынша негіздерді ажыратуда көптеген қарсылықтар ресей ғалымдарының арасында жиі кездеседі1.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқарту.

Қылмыс оқиғасы – бұл жасалған қоғамға қауіпті әрекет, құқық бұзушылық деп бағалауға болады. Бұл белгілі бір адамның әрекетімен жасалады және ол міндетті түрде қоғамға қауіпті болуы тиіс. Қылмыс оқиғасында объективтік жақтың бейнесін көруге болады. Ал объективтік жақтың міндетті белгісі болып – қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік табылады

Орын алған қылмыс оқиғасы туралы құқық қорғау органдарындарына қылмыс оқиғасына куә болған тұлғалардың жауаптарынан немесе жағдайдың өзгеруінен, заттардың ауысуынан белгілі болуы мүмкін. Кейде адамдардың хабарламалары қате, жалған, ал жағдайдың өзгеруі - қылмыспен байланыссыз күйде болуы мүмкін. Істің мән – жайын тергеу барысында тергеліп жатқан істің мүлдем орын аплмағандығы туралы қорытынды шешімге келуге болады.

Сонымен, әрекетте оқиғаның болмауы немесе қылмыс құрамы элементтерінің бірінің болмауы заңда нақтылы түрде істі қысқартудың жеке-дара негізі ретінде көрсетілген және жиі тәжірибеде орын алады2. Тәжірибедегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің тәжірибесіне сәйкес өндіріс бойынша қылмыстық істі қысқартқан жағдайда екі негізді жиі бірге атап көсетеді:

1. Қылмыс құрамының болмауы;

2. Қылмыс оқиғасының болмауы;

Көптеген авторлар оқиғаның болмау мәселесін тергеу барысында анықталған мән-жайлар бойынша мүлдем орын алмаған оқиға туралы сөз қозғайды3. Қылмыс оқиғасының болмауын қылмыс құрамының болмауымен салыстыратын авторлар төмендегіше баяндайды: қылмыс

_______________________________


1П.М. Давыдов, Д.Я. Мирский Прекращение оуголовного дела в стадии дознания и предварительного следствия М., 1974г С.45-49.

2Л. Корнеева Прекращение уголовного дела за отсутствием состава и события преступления 1970г С.53-54.

3П.М. Давыдов, Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел М., Госюриздат 1963г, С.12

оқиғасы, яғни соның негізінде қозғалған қылмыстық іс фактілі түрде мүлдем орын алмағандығы туралы айтылады1.

Кейбір авторлардың пікірінше, қылмыс оқиғасының болмауы жайлы сөз қозғауға болады. Егер қылмыстық іс бойынша қозғалған оқиғаның орын алмауы. Н.Я. Якубовичтің пікірінше: «тергеудің пәні болып табылатын қылмыстық әрекет, шын мәнінде орын алмаған жағдайда, қылмыстық оқиға болмады деп есептеледі»2.

Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллиннің көзқарасы қарастырылып отырған сұрақ бойынша дұрыс. Олардың ойынша, «қылмыстық істі қысқартудың негізі ретінде қылмыс оқиғасының болмауы, алдын ала тергеуде әртүрлі нұсқаларда анықталады». «Қылмыс белгілері болып, бірақ қылмыс құрамының элементтері толық болмаса, онда әрекет болмады деп есептеледі». Бұл мәселенің тек теориялық емес тәжірибелік маңызы да бар. Себебі: қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылса, онда іс бойынша барлық жауаптылық жойылады. Қылмыс құрамы болмаған кезде қылмыстық іс нақты тұлғаға қатысты қысқартылады: онымен жасалған әрекет қылмыс болып табылмаса. Бұл жалпы ереже. Сонымен қатар, қылмыстық жағдайларды белгілейді, яғни тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, оның әрекеті қылмыс белгілеріне сәйкес болса да:

1.Қажетті қорғаныс – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабы;

2.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 33-бабы;

