МАЗМҰНЫ
Кіріспе......................................................................................................................2
I тарау. Өз бетінше жұмыстың педагогикалық-психологиялық
мәселелері
§1.1. Өзбетінше жұмыстың педагогика ғылымындағы түсінігі........................3
§.1.2. Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері.................................................................................................5
II тарау. Шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмысты
ұйымдастыру.
§2.1. Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы..........................................................................................12
§.2.2 .Математика оқулығы, өзбетінше жұмысты ұйымдастыру құралы...16
§.2.3. Диференциалды оқыту элементтерін өзбетінше жұмысты ұйымдастыруда қолдану......................................................................................19
§2.4. Шығармашылық тапсырманы орындау-өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу жолы..........................................................................................................22
§2.5 Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бағдарламалап оқыту......................25
§2.6.Өзбетінше жұмыстарды пайдалану іс-тәжірибесі.................................30
Қорытынды.........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................48
Кіріспе.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді.
Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды «Ауыл жылы» атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты «Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру» атты курстық жұмыс жазудан бастадым.
Зерттеу әдісі — педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, озат тәжірибелі мұғалімдер сабағына қатысу, бақылау ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.
Зерттеу объектісі - шағын комплектілі мектепте оқушыларға математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні - шағын комплектілі мектепте ұйымдастыруды үйрету жолдары мен әдістері
Зерттеу мақсаты - шағын комплектілі мектепте математикадан өз бетінше жұмыстың түрлерін ұйымдастыру арқылы олардың ойлау қабілеттерін арттырып, теориялық білімді тереңдете түсуі, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру; оқушылырадың логикалық ой-өрісін кеңейтіп, ізденушілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Зерттеу міндеті - 1. Шағын комплектілі мектепте математикадан өз бетінше жұмыстардың түрлері және оны оқытуда пайдалану;
2. Шағын комплектілі мектептің бастауыш класс мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін жинақтап қорыту.
Зерттеу нәтижесі - 1. Бастауыш класта математиканы оқытуда;
2. «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» мамандығына арнайы семинар және студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
I тарау. Өз бетінше жұмыстың педагогикалық-психологиялық
мәселелері.
§1.1. Өзбетінше жұмыстың педагогика ғылымындағы түсінігі
Кез-келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы, оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім» туралы Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім беретін 8242 мектептің 3906-сы жинақталған мектеп екен. Осы айтылып отырған «шағын комплектілі» мектепке мынадай түсінік беруімізге болады: 1) оқушы саны өте аз мектеп; 2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп; 3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.
Шағын комплектілі мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда әрі ауыр, әрі киын екендігі белгілі. Сол себепті мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса шеберлікті қажет етеді. Соңғы кездегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, шағын комплектілі мектептердегі бір мезгілде қатарынан оқылған әр деңгейдегі сынып оқушыларының білім деңгейі жалаң оқыған сыныптың оқушыларына қарағанда тиянақты да терең екендігі байқалады. Өйткені қатар оқылған сыныптардағы оқушылар тапсырманы өз бетінше істейді және теорияны тәжірибемен байланыстырады. Олар мұғалімнің басшылығымен әртүрлі өздігінен істейтін жұмыстың түрлеріне төселіп алады.
Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ертеректен бері жүргізіліп келе жатқан шетелдіктердің, атап айтсақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, шағын комплектілі мектептерде «жаңа педагогикалық» технологияның аса қажет екендігіне көз жеткіздік.
Красноярскіде жаңа педагогикалық технологияны оқытудың ұжымдық тәсілі 1984 жылдан бері В.К. Дьяченконың басшылығымен жүргізіліп келеді. Оқытудың ұжымдық тәсілінің басты идеясы оқу сабақтарындағы оқушылардың ауыспалы құрамдарының жұптарындағы өзара қарым-қатынасы негізінде сабақтың оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Оқыту үрдісінде ауыспалы құрам жұптарының (АҚЖ) жұмысын тұңғыш рет 1918 жылы Украинада талантты инженер-ұстаз Ривин Александр Григоревич қолданған. Г.К.Селевконың кітабында оқытудың ұжымдық тәсіліне (О¥Т) мынадай анықтама берілген. «Оқытудың ұжымдық тәсілі деп динамикалық жұптарды оқытудың бір-бірімен тілдесу арқылы, яғни оқушы бірін-бірі оқыта отырып жүзеге асырылуын айтамыз». Оқытудың ұжымдық тәсіліне оқытуды ұйымдастырудың төрт түрі жатады: жекеше, жұппен, топтық және ұжымдық. Осының ішінде ұжымдық ұйымдастыру мұндағы ауыспалы құрам жұптарындағы оқушылардың «оқушы-мұғалім» рөлін орындауы қазіргі кездегі оқытудың жаңа түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетіледі.