3.Аса қажеттілік - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 34-бабы;

4.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 36-бабы;

5.Орынды тәуекел ету – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35-бабы;

6.Бұйрықты немесе өкімді орындау - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 37-бабы;

Осы аталған жағдайлар анықталса қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, онда өндіріс қысқартылуға жатады. Н.В. Жогин мен Ф.Н.Фаткуллиннің пікірінше, адамның қылмыстық әрекетке қатысын дәлелдемеу салдарынан қылмыстық іс қысқартылады, егер тергеушінің
_________________________________
1 Д.С. Карев, Н.М. Савгирова Возбуждение и расследование уголовных дел. М. Высшая школа, 1967г. С.112 Осындай көзқарасты өзге де авторлар ұстанады: П.М.Давыдов, В.Д.Сидоров, П.П. Якимов Судопроизводство по уголовно процесуальному закону. Свердловск 1962г. С.9

2 Н.Я. Якубович Окончание предварительного следствия. М.; Юридическая литература 1962г. С.10

барлық әрекеттеріне қарамастан айыптау бойынша қылмыстық жауаптылықтың барлық құрамдарын анықтайтын фактілерді дәлелдеу сәтсіз болса, онда бұл фактілер құқықтық әрекеттің белгілі тұлғаның осы қылмысқа қатысты кінәлілігін анықтайтын негіздің болуын айтады1.

Г.Н. Стойко осыған сәйкес заңнамада дәлелденбеу негізіне қатысты қылмыстық істі қысқартудың үш негізін бөліп көрсетуді ұсынады:

- қылмыс оқиғасының болуының дәлелденбеуі;

- айыпталушының қылмыстық іс-әрекет жасауға қатысуының дәлелденбеуі;

- тұлғаның жасаған әрекетінде кінәсінің дәлелденбеуі2;

Бұл көзқараспен толық келісуге болады деп есептеймін. Шынында да, тергеу тәжірибесінде жасалған әрекет белгілі – бір нақты тұлғамен тығыз байланысты болуы мүмкін жағдайлар аз емес. Және осы тұлғаның қылмысқа қатыстылығының дәлелденбеуі – автоматты түрде қылмыстық істің қысқартылуына алып келіп соқтырады.

Ақтайтын негіздер бойынша қысқартылған барлық қылмыстық істер алдын ала тергеудің кемшілігі салдарынан болады деп санауға болмайды. Яғни қылмыстық іс қылмыс белгілері болған кезде қозғалуы қажет. Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың төрт белгісін атап көрсетеді3. Олар: қоғамға қауіптілік, қылмыстық құқыққа қайшылық, кінәлілік, және жазаланушылық.

Қылмыстың бірінші белгісі оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік қылмыстың негізгі материалдық белгісі және қандайда бір әркетті қылмыс деп танудың негізі болып табылады. Алайда қоғамға қауіптілік - өзгермелі категория. Ол бірнеше жағдайларға: іс-әрекеттің өзіне (әрекет немесе әрекетсіздік); қылмыстың жасалу жағдайы, орны уақыты, тәсіліне; қылмыскердің жеке басының ерекшеліктеріне; қылмыстан келген зардаптың мөлшеріне; қылмыстың мақсаты мен мотивіне және т.б. жағдайларға байланысты анықталуы мүмкін .

Егер жасалған әрекетте қоғамға қауіптілік белгі болмаса, онда оның қылмыстылығы мен жазаланушылығы жойылады. Сондықтан, жасалған әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамға қауіпті емес іс-әрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2- бөлігі).

Қылмыстың екінші белгісі – қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгілі бір әрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Қоғамға қауіпті әрекет, егер ол қылмыстық заңда тікелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып табылады.

______________________________


1 Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткуллин Предварительное следствие М.; Юрид. лит-ра, 1965 г С.306.