Республика шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
Біріншісі — бастауыш шағын комплектілі мектеп;
Екіншісі — негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
Үшіншісі — жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп: Олардың бәріне тән қасиеттер:
-
тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын комплектілі мектепте басым),
-
тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз және
сыныптардың болуы;
-
тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орта
шағын комплектілі мектепте басым).
Шағын комплектілі мектеп — қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттармен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.
Шағын комплектілі мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді.
Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтердегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін естен шығармауымыз керек. Олар:
1. Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық
ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй-жағдай, ата-
анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби
мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының
дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді.
2. Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығына бағытталған
сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туғызады.
-
Оқу материалын толық меңгеру - оқушылар үшін өте күрделі
үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшелігін
нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді
пайдалануға болады.
-
Шағын комплектілі мектептерді оқушылардың өз бетімен көбірек
жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана
отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге,
қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте
ұстау керек. Үй тапсырмаларын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін
ескере отырып, даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн.
-
Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу
материалын меңгеруін, білім санасын, дағды біліктерін және танымдылық
белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті.
-
Практикалық, лабораториялық және экскурсия сабақтарында
оқушыларды түгелдей қамтып, жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың
аздығы қолайлы жағдай туғызады.
7. 0қушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады.
8. Шағын комплектілі ауыл мектептері оқушылардың бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.
Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы тәрбие процесінің сапасын арттыру-маңызды әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема. Уиткені, Қазақстандағы мектептің 76 пайызы ауылдық. Оның 65 пайызы шағын комплектілі мектептер. Шағын комплектілі мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын бір саласы оқушылардың өздігінен орьщдайтын жұмыстары. Өзбетінше тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өзіндік бақылауды үйреніп, оларда жауапкершілік, оқу еңбегіне қатынас, жолдастық көмек қалыптасады.
Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты қарастырады.
Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып бөлінеді.
Дайындық өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады. Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, оқу құралдарын таңдап алу жатады.
Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең көлемде қолданылады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, дағды, іскерлікті бекіту және қалыптастыруда орын алады.
Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және бақылау жұмысымен ерекшеленеді.
Өз бетінше жұмыста тапсырма жалпы және жеке түрде беріледі. Жеке тапсырмаларды барлық оқушы өз бетінше жұмыс орындайды. Көбінесе шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмыстың жеке түрлері қолданылады, сонымен бірге өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың коллективтік түрі де болады. Мысалы: лабораториялық жұмыстың кейбір түрлері, жергілікті жерде өлшеу жұмыстары және т.б.
Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп, қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Математика сабағында өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі тиіс .
Бастауыш сыныптарға арналған математика бағдарламасының «Түсінік хатында» математиканы оқыту өзара байланысты төрт түрлі мақсатты көздейтіндігі айтылған, яғни:
-
Білімділік - бағдарламаға сәйкес математикалық білім, икемділік және машықтандырудың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
-
Тәрбиелік - шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, ізгі игіліктерді, еңбекке бейімділік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру; ,
3. Дамытушылық — логикалық құрылымдар мен ойлаудың
математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларды практикалық есептерді шешуде қолдана білуімен байланысты икемділікті қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуін білім мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты үйлестірілген, ойластырылған жүйесін құруға, оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын ұйымдастыру формаларын іріктеп алуы, өзбетінше жұмыс түрлерін пәндердің ерекшелігіне қарай құруға байланысты.
§.1.2. Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері.
«Білім негізі - бастауышта» - деп тегін айтылмаған. Бұл ұзақ жылдар бойы қиыны мен қызығы қатар жүретін педагогикалық мол тәжірибеден алынған сөз. Ия, білімнің берік негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Яғни, болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.
Бастауыш мектептер ішінде шағын комплектілі деп аталатын мектептің өзіндік ерекшелігі бар. Осы мектепте ерекше көңіл аударатын оқу-тәрбие жұмысының бір саласы оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Мұғалім оқушылардың өздері орындайтын жұмыс түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп, күні бұрын жоспар жасап әр тақырыптың ауыр, жеңілдігіне қарап ұйымдастыруы тиіс. Сонда ғана әр сыныптағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы сапалы болады. Яғни мектептің бастауыш сыныптары білімнің негізгі қалануымен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктері де қалыптасуы қажет.
Атап айтқанда: есепті өзбетінше дұрыс талдай алу, есепке қойылған суретке түсінуі, өзбетінше шығаруы, өрнектерді түрлендіруі, теңдеулерді шешу, т.с.с. Осындай іскерлікті қалыптастыруы, оқу барысында бір мақсатқа бағытталған жүйелі жаттығулар арқылы іске асырылады. Мұндай жаттығуларды өзбетінше орындаған жөн.