2 Г.Н. Стойко Недоказанность обстоятельства уголовного дела. Красноярск .; 1984г. С.21

3 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық Жалпы бөлім Алматы 2003ж.; 32-бет
Қылмыстың келесі белгісі – кінәлілік. Адамның өзі жасаған әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекеті кінәлі түрде жасалған деп танылады. Сонымен бірге, сыртқы формальды белгілері қылмысты құрайтын тойтарылмайтын күш нәтижесінде немесе күштеп мәжбүрлеу кезінде адамның жасаған әрекеті де қылмыс ретінде саналмайды. Яғни, кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.

Жазаланушылық – қылмыстың соңғы белгісін құрайды, өйткені қылмыстық заң жазалау қатерімен қорқытып тиым салған әрекетті немесе әрекетсіздікті жасау қылмыс болып саналады1. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетілгенін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатынын білдіреді. Мұндағы жазалау қатерімен тиым салу қылмыстың жазаланушылық белгісі болып табылады.

Бұл көрсетілгендер қылмыстың негізгі төрт белгісі болатын. Осы белгілерге сәйкес қылмыстық әрекетті жай әрекеттен ажыратамыз.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқарту. Егер қылмыс құрамы болмаса қылмыс та жоқ деген түсінік шығады. Мұндай жағдайда өндіріс міндетті түрде қысқартылады2.

Қылмыс құрамының ұғымы латынның «corpus delict» қылмыстық құқықтың ортағасырлық ғылымында пайда болған және ол тек процессуалдық мағынада қолданылды3.

Сонымен қылмыс құрамы - бұл жасалған белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде сипаттайтын қылмыстық заңмен бекітілген қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің міндетті жиынтығы.

Қылмыс құрамы төрт элементтен тұрады:

1.Қылмыстың объектісі – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар: адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоршаған орта, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы мен қатар қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілікпен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

______________________________
1 А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Адматы: Жеті Жарғы :1999 ж.37-бет.

2 Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Алматы: Жеті Жарғы : 2000ж, 235-бет

3 Л. Карнеева Прекращение уголовного дела за отсутствием состава и события преступления. М.;1970г С.53-54.

2.Қылмыстың объективтік жағы – қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Яғни қоғамға қауіпті зардап, себепті байланыс, қылмыс жасау, орны, уақыты, тәсілі, құралы және т.б.

3.Субъектісі жеке адам, есі дұрыс, жауаптылық жасына жеткен болуы тиіс. Қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылық жалпы жас шамасы он алты жас болып табылады, кейбір ерекше жағдайларда он төрт, он сегіз,жиырма бес жастан да жауаптылық басталады. Біздің заңнамаға сәйкес міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс, яғни заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы қарастырылмайды. Есі дұрыстық та субъектінің міндетті белгісіне жатады. Егер адам өз әрекетіне жауап бере алмайтын болса біз оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай, керісінше тиісті емдеу мекемесіне соттың шешімімен емделуге жіберіледі. Қылмыс адамның кез-келген іс-қимылы сияқты адамның санасы мен еркі арқылы анықталады және бақыланады. Сондықтан есі дұрыстық – қылмыс субъектісінің міндетті ажырамас заңдық белгісі болып саналады.

4.Субъективтік жақ – кінә (абайсыздық пен қасақаналық), ниет, мақсат, эмоционалдық жағдай (аффект).

Осы құрам элементтерінің бірінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын дәлелдейді. Ал қылмыс құрамы болмаса қылмыс та жоқ деген түсінік қалыптасады. Сол себептен тиісті орган қылмыстық істі тез арада қысқартуға міндетті. Егер кінәлі деп санаған тұлға қамауда болса тез арада босатылуы тиіс. Сондықтан да мұндай негідер ақталуға жататын негіздер деп аталады.

Қазақстан Рнспубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 2-бөлігінде қылмыстық іс қылмыс оқиғасаның жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшін барлық мүмкіндіктер сарқылса, олардың бар екендігі дәлелденбеген кезде де, осы баптың бірінші бөлігінің 1 және 2- тармақтарында көзделген негіздер бойынша қысқартылады.