Оқушының өзбетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген есепті мұғалімнің көмегінсіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, оқушының біліміне, іскерлік дағдысына сүисіне отырып бақылаушылығын, ойлауын, есепті шығару жолдарын оаиқап көреді. Есепті шығаруда бір қате екінші қатеге жалғасып, нәтижесінде қате жауап алынуы мүмкін. Шығарған есебі қате болып, оқушы қиыншылыққа кездескенде мұғалім оны тоқтатып, қателерін жөндеу керек пе? Ондағы қиыншылықтарды жойып, оқушының ойлауын, ісін дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ элде оқушының шығарған есеошщ қате екендігіне көзін жеткізіп, қателерін өзіне тапқызып, өздеріне жөндете ме? Өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін белгілейтін мұндай сұрақтар әр мұғалімнің алдынан шығады.
Сондықтан шағын комплектілі мектепте мектеп мұғалімінен оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу талап етіледі. Шағын комплектілі мектептің оқу тәрбие жұмысында уақытты дұрыс пайдалана білуге көп көңіл бөленеді. Уақытты дұрыс пайдалана білу үшін мұғалім күні бұрын орындатылатын жұмыстардың мысалдарымен сұрақтары есептердің, жаттығулардың үлгілеріне түрлі-түсті суреттер, сызба кестелер арқылы дайындау керек.
Уақытты дұрыс пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын , қабілетін арттырады. Оқушылар өзбетінше жұмыс жүргізу үшін бір сыныпқа 5-10 минут шамасында орындалатын тапсырма беріледі. БІр сыныпта әңгіме өткізілсе, екінші сынып оқушылары өздігінен орындалатын жұмыстармен айналысады. Бұл кезде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарды қалай орындағандықтарына бақылау жасап тексеріп, бағалап отыруы қажет.
Шағын комплектілі мектептердегі сабақтың шамасы 20-25 минутында балалар мұғалімнің басшылығынсыз өзбетінше жұмыс істейді.
Бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалім кей сабақтарында өзбетінше жұмыс өткізбеуі де мүмкін. Ал бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің педагогикалық міндеті жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей, бірақ өзбетінше жұмыс көбірек істелінеді.
Шағын комплектілі мектептер жұмысының жемісті болуы сабақтардың өзбетінше жұмыстар орындауға берілген уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты.
Өзбетінше жұмысқа берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр, жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дү-рыс.Өзбетінше жұмысты сабақтың кез-келген кезеңінде тапсыруға болады.
Шағын комплектілі мектептердің математика сабақтарында өзбетінше орындайтын жұмыстардың оқып үйренетін, машықтанатын, тексеретін түрлерін ұйымдастыруға болады. Бұлардың әрқайсысына тоқталып өтейік.
а)Оқып-үйренетін өзбетінше жұмыс
Егер өзбетінше жұмыстар жаңа білімді игеру қабілетімен байланысты болса, атап айтқанда: талдап қорыту, жұмыс қорытындысын тексеру, логикалық есептерді шешу, қорытындыларды салыстыру т.б. ұйымдастырылса бұл оқып-үйренетін өзбетінше жұмысқа жатады.
Өзбетінше жұмыстың бұл түрі жаңа білімді игеру барысында қандай дидактикалық мақсат алдын-ала анықталғанда, сол жаңа материалды өту үстінде жүргізіледі.
Мысалы, «қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді» деген тақырыпта I - сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма қарастырылады. (27- бет)
3+1 1+3
Бірінші қосылғыш неге аз? Екінші қосылғыш ше? Қосындының мәні неге тең? Екінші өрнекте бірінші қосылғыш неге тең? Екінші қосылғыш ше? Қосындының мәні неге тең. Осыған толық жауап беріңдер. Оқушыларға өзбетінше шешуге осы тапсырманы беруге болады. Мысалы «қосуды тексеру» деген тақырыпта II - сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма қарастырылады. (10 бет)
Қосындының және айырманың мәндерін тауып жаз 6+3
Қосылғыштарды ата, қосындының мәнін ата, қосындының мәнінен бірінші қосылғышты азайт. Қандай сан шықты? Қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайтқанда ше? Қандай қорытынды жасауға болады? Осы сұрақтарға толық жауап беріңіз. Осы тапсырманы өзбетінше беруге болады.
Барлық оқып-үйренетін өзбетінше жұмысы сияқты бұл тапсырмаға ерекше мән-мағына беру керек. Осыдан тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды оқушының өзі табуына, байқауына жол ашылады, тек сұрақтар жүйесі мұқият қарастырылуы тиіс. Соньшен бірге бұл тапсырманы орындағанда кейбір есептер әдістерін қолданамыз. Орындаған өзбетінше жұмыстарға қорытынды жасау өте мағызды.
Яғни қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайтқанда, екінші қосылғыш шығады. Ендеше қосуды азайтумен тексеруге болады.
Осындай қорытынды жасау барлық мысалдарды сапалы түрде орындау үшін де және өтілген тақырыптың негізгі білімділік функциясын ашу, ондағы қорытылатын түжырымды дәлелдеу үшін де қажет.
б)Машықтанатын өзбетінше жұмыс
Өзбетінше жұмыстың бұл түрі қарапайым математика операцияларын немесе алгоритмді пайдалану кезінде жүргізіледі. Әуелі өзшдік жұмыстың бұл түрі мұғалімнің көмегімен тақтаға жазумен жүргізіледі.. Бұл кезде материал толық игеріледі деуге болады. Тек оқушылардың жаттығуларды өзбетінше орындаулары ғана осындай тұжырымға келтіре алады. Машықтанатын өзбетінше жұмысы әрбір сабақта өткізіледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған болса, онда оқу материалының мазмұны жаңа білімді әртүрлі тапсырмалармен толықтырылып, қорытындылайды. Сондықтан сабақты жоспарлағанда жаттығу тапсырмаларында анықтау керек. Онда: түсіндірме- демонстрациялық мақсатта қандай тапсырма немесе мысал даланылатынын тақтада не шығарылатын және түсіндірілетін, өзбетінше орындауға қандай жұмыс берілетіндігін анықтау керек.
Өзбетінше жұмыстың машықтанатын типі бағдарламалық білім берілген соң және сол білім толық игерілуі үшін жүргізіледі.
Мысалы: «Белгісіз көбейткішті табу» тақырыбында белгісіз көбейткішті табу үшін 2-4 тапсырма ұсынып, оны қолданудың дағдылары игеріледі. Тапсырма мазмұны бір немесе бірнеше варианты беріледі.
-
5-2 =
|
9-3 =
|
|
2-
|
8=
|
|
4-25=
|
10:5
|
27:9
|
|
16
|
: П
|
|
20:
|
П
|
10:2
|
27:3
|
|
П
|
: 5
|
|
П:
|
5
|
□ •6 =
|
7-П =
|
35
|
П
|
• 8 =
|
56
|
|
|
8-П =16
|
5-П =
|
45
|
п
|
• 9 =
|
27
|
|
|
Тапсырманы орындау барысында нашар үлгеретін оқушыларға мұғалімнің көмегі өте қажет.
Тапсырма өзбетінше жұмысты аяқтау барысында, сабақ үстінде тексерілгені дұрыс. Себебі ол оқушыларға өздерінің жіберген каиесін жөндеуге мүмкіндік береді.
в)Тексеретін өзбетінше жұмыс
Тексеру жұмысының 2 түрі бар. Бақылау жұмыстары және тексеретін өзбетінше жұмыстар. Бақылау жұмыстары бұл багдарламадағы өтілген тараулардың қаншалықты игерілгені туралы қорытынды жасайды. Осының қорытындысы бойынша оқушылардың оқыту кезеңіндегі білімнің сапасы, ептілігі, шеберлігі, дағдысы байқалады. Бақылау жұмыстары мектеп жұмысының жоспарымен іске асырылады. Бақылау жұмысында өткен материалдарға байланысты орындалатын тапсырмаларды тақтаға вариантпен немесе кеспелерге жазып, әр оқушыға жеке үлестіріп беру керек. Бұл жұмыс 20-25 минут уақытқа шақталып беріледі. Олардың орындалу сапасы жөніндегі бағасы класс журналына қойылады.
Тексеретін өзбетінше жұмыстары тақырып бойынша оқыту, бағдарламалық қорытындылауды аяқтау мақсатымен немесе бағдарлама сұрақтарынан алған білімін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл оқыту мақсаты тақырыппен байланыстырылған бір немесе бірнеше сабақтың нәтижесін байқауға мүмкіндік береді.
Тексеру өзбетінше жұмысына уақыт жетпеген кезде, оны келесі саоақта өткізуге болады. Тексеру жұмыстарының мазмұны тек сабақта каиталанған, өтілген және қорытындыланған материалды қамтуы керек. мұның қорытындысы жаңа білімнің игерілгенін және педагогикалық еңбектің нәтижесін көрсетеді. Енді «Белгісіз көбейткішті табу» тақырыбына тексеретін өзбетінше жұмыстың текстін құрайық. Бұл кезеңде біз оқушылардың дағдысын,белгісіз көбейткішті табудың ережесін қалай меңгергенін тексереміз.
1 Бос орынды толтырыңдар
Көбейткіш
|
6
|
|
4
|
7
|
|
6
|
|
Көбейткіш
|
|
3
|
2
|
|
4
|
|
9
|
Көбейтінді
|
18
|
15
|
|
21
|
20
|
12
|
18
|
2. Теңдеулерді шешіңдер х-5=10
8- х=10
3. Мысалдарды орындаңдар.
5'4 2-7
4-9 45:5
Бұл мысалдарды шешуде оқушылар көбейтінді мен бөліндіні таба білу және белгісіз көбейткішті табу ережесін қолданады.
Тексеру жұмысы үлгермеушілікпен екінші жылға қалдыруды болдырмау үшін, қай оқушыға өз уақтында, дер кезінде жеке көмек керектігін анықтау үшін де қолданылады. Тексеру өзбетінше жұмысы 5-15 минуттан артық өткізілмеуі керек. Осы тақтаға жазылған мэтін немесе кеспе бойынша бірнеше вариантты орындаған ыңғайлы. Бұл жұмыстар бүкіл класпен немесе кейбір арнайы іріктелген оқушылармен жүргізілуі мүмкін және оның нәтижесі міндетті түрде бағалануы керек.
Сабақтың мазмұнына байланысты, үлгермеушілер мен озат оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, әр оқушының қабілетін ескеріп, кейде жеке оқушы, кейде бір топ оқушы, кейде бүкіл класс оқушыларын қамтитын өздігінен орындайтын жұмыстарды жүргізу керек. Сонымен бірге оқып-үйрену, машықтандыратын және тексеруге бағытталған оқушылардың өзбетінше орындайтын жұмыстарын бір-бірімен сабақтастықта, байланыста қарастыру орынды. Қорыта келгенде, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі оның білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға әсер етіп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады.
Оқушының өзбетінше жұмысы психологияда да, дидактикада да, оасқа әдістемелік әдебиеттерде ең жетекші қасиеттің бірі ретінде сипатталады. өзбетінше жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, біз мынадай нәтижеге жетуді көздедік.
-
Әр оқушы алда түрған жұмысты жоспарлауды мұғалімнің көмегімен іске асырады.
-
Мақсат қою мұғалімнің көмегімен іске асырылады, ал ол жұмысты
жоспарлауды оқушының өзі орындайды.
-
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушы өз бетімен алда тұрған
жұмысты мақсат қойып жоспарлайды.
-
Жұмыс оқушының өз инициативасы бойынша іске асады. Демек ол мұғалім көмегінсіз алда түрған жұмыстың мазмұнын, мақсатын, жоспарын анықтап, өзбетінше орындайды.
Сонымен оқып-үйренетін, машықтанатын, тексеретін өзбетінше жұмыстарды бір-бірімен сабақтастықта, байланыста қарау орынды.
Қорыта келгенде, оқушылардың өзбетінше жұмыс істеуі оның білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға әсер етіп, жүйеге келтіріп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады. Яғни математика сабағында оқушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыстың негізгі үш түрін шебер ұйымдастыру оқу-тану міндеттерін нақты шешуге бағытталған окыту процесінің мақсатты әлементі болып табылады.
II тарау. Шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмысты
ұйымдастыру.
§2.1. Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке түлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан үрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидиктиканың басты мәселесі - оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара эпекеттесуі болып отыр. Оқушы танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекерке көшу үшін жағжайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігшен табуға үмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігін осындай сипатын көрсететін қажетті шарт - дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әртүрлі өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын кэне әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.
Бірақ оқушылар оқуын белсендірудің негізгі құралдары өзіндік жұмыстан басқа эвристикалық әңгімелесу, бақылау, проблемалық жағдаяттар, танымдық және қисындық міндеттер қою болғасын, өзіндік жұмыс оқушылар сабақта орындайтын, өздігінен ойлауды талап ететін алуан түрлі әрекеттерді қамтымайды. Екінші жағынан, кез-келген өзіндік жұмыс оқушылардан танымдық пекет пен дербестіктің жоғары деңгейін талап етпейтіні анықталуда. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушалар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптасьыруға бағытталған өзіндік жұмыстар орындауға тиіс. Осындай жұмыстар формасы бойынша дербес болып табылып, мәнділігі бойынша дербес емес болып табылмайды. Себебі олар оқушылардың дербес әрекетін ұйымдастырмайды.
Көрсетілген фактілерге байланысты өзіндік жұмыс деген ұғыммен қатар оқушылардың дербестік әрекеті деген ұғымды пайдалану, өзіндік жұмыстың және дербес әрекеттің ерекшелігі оларды, арасындағы байланыстылықты айқындау /белгілеу/ қажеттілігі туады. Сонымен қатар өзіндік жұмыстары екіжақты мәнділік және ұйымдастыру жағынан қарауға қажеттілік байқалады.
Өзіндік жұмысты және дербестік әрекетті дидактикалық категория ретінде талдау П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінде орын алған /2/ Автор құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарды. а) оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет шартты түрде деп аталатын әрекет мазмұнын қарастыратын әрекеттер мен б) оқушының дербестік әрекет әлементтері болып табылатын әрекеттер.
Бірінші топтағы әрекеттерге тән сипат - олар әрекеттің жалпы құрылысына кіріп, оқушының тікелей мақсаты ретінде әрекетті жүзеге асыру пәні болмайтыны. Оқушының әрекеті оған мұғалімнен өзіне не керек екені және кез-келген шешімді жүзеге асыру үшін бүған іс-әрекеттің қандай тәсілдері қажет екені туралы қанша қажетті ақпарат түсіп тұрса, сонша әрекет жүзеге асырылады. Бұл топтың іс-әрекетінің әрқайсысы оқушы әрекетінің бұдан былайғы әрекеті мен себеп мақсатына қатыссыз орындалады. Бұл әрекет атқарушы іс-әрекеттер бақылау әрекеттерінен басым, бағдарлы әрекеттер мүлдаем жоқ. Әрекеттің құрастыру тәсілін оқушы жасамайды. Себебі ол қолынан келетін операцияларды жүзеге асыруда. Сырттай бұл әрекеттер тыңдау, үғыну, жазып алу, жаңғырту, салыстыру, материалды жүйелеп беру, жинақтау, талдап корыту, құбылыстың жеке жақтарын айқындап білу, үқсастық бойынша үлгілер, кестелер және т.б. арқылы байқалады. Бұл әрекеттер мыналардан түрады:
-
меңгергенді жаңғыртудан және түсіндіруден;
-
ондағы тұрақты байланысты есептеуден;
-
-алгоритмді орналастырудан;
-
меңгерген тақырыптың мазмұнын ұғынып, бере алудан;
-
оны тәжірибеде қолданудан.
Бірінші топтың іс-әрекеттері дербестік әрекеттің әлементтері болып табылады. Олар оқытуда пәндерді және олармен жасалған әрекеттерді бейнелеуде, осы әрекеттерді орындау тәсілдерін оларды жүзеге асырудың шарттарымен қабыстыруда алға шығады. Мұндай іс-әрекетті оқушылар әрқашанда саналы бақылайды, себебі оларды орындауды оқушылар саналы түрде меңгереді. Әрекеттер себептерден туындайды, себептер оқушы үшін аса маңызды болып табылады. Осы оптын әрекеттерін орындаған кезде оқушы жоспарланған нәтиженің жоспарланған әрекеттермен арақатынасын белгілейді. Ойша күтілген нәтиже эоекеттерге қатысты жетекші қызметтер атқарады. Нақты алынған нәтиже (таным әрекеттерінің өнімі) жаңа білім әрекеттің жаңа тәсілі ретінде
орыналады.
Оқушылардың әрекеттері мыналардан тұрады:
-
жаңа фактіні, қүбылысты табудан және олардың сипаттамасынан;
-
фактілерді жүйелеуден;
-
жақсы таныс пәнде басқалар көрмегенді көруден;
-
фактілер арасында байланыс орнатудан және олардың міндеттік
сипаттамасынан;
-
олардың тәжірибелік әрекет саласына шығу жолдарын табудан;
-
құбылыстың, оқиғаның дамуында мәнді байланыс пен заңдылығын
орнатудан, фактілерді қарама-қарсы қою негізінде олардың мәнін
белгілеуден;
-
жаңа оқиғаларды табуда жалпының нақты көрінуінен;
-
өзгертілген жағдаяттарда тапсырмаларды шешуден;
-
мәселені қалыптастырудан;
- қүбылыстардың құнды мағынасынбелгілеуден және басқалар;
П.И.Пидкасистый бірінші топтың әрекеттері оқушыларды екінші топтың әрекеттерін жүзеге асыруына дайындау үшін қажетті сатысы мен шарты болып табылатынын айтады. Бірақ та олардың барлық ерекшеліктеріне қарамастан, әрекеттің осы екі тобы бірлікте ғана оқу құрылысын қүрады және оқыту үрдісін ең жоғары деңгейде ойдағыдай ұйымдастыру үшін тең дәреже де қажет.
Бұдан түсінетініміз: оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекеттер де, дербес әрекет әлементтерін құрастыратын әрекеттер де әртүрлі сипаттағы өзіндік жұмыстарды орындау кезінде орын алады: репродуктивтік, құрастырулық-варианттық, эвристикалық және шығармашылық. Бірақ өзіндік жұмыстар түрлерінің әрқайсысында бұл әрекеттердің әлементтері әртүрлі арақатынаста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Егерде репродуктивтік өзіндік жұмыстарды орындау оарысында бірінші топтың әрекеттері басым болса, онда эвристикалык өзіндік жұмыстарды орындау кезінде алғы шепке дербестік әрекет әлементтері шығады. Дербестік таным әрекетін талдауы П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағына ерекше назар аударды. Олшынында да дербестік оның құрылымының барлық қажетті әлементтерін мақсатты бөліп алу, пәнді анықтау, әрекет құралдарын таңдау енгізетін әрекетті оқушы жеке өзі немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады. Р.И.Щамова өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: Мысалы, мұғалімнің әңгімесін тыңдау кезінде мұғалім оқушыларға салыстыру, теңестіру мақсатында іске асырылатын әрекетті қайда жатқызуы керек? Мұнда өзіндік жұмыс бар ма? Біздіңше, жоқ, бірақ дербестік әрекет бар. Біз дербестік әрекет пен өзіндік жү-мыс ұғымдарын айырып алуды маңызды жағдай депесептейміз. Айтылған түсініктерді сараптау қажеттілігі туралы сұрақ қоя отырып, Т.И. Шамова дербестік таным әрекетінің мәнін ашпайды. Ал өзіндік жұмыс орындауда Б.П. Есиповтың өзіндік жұмыс оқу орындарының формалар міндетін өзіне жүктейтін туралы көзқарасты жақтайды. Ол өзіндік жұмыс жалпысыныптық жан-жақты жұмыс жағдайларында және жеке тапсырмалар орындау ретінде жүзеге асырылытынын көрсетеді. Т.И.Шамова ұйымдастыру формасы ретінде өзіндік жұмысты сипаттайтын нышандарға мынаны жатқызады:
-
өзіндік жұмыс мақсатының болуы;
-
нақты тапсырманың болуы;
-
өзіндік жұмыстың нәтижесін тексеру формаларын айқындау;
-
тапсырма алған әр оқушы жұмысты міндетті түрде орындау міндеттілігі;
Бұл нышан мақсаты оқушының міндетті түрде қабылдау керектігіне меңзейді және өз күшімен сол мақсатқа қол жеткізу біліктілігінің болуын көрсетеді.
Мәнділік пен ұйымдастыру аспектісінің өзара байланысы өзіндік жұмысты дербестік әрекеттің ұйымдастыру формасының бірі ретінде қарауға мүмкіндігін береді., оның өзгешілігі - мұғалімнің көмегінсіз дербес орындалатындығында.. Сонымен дербестік әрекет деген ұғым өзіндік жұмыс ұғымына қарағанда кеңірек ұғым болып табылады және онымен шектелмейді. Дербестік әрекет, сондай-ақ ұжымдық және жан-жақты жұмыс барысында орын алуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оны оқушылардың өзіндік жұмысы деп атауға болмайды.
Өзіндік жұмысты дербестік әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қарауға байланысты белгілеу қажеттілігі туындайды. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет арасындағы байланыстылық мынадан байқалады:
- оқушылар өзіндік жұмысты орындауға ұжымдықпен орындалатын
дербестік әрекет барысында дайындалады. Оқушылар ұйымдастырудың
¥жымдық тәсіл барысында қол жеткізетін дербестік әрекет деңгейі сол
деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындау мүмкіншілігін белгілейді.
- өзіндік жұмыстарды орындау оқушылар мұғалімнің басшылығымен, оқушыларының іске асыратын дербестік әрекет барысында қол жететін дербестілік пен белсенділіктің деңгейін бекіту мен дамытуға қажетті шарты болып табылады. Оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін - білім жүйесін оқыту және оқушылардың таным белсенділігі мен дербестігін дамыту -оқулықпен ғана емес, өзіндік жұмыстарды орындау үрдісіне жүзеге сыратын дербестік әрекетті ұйымдастыру қажет.
Осы ережені негіздеу дэлелдеу үшін біз кеңестік психолог Л.С.Выготскийдің оқушылардың ақыл-ой әрекетіне екі даму аймағытән пеген сілтемесіне сүйенеміз: өзекті даму деңгейі және таяу даму аймағы. Белілі болғандай өзекті даму деңнейі баланың дамуына қалыптасып болған психикалық үрдістерді көрсетіп білдіреді және ол жат көмегінсіз орындауға қабілетті жұмыста байқалады.
Егер педагог дамудың қалыптасқан психикалық үрдістерге ғана сүйенбей, қалыптасу кезеңінде тұрган даму циклдеріне де бағдар алса, білім мен дамудың өзара байланыс мәселесін шешу ойдағыдай болуы мүмкін. Демек , оқыту үрдісінде ересектердің басшылығымен міндеттерді шешу деңгейі мен өзіндік жұмыста қол жеткізген міндетті шешу деңгейі арасында ыдырауды құрастыратын таяу даму аймағын да есепке алған өте маңызды. Л.С.Выготскиийдің ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетке бала әжептәуір көбірек және саналы ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетте бала әжептәуір көбірек және саналы, түсінікпен істеуге қабілетті деген сілтемесі /нұсқауы/ маңызды болып табылады.
Таяу даму аймағын өзекті даму аймағына айналдыру үрдісі үзіліссіз болып табылады, себебі әр кез сайын жақындықта дамудың жаңа аймағы пайда болады.
Қорыта айтар болсақ, дербестік әрекет пен өзіндік жұмыстың өзара байланысы — оқушының таным белсенділігі мен дербестігінің үдемелі алға басқан дамуының маңызды шарты. Оқушыларды ұжымдықпен жүзеге асырылып жатқан өз деңгейі бойынша дербестік әрекетке сәйкес өзіндік жұмыстарды орындауға қосу таяу аймақтан өзекті даму аймағына оқушылардың өте маңызды біліктілігінің тез арада көшуіне ықпал жасайды. Бұл дегеніңіз әр оқушының таным қабілетінің дамуын басқаруға, осы дамуды бақылауға мүмкіндік береді.
§.2.2.Математика оқулығы, өзбетінше жұмысты ұйымдастыру құралы.
Мұғалімдердің жұмыс практикасында қолданылып жүрген бастауышг кластардың математтика оқулығы өзбетінше жұмысты ұйымдастырудың бірден-бір құралы болып табылады. Оқушылардың өзбеттерінше орындауына, жаттығу жұмыстарын әртүрлі қосымша дидактикалық териалдардан таңдаумен бірге, бастауыш кластардың математика *ү ықтарының барлық мүмкіндіктерін ескергені жөн, сонымен бірге ықтауға арналған жаттығулар» бөлімінен өзбеттерінше орындай –тын тапсырмаларды беруге болады. Мұғалімнің білімді ауызша баяндауы әрдайым оқушылардың
оқулықпен өздігінше жұмыс істеуімен үйлестіріле жүргізіледі. Қазіргі оқушыларды класта да, сондай-ақ үйде де оқулықтардың алуан түрлерінің көмегімен өздігінше білім беру іскерлігімен және дағдысымен қаруландыру міндеті қойылып отыр.
Кітаппен тиімді жұмыс істеу үшін оқушының тиісті іскерлігі мен дағдылыры болуы тиіс.Оқушы кітаппен жұмыс істегенде өздігінше жаңа білім алуға немесе мұғалім баяндаған білімді бекітуге және оны өзбетінше практикада қолдануға болады.
Оқу процесінде мектеп оқушысы ең алдымен оқулықтармен жұмыс істейді. Оқулықпен жұмыс істегенде түрліше әдістер қолданылады. Мұғалім жылдың басында оқулықтың бүдан бүрынғы кластың оқулығымен ұқсастығын атап көрсетеді, айырмашылықтарына көңіл аударады. Оқушылар оқулықты мұғалім сабақта түсіндіретін матераиалды үйде неғүрлым жақсырақ анықтап алу үшін де, сондай-ақ жаңа матераиалдың белгілі бір бөлігін өздігінше талдау үшін де қолдануға тура келетінін түсінуі тиіс. Оқушыны оқулықпен өздігінше жұмыс істеуге мейлінше ертерек дағдыландыру керек. Бұған үйретуді мұғалім ұсынатын жоспар мен сұрақтардан бастауғаболады.
Оқулықпен бастауыш класта өзбетінше жұмысты ұйымдастырудың мынадай түрлерін қолдануға болады.
1. Үлгі бойынша жүргізілетін өзбетінше жұмыс.
Қосындыны қосындыға қосу
1) (3+2)+(4+5) =5+9 = 14
Қосындыларды есептеп шығарып, шыққан нәтижелерді қосуға болады.
2) (3+2) + (4+5) = (3+4)+ (2+5) = 7+7=14
Осы қосындылардың бірінші қосылғыштарын қосып, содан кейін екінші қосылғыштарын қосып, шыққан нәтижелерді қосуға болады.
Үлгі бойынша жүргізілетін өзбетінше жұмысқа мына мысалдарды ұсынуға болады.
Әртүрлі тәсілмен үлгі бойынша шығар: (7+2)+(3+8) 2. Эвристикалық әңгіме түріндегі өзбетінше жұмыстың (гректің «эврика» - таптым деген сөзінен шыққан.). Өзбетінше жұмыстың бұл түрі, мұғалш оқушылардың алдына белгілі бір міндет қойып, оны шеберлікпен тыңдалған сұрақтар арқылы оның шешу мақсаты қойылғандақолданылады. Мысал үшін нөлді санға көбейтуді қарастырайық. 0 = 0
Нөлді кез-келген санға көбейткенде , нөл шығады тұжырымын Қорьггып шығару үшін, 0+0+0 =0, 3 = 0 , 3 рет нөлден үш рет қосса немесе нөлді үшке көбейтсе, нөл шығады жаттығуды эвристикалық әңгіме арқылы ұйымдастырамыз. Осы **+** түрінен 1 -а = а түріндегі тұжырымды қорытуды оқушыға нөл. Тапсырманы орындап олар «Кез-келген санды бірге көбейткенде, көбейткен санымыздың өзі шығады», деген ережені қорытады және айтады. Эвристикалық әңгіме түріндегі өзбетінше жұмысқа мына мысалдарды ұсынуға болады: 0-3-9; 0-(39+61)
2 Зерттеу әлементі бойынша жүргізілетін өзбетінше жұмыс . 867: 3
Бір таңбалы санға бөлу
Егер бөлуді ауызша орындау қиын болса, онда оны жазбаша орындау керек.
867
26
24
Достарыңызбен бөлісу: |