Тәжірибеден алынған мысалдар:

Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісімен кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында анықталған мән-жайлар: бір топ жастар А. деген азаматтың пәтерінде қылмыс оқиғасы орын алған. Н.деген азамат бұған дейін таныс болмаған Б.-ның туылған күніне досы С.-мен бірге келеді ол жерде Б.-мен оның шақырылған қонақтары болды. Барлығы жиналып спирттік ішімдік ішкен. Сосын Н. оған нашақорлық затты салып беруді сұрап, осыдан кейін ол сол жерде болған ер-азаматтармен жыныстық қатынасқа түседі. Сонымен қатар, Н. өзінің венерологиялық аурумен ауратынын ескертіп, тиісті құралды пайдалануды ұсынып, ешқандай қарсылықсыз жыныстық қатынасқа түскен. Оған қарсы ешкім күш көрсетпеген және ол өзі бұл әрекетке өз еркімен барып отыр. Сондықтан орын алып отырған факт бойынша қылмыстық іс қысқартылады. Себебі қылмыс құрам элементтері жоқ. Бұл жағдайда қылмыстық іс толығымен қысқартылады.


Ия, айыпталушыға байланысты іс толығымен қысқартылуы тиіс, бірақ тергеу барысында өзге де мән-жайлар анықталуы мүмкін.

Барлық ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істің қысқартылуын алдын ала тергеудің кемшілігі деп білуге болмайды. Қылмыстық іс қылмыстың белгілері мен қатар қылмыс құрамы мен оқиғасының болуына байланысты қозғалуы қажет.

Егер қылмыс белгілерінің негізінде өндіріс қозғалса, кейін қылмыс құрамының бір элементінің болмағандығынан қысқартылса, онда қозғалған қылмыстық істің қозғалуы мен қысқартылуын заңды әрі негізді деп есептеуге болады.

Мысалы: домалақ (аноним) қоңырауы негізінде шыққан жедел – іздестіру тобы пәтерде ер адамның мәйітін табады. Мәйіттің денесінде пышақ іздері табылады. Аталған қылмыс белгілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Көп ұзамай осы қылмысты жасауы мүмкін деген күдікпен сезікті ретінде жәбірленушінің ( мәйіттің ) жұбайы табылады. Бұрын сотталған, бірақ шартты мерзімге босатылған.

Алдын ала тергеу барысында жұбайы бұрын күйеуіне дене жарақатын салғаны үшін сотталғандығы анықталған.

Сонымен тергеу барысында Махатова Сайра Шалбайқызы күйеуін қажетті қорғаныс кезінде анықталып, ҚР ҚК-нің 32-бабына (қажетті қорғаныс) сәйкес өндіріс қысқартылды. Мұндай мысалдар күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұрады.

Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқартқан жағдайда, егер ол заңды әрі негізді қозғалған болса, іс бойынша өндірісті тоқтата тұрумен салыстырғанда қылмыстық - процесуалдық қызмет толық тоқтатылады қылмыстық сот өндірісінің толықтай және жекелеп алғанда алдын ала тергеудің де міндеттері орындалған болып есептеледі1.

Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында белгіленгендей, заңды дұрыс қолдану тек қана әрбір қылмыс жасаған тұлғаны әділ жазалау емес, сонымен бірге бірде бір кінәсіз тұлғаның сотталмауы табылады2.

Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту кезінде заңды дұрыс қолдану мәселесі шешіледі ол қылмыс жасаған немесе қылмыс жасаудағы кінәлілігі дәлелденбегендерге қолданылмайды3.

_______________________________



1 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии дознания и предварительного следствия Киев 1975г С.9-15

2 В.З. Лукашевич Актуальные вопросы прекращения уголовного дела Ленинград 1968г С.114.

3 П.И. Коробов Предотвращение следственных ошибок при освобождение от уголовной ответственности М.; 1978г. С. 74-76


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет