І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы



бет1/4
Дата22.02.2016
өлшемі386 Kb.
#1003
  1   2   3   4

Ф-ОБ-001/033


Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................

І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы...

1.1 "Құтты біліктің" зерттелуі.................................................

1.2 Дастанның аударылуы......................................................
ІІ тарау. Дастанның идеялық мазмұны мен

көркемдік ерекшеліктері.

2.1 Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны

2.2 Дастанның тақырыбы мен сюжеттік құрылысы............

2.3 Дастанның көркемдік ерекшеліктері..............................



Қорытынды ..........................................................................
Пайдаланған әдебиеттер .......................................................

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Т‰ркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші «Құтты білік» дастанын жазған Ж‰сіп Баласағұн өмір с‰рген Қараханид мемлекетінің тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайы баяндалады. Ж‰сіп Баласағұн әдебиетке өзіндік стильмен өрнектелген идеялық көркемдік жаңалық алып келді. Оның әдебиет сахнасындағы өззіндік иірім жолы өзгеше, ол нақты стильмен ерекшеленетін ғұлама ойшыл ақын. «Құтты білік» дастанының өз дәуірінде маңызды еңбек болуымен қатар, сол кезде т‰ркі халықтарына ғана емес, көптеген Шығыс, Орта Азия елдеріне белгілі болып, құрметпен бағаланған. Дастанда әлеуметтік жағдайдың, халықтың, әр т‰рлі топ өкілдерінің қоғамдағы орны, адамгершілік идеялар, өнер, ғылым, білім тақырыптары ерекше жырланған. Жүсіп Баласағұнның терең ойлары, ақындық шеберлігі қоғамдық, адамзаттық әлсіз тұстарына ғана барып қоймайды, қайта қоғамның, адамзаттың өзіне тән тәрбиенің әртүрлі қырларын танып білуге мүмкіндік тудырады.


Тақырыптың өзектілігі:

Х-ХІ ғасырлардың өзінде Орта Азия, қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэмаға арқау болған тарихи шындықты тану, жанрлық ерекшелігі мен құрылысын ашу, зерттеу еңбекте Жүсіп Баласағұнның жан-жақты гуманистік танымын көрсету мақсатында «Құтты білік» дастанының энциклопедиялық мәнін ашу тақырыптың өзектілігі болып табылады:

1. «Құтты білік» дастаны арқылы қарахандар дәуіріне барлау жасау. Ж‰сіп Баласағұнның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректерді көрсету.


  1. Бұл дастанның т‰ркі халықтарының кейінгі дәуірлердегі әдебиетіне әсері және жұмыстың тарихи тұстарын қарастыра отырып, шығармадағы басты идеялардың адам бойында қалыптасуына назар аудару.

  2. «Құтты біліктің» композициялық құрылысының ерекшелігін, еңбектің көлемін, оны тарауларға бөліп берудегі ерекшелігін, дастандағы кейіпкерлердің сұрақ-жауап, әңгімелері, хаттары арқылы ақынның өз ойларын жеткізуін, әрбір тараудың тақырыптық ерекшелігін айқындап, тілінің байлығы мен дастандағы мақал-мәтелдер мен афоризимдердің ерекшеліктерін ашып көрсету.


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Ж‰сіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанның идеялық-көркемдік ерекшелігін жан-жақты ашу, Жүсіптің терең ойлары мен ақындық шеберлігін көрсету жұмыстың басты мақсаты. Одан туындайтын міндеттер мыналар:



  1. Ж‰сіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының нұсқадағы аудармаларының мәтінін оқу.

  2. Ж‰сіп Баласағұнның шығармасына байланысты зерттеулермен танысу.

  3. Шығармаға арқау болған тарихи фактілер мен аңыздардың себептерін танып білу.

  4. Ақынның шеберлігін, шығармасының стильдік ерекшелігін айқындау.


Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Зерттеу барысында ақынның өзіндік шеберлігі мен шығармадағы тақырыптық маңызы айқындалды. Ақынның идеялық ойларына, шығармасының стильдік ерекшелігіне талдау жасалынды. Сонымен қатар дастанның идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.


Зерттеудің дерек көздері:

Дерек көзі ретінде А.Егеубаев пен Ә.Құрысжановтың аудармалары, М.Әліпхановтың «Құттың кілті – кісілік», Н.Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті», Х.Сүйіншәлиевтің «Ғасырлар поэзиясы», А.Қыраубайқызының «Ежелгі әдебиет», А.Егеубаевтың «Құлабыз», М.Мырзахметовтің «Абай және Шығыс» атты еңбегі мен әр жылдары баспа бетінде жарық көрген мақалалар негізге алынды.


Зерттеудің әдісі:

Жұмыс барысында ж‰йелі сипаттау, баяндау, салыстырмалы талдау тәсілдері қолданылды.


Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және екі тараудан, сонымен қатар қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



І тарау. Құтты білік дастанының танылуы.


    1. Құтты біліктің зерттелуі

Алдымен қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтер мен сол кездегі тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларға, әдебиеттің жалпы даму сипатына тоқтала кетейік. Ежелгі Т‰ркістанның батыс мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан бізге жеткен Ж‰сіп Хас-Хажыбтың «Құтты білік», Махмуд Қашғаридың «Т‰ркі тілінің сөздігі», Ахмед И‰гнәкидің «Ақиқат сыйы» туындылары мен Құранның т‰сіндірмесі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұралары боп отыр. Бұл классикалық шығармалар сол кездің өзінде белгілі дәрежеде әдеби-мәдени дәст‰рдің көркемдік-эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді. Мұндай ‰рдісті, өркенді шығармалардың д‰ниеге келуі, жазылуы - тұтас бір шығармашылық кезеңнің, өрісті дәст‰рдің мәуесі. Сол кезеңнің өзінде-ақ т‰рлі ірілі-ұсақты, мәнді-мәнсіз сан алуан шығарма, жазбалардың болғандығын б‰гінге дейін сақталып келгендігін т‰рлі тізбелерден жақсы аңғаруға болады. Бір қызығы, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жазылған шығармалар, кітаптар жөніндегі көне сипаттаммаларда, библиографиялық тізбелерде «Құтты білік» дастаны мен «Т‰ркі тілінің сөздігі» атты екі ірі еңбектің аты да аталмайды. Әлдебір елеусіз, ортақолдау авторлар жөнінде нақты деректер жиі кездеседі. Мәселен, Әбу Сейіт Сәмәдидің белгілі «Китаб әл-әнсаб» атты еңбегінде сол дәуірде белгісіз, ұсақ авторлар жөнінде ж‰здеген бет мағлұматтар жазылғанда, Ж‰сіп Баласағұн мен Махмұт Қашқаридың әлемге аян еңбектері хақында еш дерек т‰спеген. Аталып, т‰стеліп, хатталып, ен тағылған шығармаларға қарағанда «Құтты білік» пен «Т‰ркі тілі сөздігінің» бізге тұтастай сақталып жеткені де ерекше жағдай [11].

Т‰ркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші «Құтты білік» дастанын жазған Ж‰сіп Хас-Хажыб Баласағұн ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі к‰ллі шығыс елдеріне мәшћ‰р болған данышпан ойшыл, энциклопедист - ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Оның өмірі мен қызметі, мақсаты жас шамасы хақындағы там-тұмдаған деректерді негізінен шығарманың өз тексінен ғана табамыз. Дастанның ел өміріндегі маңызы, сипаты мен қасиеті, мұрат-мақсаты мен тілі жайлы мағлұматтар да тексте кездесетін автордың өз пайымдауларынан жақсы аңғарылады.

Ж‰сіп Хас-Хажыб 1010-1015 жылдары шамасында Шудың бойында, Талас даласында Баласағұн шәћарында д‰ниеге келген. Баласағұн мен Қашақар сол кездегі Қарахан мемлекетінің бас қалалары ретінде елдің батысы мен шығысындағы ірі орталықтар, қос астанасы. Ғұлама ойшылдың туған жылы, өмір с‰рген дәуірінің хронологиясы туралы пікір, болжамдар әрт‰рлі. Зерттеушілер оны негізінен шығарма деректеріне, текстегі мағына, меңзеулерге с‰йене отырып есептеп шығарған. Туркияның атақты ғалымы Рәшит Рахмати Арат ақын атақты дастанын аяқтағанда шамамен 54 жаста болған, демек 1015-1016 жыл туған деген болжам айтады. Ал сол елдің екінші бір әйгілі зерттеушісі А.Ділашар Ж‰сіп Хас-Хажыб дастанды жазуды 50 жасында бастаған, сонда 1018 жылы туған болып шығады деп жазады. А.Ділашар ойшыл ақын 168 жылы Қашқарға аттанды, шығармасын сонда жазды деген де болжам білдіреді. Дастанның кіріспесінде: «Қашқарда жазып бітірдім» - деген дерек т‰сірілген (24, 25, 29 - бәйіттер). Дегенмен Баласағұнда бастап Қашқарда аяқтаған деген Арат пікіріне ден қоямыз. Тіпті Ж‰сіп Баласағұнның өзі «Бұл сөзді ‰лгілеп 462 жылы жазып бітірдім», «18 айда айттым бұл сөзді, сөздерді теріп, т‰зіп сараладым, таңдадым», - деп жазады. Тексте атап айтылғандықтан болар, зерттеушілердің дастанның жазылған жылына байланысты пікірлері негізінен бір жерден шыққан [10].

Сөйтіп осы шығарманы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебі бойынша, Ж‰сіп Баласағұн өз дастанын 54 жасында жазып бітірген. 1070 жылы ол «Құтты білікті» жазып болып, сол жылы оны «хандардың ханына» тарту еткен. Бұл тарауға риза болған Бограхан ақынға ¦лы Хас-Хажыб «бас кеңесшіміз» немесе «ұлы уәзір» деген жоғары атақ береді.

Ал, А.Н.Кононов өз кезегінде В.В.Бартольдқа с‰йеніп ол кезеңдегі Қарахандар билеушісінің аты-жөнін: «Тауғаш-Бұғра-Қарахан Әбу Әли Хасан, Арслан Қарахан С‰леймен ұлы» деп білдіреді. С.Г.Кляшторный: «Дастан сыйға тартылған елбасының аты арабша Әбу Әли әл-Хасан, т‰рікше лауазым мәртебесі Тауғаш Боғра Қарахан болатын» деп т‰йеді. Дастанның жазылуының тарихи себептерін, әрі т‰ркі жұртына мұсылмандық ұшқындары келе бастаған кезеңдегі туған бұл шығарманы осы к‰нге дейінгі зерттеулердің бәрінде де В.В.Бартольд болжамы негізге алынып ж‰р.

Сөйтіп, Шу бойынан шыққан Ж‰сіп осынау әлеуметтік-этикалық мәні терең, қалың елдің моральдық-этикалық бағдарламасы іспеттес еңбегін к‰ллі Тұран еліне, Шығыс әлеміне танытты. Батыс пен Шығысты тең шарлап кеткен бұл әдеби жәдігер он ғасырдай мерзім өткенде, өз атамекеніне оралғандай болды, 1986 жылы Қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді.

Х-Х1 ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биліктерінің бірі болған философиялық поэманың даналық ойлары к‰ні б‰гінге дейін аса құнды, өміршең. «Құтты білік» - ежелгі т‰ркі тілдегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. Философиялық толғамдармен де, көркемдік нақыстармен де, поэтикалық ойлау ерекшелігімен де шеберліктің ‰здік ‰лгісіндей бұл ауқымды дастан сол дәуірдегі өнер өрісін,көркемдік таным биігін қапысыз аңғартады. Дастанның авторы әлеуметтік-эстетикалық, адамгершілік-имандылық мұраттарды халықтың санасына жақын қарапайым да қанатты тілмен, сол кездегі ғылыми танымның жоғары деңгейінде аса ұғынықты, ұтымды жеткізеді. «Құтты біліктен» орта ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың, ғылыми мен мәдениеттің, тіл өрнегінің саясаттық даму дәрежесінде пайымдап, мол мағлұмат аламыз.

Құтты білік дастаны арқылы қарахандар дәуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық, моральдық-эстетикалық, тіл ерекшеліктеріне қатысты аспектілерге байланысты құнды пайымдаулар туйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік- тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. сол заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады. Дастан көне т‰ркі өркениетінің мәуесі болғанымен жалпыадамзаттық,адпамгершілік-имандылық мұраттарды терең толғап, к‰ллі адам баласына тән ізгі қасиеттерді ұлағат етіп ұсынады [11.172].

Қарахандар мемлекетінің тарихын талдап, зерттей т‰су дастанның қоғамдық-әлеуметтік тарихи негізін, алғышарттарын білуге көп көмегін тигізері анық. Ғылымда бұл жөнінде көптеген зерттеулер, болжамдар, қарама-қайшы пікірлер баршылық.

Х ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Шығыс Т‰ркістан территориясында қалыптасқан Қарахан мемлекеті бірте-бірте ұлғайып, Х1 ғасырдың екінші жартысында қуатты мемлекетке айналған. Кейінірек ол Сырдария мен Амудария аралығындағы Мәуеренаћрды жаулап алған соң, бұл ел дербес екі мемлекетке Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлініп кетті. Жетісу өңірі мен шығыс Т‰ркістан шығыс қағанат құрамына еніп, оның саяси орталығы Қара-Орда, К‰з-Орда қалалары болды [10].

Баласағұн қаласы тарихта әлденеше к‰йреп, әлденеше қалпына келтірілген көне шәћар. Қарахандар елінің ең жоғарғы, мәртебелі қаған орталығы Баласағұнда орналасқан. Осы кезеңде, жаугершілік уақыттарда Баласағұн тарихи оқиғалардың нақ ортасында тұрды. ХІІІ ғасырда сарайшық қаласынан табылған қыш құмырада «Ақыл көркі - тіл, Тілдің көркі сөз», «Кісі көркі-ж‰з, ж‰здің көркі-көз» деген. «Құтты біліктің» бір бәйіті жазылғаны тегін емес. «Құтты білік» көшірмелерінің өзі бір шеті Мысырдан, бір шеті Венадан шығуы тағы да кездейсоқтық емес. Бұл мәдени даму тынысының қарымдылығының, қызу қарым-қатынас пен өркениетті ‰рдістің белгісі. Баласағұн қаласының орны жөніндегі болжамдар да біршама. Мысалы, В.В.Бартольд к‰йреген Ақ Бешім мен Боран бекеті ме деп шамалайды. Қазақ ғалымдарының ішінен Ғ.Шәлекенов қазіргі Ақтөбедегі экспедициялық іздестіру, зерттеу жұмыстарына с‰йеніп, оны Баласағұн [27] деп дәлелдейді. Қалайда Жетісу жеріндегі қазақ даласындағы іргелі астана.

ХІ ғасырдың орта кезінде қоғамдық дамудың әрт‰рлі дәрежесіндегі өлкелер мен уәлаяттар арасындағы қым-қиғаш соғыс, аласапыран арпалыс тынымсыз ж‰ріп жатты. Енді осындай қиын жағдайда мемлекетті қалай басқару керек, оның ішкі және сыртқы тәртібін сақтап отыру ‰шін қандай заң-ережелер қажет, елді басқаратын патша мен сарай қызметкерлер, оларға бағынышты диқандар, малшылар, қоғам м‰шелері арасындағы өзара қарым-қатынас қандай болу керек деген сұрақтар туа бастады. ¤мірдің өзі алға қойған бұл сұрақтарға жауап ретінде нақ осы кезде «Құтты білік» дастаны жазылды.

Бұл дастан - мемлекетті басқару әдістерін, адамгершіллік принциптерін, қоғамдық саяси мәні бар т‰рлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылғн көркем туынды [12.159].

Дастанның басты мақсаты - бақытты қоғам, құтты ел т‰зу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап мемлекет құру, ел басқару ісіне дейін баянды баяндайды. Ғұлама ақын бірде өмір, тұрмыс заңдылығынан туған, бірде қиялын оятқан утопиялық тебіреністерге батады, терең мағыналы пәлсапалық пайымдаулар т‰йді. Баласағұн ірі саяси, мәдени кіндік шәћар. Орта ғасырлардағы тарихи керуен жолдарының оған сөкпей өткені жоқ. «Құтты біліктен» елші, жићанкездердің, саудагерлердің, қолөнершілердің мінез-құлқ, олармен қарым-қатынас жасау реттері жеке-жеке арнайы тарауларға негіз болғандығы тегін емес. Осындай сараң деректердің өзі сол кездегі қоғамдық - әлеуметтік жағдайдан хабардар етеді. Қала сәулеті, сауда-саттықтың өркендеуі, отырықшылықтың қалыптасуы, өнер, ғылым осының бәрі де «Құтты білік» секілді дастанның д‰ниеге келу заңдылығын, тарихи алғышарттарын танытады.

Сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет секілді мәселелерді ғұлама ақын өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп Ж‰сіп Бакласағұн бір жағынан өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, тарихшысы ретінде, екінші жағынан өз дәуірінің перзенті , феодал табының өкілі, ‰стем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты.

«Құтты біліктің» т‰пнұсқасы бізге жетпеген. Оқырман қауымға әзірге дастанның ‰ш көшірме қолжазбасы мәлім. 1439 жылы Гератта ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын елшілік қызметте ж‰рген австриялық шығыстанушы ғалым И.Хаммер Пургшталь 1796 жылы табады. Ол дастанды Венадағы Король сарайының кітапханасына тапсырады. Дастан туралы қысқаша сипаттама жазып, кітаптар катологіне ендіреді. Қолжазба туралы алғашқы мақаланы Париждегі колледждің оқытушы ғалымы, араб, парсы, т‰ркі тілдері кафедрасының меңгерушісі П.А.Жобер «Заметки о турецкой рукописи уйгурскими буквами» деген атпен 1825 жылы Азиятану журналында жариялайды. 1857,1861 жылдары И.Н.Березин мен Н.И.Ильминский дастанның алғы сөзінен алған ‰зіндіні өз кітаптарында бастырады. 1870 жылы венгр ғалымы Герман Вамбери басылымы толық жарияланып болмаса да, дастанды зерттеу жұмыстарының жаңа м‰мкіндіктерін аша т‰седі.

«Құтты біліктің» жариялануы мен зерттелу тарихының жаңа кезеңі В.В.Радлов есімімен байланысты. Ол «Құтты білікке» өз өмірінің жиырма бес жылын арнайды. Оның дастанды зерттеу ісі 1884 жылы қолжазба көшірмесін алу ‰шін Венаға барған жолсапарынан басталады. 1890 жылы дастанның факсимилиясын жариялайды.Келесі 1891 жылы дастан тексінің маньчжур алфавитіне негізделген транскрипциясын дайындап, бастырады. 1897 жылы В.В.Радловтың неміс тіліндегі аудармасы жариялана бастайды. Екінші Кайр нұсқасының табылуымен байланысты Радловтың неміс тіліндегі аудармасы жариялана бастайды. Екінші Каир нұсқасының табылуымен байланысты Радловтың аудару ісі кідіріп қалады. Бұл кезде В.В.Радлов дастанның 64 бетін аударып ‰лгерген еді.

«Құтты біліктің» араб әрпімен жазылған екінші нұсқасын неміс зерттеушісі Б.Мориц 1896 жылы Каир кітапханасынан табады. В.В. Радлов осы нұсқаның көшірмесін 1898 жылдың орта кезінде толық т‰рде қолға т‰сіріп, өз тарапынан қайта қарап, жөндеп, т‰птеп, Шығыстану институтының Ленинград бөліміндегі қолжазба қорына тапсырады. Вена, Каир екі қолжазбаның негізінде жасалған дастанның толық транскрипциясы мен неміс тіліндегі аудармасын В.В.Радлов 1910 жылы жариялайды. «Құтты білікті» жариялау, аудару, зерттеу ісіне жиырма бес жылы өмірін жұмсаған В.В.Радлов ұйғыр тілінің грамматикалық құрылымы туралы очеркі мен «Құтты біліктің» сөздік индексін құрастыру жұмыстарын ойға алған болатын, бірақ ол ойын іске асырып ‰лгермейді. «Құтты білікті» жариялау, зерттеу, аудару ісіне В.В Радловтың сіңірген еңбегі зор. С.Е Малов, В.В.Радловтың аудармасын "поражает мастерством и глубоким проникновением в звук языка " [21.98] деп өте жоғары бағалайды.

‡шінші нұсқасын Наманган қаласындағы жеке кісінің кітапханасынан 1913 жылы А.З.Валидов тапқан. Бұл дастан нұсқаларының ең сапалысы саналады. Осы нұсқаны 1925 жылы өзбек ғалымы Фитрат қайта тауып, ол туралы мақала жазады, дастан ‰зіндісін жинақта жариялайды.

«Құтты білік» туралы елуінші жылдарға дейін біршама зерттеулер жинақталады. 1951 жылы С.Е.Маловтың атақты «Көне т‰ркі жазба ескерткіштері» жарық көреді. Мұнда дастан туралы қысқаша зерттеу беріледі, шығарма ‰зіндісі жарияланады, соңында дастанның зерттелу тарихын танытатын әдебиеттер тізімі көрсетілген. «Құтты біліктің» толық тексі мен ғылыми аудармасы т‰рік, өзбек тілдерінде жарық көрген. Орыс, қазақ тілдерінде дастанның көркем аудармасы жарияланды. 1984 жылы дастан ұйғыр тіліне де аударылған. «Құтты білік» дастаны туралы жан-жақты зерттеу нәтижелерімен А.А.Валитова, С.Е.Малов, Р.Р.Арат, Ділашар, С.Бамер, К.Кримов, И.В.Стеблева, И.В.Баролина, Д.М.Насилов, А.Егеубаев еңбектері мен «Советская туркология» журналындағы мақалалардан танысуға болады.

Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметовтың «Құтадғу біліг» және «Абай» атты мақаласы ерекше танылған.

«Құтты білік» жайын әңгімелегенде, әсіресе ақын әрі ғалым Асқар Егеубаевтың еңбегін ерекше атаған жөн. Бұрынырақта баспасөз беттерінен әр т‰рлі тақырыптағы ‰зінділерін оқығаны болмаса, қазақ оқырманы Ж‰сіп Баласағұнның «Құтты білігімен» қауышып кете алған жоқ еді. Көпшілікке беймәлімдеу бұл д‰ние А.Егеубаевтың аударуымен 1986 жылы қазақ тілінде кітап болып шығып, қолымыызға тиген. Сөйтіп Ж‰сіп Баласағұндай білімді құт-береке санаған білікті қауым шексіз қуанышқа ие болды. Бұл - қазақ әдебиетіндегі ‰лкен табыс. Белгілі әдебиетші ғалым Р.Бердібаев көпшілік қуанышын «Кәусар бұлақ» кітабында ерекше атап өтеді: «Осыдан мың жылға жуық бұрын т‰ркі тектес халықтардың биік поэзиялық мәдениетін әлемге танытқан осы ғажайып дастанды қазақша тәржімалаған дарынды ақынымыз Асқар Егеубаевқа алғыс білдірсек орынды» [7.50].

«Құтты білік» белгілі-белгісіз себептермен қазіргі ұрпаққа кешігіп жетсе де, оның халық арасындағы қадір-қасиеті бұрыннан-ақ жоғары болған, тіпті таң қаларлық. Бұл ойымызға А.Н.Самойловичтің мәліметіне с‰йенген В.В.Бартольдтың пікірі дәлел бола алады: «Кутадгу билиг, несмотря на небольшое число известных до сих пор рукописей, пользовалась в свое время некоторой популярностью, видно из того, что в Сарайчике, был найден глиняный сосуд с подписью содержавщий стихи из Кутадгу билиг» [6.115]. Осы сарындас пікірді А.А.Валитова мақаласынан да оқимыз: "Не даром, три списка поэмы встречаются в столь отдаленных городах Востока, как Герат, Каир, Наманган, и не даром изречениями из «Кутадгу билиг» украшали посуду и предметы быта» [8.125]. Тіпті Наманган нұсқасы алғашқыда Шығыс Т‰ркістан да сақталған деген пікір де бар [22.137]. Бұл дастанның халық арасына кең тарағанының айқын куәсі.

Асқар Егеубаев «Құтты білікті» 1986 жылы қазақ тілінде сөйлетумен бірге 1989 жылы дастанның қазақ әдебиетіне тигізген идеялық-көркемдік ықпалы жайында кандидаттық диссертация қорғайды. Оның «Құтты білік» жайындағы зерттеу мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде б‰гінге дейін жарияланып келеді [12]. Асқар Егеубаев «Құтты білік» пен Абай шығармаларындағы ой-пікір ‰ндестігі мен сабақтастығын» ашық көрсетіп берген. 2001 жылы жарық көрген Асқар Егеубаевтың «Құлабыз» атты еңбегінде дастанның көркемдік ерекшеліктерін айқын көрсетіп берген.

«Құтты білік» жайындағы ой-пікірлерін Х.С‰йіншәлиев «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабында бастап «Ғасырлар поэзиясы» деген зерттеу еңбегінде дамытып, толықтыра т‰седі. Сондай кітабындағы мақаласында дастаннан көптеген ‰зінділер келтіре отырып, «Құтты біліктің» мазмұнында қазіргі қазақ т‰сінігіне қонымды жолдар аз емес деген қорытынды жасайды [26.118]. Ол Ж‰сіп Баласағұн мен Абай шығармаларындағы ой-пікірдің туыстығы мен ‰ндестігін танытатын бірнеше тақырыпты әңгімелейді.

«Құтты білік» дастаны Ә.Қоңыратбаев пен Н.Келімбетов тарапынан да әжептәуір әңгіме болған [19.68-76]. М.Әліпханұлының еңбектері де «Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері мен Абай шығармаларының ұқсастығына арналып жазылған. А.Х.Қасымжанов пен М.Орынбековтер дастанның философиялық мазмұнын танытып келеді [25.58]. «Құтты білікті» баршамыздың таныған ‰стіне тани т‰скеніміз аса игілікті іс болар еді. Р.Бердібаев айтқандай, аталмыш дастанның алуан сипаттары жөніндегі әңгіменің көбі әлі алда [7.50].

1.2 Дастанның аударылуы
«Құтты білік» жазбасының мәдени мәні орасан зор. Х-Х1 ғасырларда араб-парсы Орта Азиядағы т‰ркі тайпаларының тілін жұтып қоюға дейін барып тұрғанда, Ж‰сіп Баласағұнның т‰ркі тілінде көлемді де к‰рделі дастан жазуы өз кезеңі ‰шін ‰лкен тарихи жаңалық болды. Дастанның көркемдік ерекшеліктері айтарлықтай биік болмаса да, осы тарихи қызметі жағынан жазба биік бағаланады. ¤йткені, «Құтты білік» Х-Х1 ғасырдағы Жетісу жерінде тұрған т‰ркі тайпаларының барлық салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың арасындағы т‰рлі жіктерді, қарым-қатынасты, мәдениетін және тілін толық қамтыған шығарма. Бұл реттен дастанды бір ғана хан-хақандар салтын жырлайтын шығарма деп бағалауға болмайды. Онда т‰ркі тайпаларының барлық салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда Қарахандар мемлекетінде тап теңсіздігінің ‰лкен орын алғаны байқалады. Бір жағынан хан сарайы, екінші жағынан бұқара халықтың өмірі суреттеледі. Сол себепті Е.Бертельс Ж‰сіп дастанындағы әділдік идеясын халық арманынан туған тілек деп дұрыс бағалайды. Ж‰сіптің өзі де ақс‰йектерден шыққан ‰стем тап өкілі емес, көбіне бұқара халыққа арқа с‰йеген ақын. Оның ақындар туралы сөзінде көшпелі елдерге тән ақындық өнерді дәріптеу салты да бар. Ақын өзін хандарға ақылшымын, халық өкілімін деп ұғындырады.

«Құтты біліктің» жарыққа шығуы Орта Азиядағы т‰ркі тілдес әдебиеттің оянуына зор әсерін тигізген. Одан кейін бұқара халыққа т‰сінікті тілде шығарма жазған ақындар аз болмаған. Солардың бастылары Қожа Ахмет Яссауи, С‰леймен Бақырғани, қыпшақ ақыны Құтып, тарихшы Мұхаммед Қайдар Дулати, Ахмет Иугнәки де Ж‰сіп ізінде «Шындық сыйы» деген дастан жазады. (Х11 ғасыр). Мұнысы жанр, стиль, тақырыбы жағынан Ж‰сіптің «Құтты білігіне» өте ұқса. Бір ғана айырма олардың кімге бағыштап жазылғандығында. Ж‰сіптің «Құтты білігі» хан-хақандарға арналса, Ахметтің өсиеттері бұқара халыққа бағышталған [19.73].

Сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет деген мәселелерді ғұлама ақын өз дәуірінің талап тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп Ж‰сіп Баласағұн бір жағынан - өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері, тарихшысы ретінде, екінші жағынан - өз дәуірінің перзенті, феодал табының өкілі, ‰стем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты. «Құтты білік» дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, т‰ркі тілінде жазылған ең жақсы кітап саналады. Бұл шығарма әр елде т‰рліше атпен мәлім еді. Мәселен, Шын елінің адамдары «Адабул – м‰лік» («Әкімдердің әдептілігі») деп, ал Мешін жұрты «Айнк‰л мамлакат» («Мемлекет тәртібі»), Шығыс елдерінің әкімдері «Зитнатул умаро» («Әмірлердің сән – салтанаты»), парсылар «Шаћноман туркий» («Т‰ркілердің шаћномасы»), тұрандықтар «Құтадғу біліг» («Құтты білім») деп атайды [ 17.158].

Бұл атаулардың қай - қайсысы болса да Ж‰сіп Баласағұн дастанының мемлекетті басқару істеріне, адамгершілік - мораль мәселелеріне арналғанын аңғартады.

«Құтты білік» дегенде «білік» формасының екі түрлі мән-мағынасы бар. Бірі –«білім», екіншісі – «билік ету», «басқару». Ал «құтадғу» сөзінің негізі «құт» сөзінен яғни «бақыт» екені мәлім. Сонымен бірге «құтадғу» сөзі «мәртебелі» деген мағынаны да білдіреді. Сондықтан В.В.Бартольд кезінде кітаптың атын орыс тіліне «Бақыт сыйлайтын білім» («Знание дарующее счастье»), немесе «Патшаларды ақылға шақыратын білім» («Знание образующее царей»), деп аудару жөнінде ұсыныс жасаған.

Ал, С.Е.Малов дастанды «Бақыт кітабы» («Книга счастья») яки «Бақытты етуші басқару » деп аудару жөнінде пікір айтқаны мәлім. Зерттеуші А.А.Валитова «Құтадғу білікті» - «Басқару туралы білім » деп аударады.

Бұл аудармалардың бәрі дерлік ішкі мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын деуге болады. Өйткені олар билік жүргізу хақында, түрлі әлеуьметтік топтағы адамдардың өзара қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жайында екенін аңғартады. «Құтты білік» дастанын тұңғыш рет орыс тіліне толық поэтикалық тәржіма жасаған С.И.Иванов бұл мәселеге өзінше келіп, дастанды «Құтты білім» («Благодатное знание») деп өте сәтті аударған. Өйткені бұл аударма Жүсіп Баласағұн дастанының негізгі идеясын айқын білдіріп тұр.

«Құтты білік» ежелгі түркі жұртының да поэзия түріндегі тұңғыш кітабы, адам мен қоғам хақындағы терең философиялық трактаты. Оны аудару көне түркі поэзиясының ішкі қасиеттерін бүгінге жеткізумен бірге, ежелгі тілдің қазіргі төркіндес түбірі бір тілдермен сабақтастығын, туысқандығын іс жүзінде көзге тосу деген сөз. Басқа аударма ерекшеліктеріне қарағанда көне тілден туысқан тілдерге аударудың өз тәжірибесі, өз сипат-заңдылықтары бар. Сөздердің бәз күйіндегі тұлғаларда кездесуі, мағынасы ұмытылған, ұмытыла бастаған тұлғасы таныс сөздер, тұрақты сөз тіркесиері, мақал-мәтелдер, образдар, метафоралар, жалпы поэтиканың тарихылығы – міне, осының барлығы тектес тілдерден аударудың өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін түзеді. Бұл жерде еркін аударма да, мағыналық аударма да, көркемдеп, мазмұндап аударма да толық жемісті шыға бермейтіні заңды. Қазіргі тілдің ежелгі замандағы күретамыры іспетті көне түркі тілінің поэтикалық нәрін, көркемдік қуатын жасытпай, сонымен бірге дәл де тиянақты аудару бір жағы шеберлікті керек етсе, екінші жағынан үлкен жауапкершілікті жүктейді. Көптеген сөздердің тұлғалары сақталса да, мағынасы мүлде өзгеріп, түлеп шыққан, кейбір идиомдар мағынасын әлі күнге дейін өзгертпей сақтаса, кейбірі мүлде жаңа мағыналық қырынан көрінген. Оның үстіне тілдің қоғамдық-әлеуметтік факторлары бірі ретіндегі тарихылық нәрін қосыңыз. Міне, сан алуан қасиеттерін ескере келсек, әрі дастанның поэзия туындысы екенін еске алсақ, ежелгі, осыдан он шақты ғасырлар бұрынғы туындыларды қазіргі туыстас тілге аударудың барша мәселелері қордаланып шыға береді. Бұл аударма тәжірибесінде соңғы жылдары көрініс бере бастағанымен, теориялық тұрғыда тиянақталып белгілі бір зерттеу-зерделеу жұмыстары жасалып, ғылыми жағынан негізделмеген сала. «Құтты білік» секілді көне түркі мәдениетінің бірегей де бітімі берік туындыларын аударып, насихаттауда осы мәселелердің де ғылыми-тәжірибелік мәні өзгеше. Сонымен бірге мұндай сипатты аудармалар тілдің байлығын танытумен қатар, ұлттың эстетикалық таным өресінің қаншалықты таза да биік екендігін, тарихи поэтика тарапынан рухани дүниеміздің қаншалықты сан қырлы бай келетіндігінде аңғартады. Біз осынау көне түркі ескерткішінің бір жағынан өзбек, ұйғыр, қазақ, түрік тілдеріне аударылған (филологиялық, әдеби, жолма-жол аударма мәтіндерін) нұсқаларын, екінші жағынан орыс тіліндегі түрлі (еркін, жолма-жол) аударма нұсқаларын қарап, салыстыра келгенде көптеген ғылыми жайларды байқадық. Соларды түйіндей айтар болсақ, көне тілден қазіргі туысқан тілге аударғанда туындының көркемдік-эстетикалық табиғаты, тіл ерекшелігі, тілдің ғасырлар бойғы даму, түлеу, өзгеру тәжірибелері ескерілуі мүмкіндігінше толық жетуі шарт.

Бұл баға жетпес асыл қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани тіршіліктің бұрын-соңды өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, әрі тіл мәдениетіміздің ежелгі замандарда-ақ күретамыр өзегіне нәр болып, байланған бірегей қасиеттерін байыта түседі. Түрік дүниесінің құнарлы да тегеурінді өркениат әлемінің тұнық тұма, терең көмбелерінің көзін ашады. Сол арқылы біз дүниежүзілік тұтас бір өркениаттағы өз үнімізді танып, өз тінімізбен қауышатын боламыз. Жүсіп Баласағұн өмір сүріп, өлмес туындыларын жазған кезеңдердің шығармашылық құпияларына, тарихтың әлі де еркін таныла қоймаған қойнауларына жол табамыз. [10].

«Құтты білік» дастаны тарихи тынысы тереңге тартқан өркениаттың биік мұнаралары десе де саяды. Түркі әлемінің ғылымы мен мәдениетінің адам баласының рухани игілігіне қосылған парасат мәуесі.

«Құтты білік» кітабындағы тіл қазынасы, ерекшелік сипаттары, асыл мұрасы қазақ елінің де мерейін өсіреді, еңсесін көтереді деп кәміл сенеміз. Мамандар мен зерттеушілердің аз тобының ғана еншісі болып келген осынау асыл қазына, қастерлі мұра жаңа толқынның, жалпы халықтың назарына ілігіп, ұлттық игілікке айналған сайын, ұлттық қасиетіміздің ғасырлар қойнауында тұнып аққан кәусарына қана түсеміз. Таза бастауға ден қойған мәдениеттің ғана рухы биік, тынысы кең, тіні таза. Кезінде осыдан он ғасыр бұрын ұрпақ, болашақ қамын ойлап аса білікті, талантты ғұламаның мұратты мақсаты да орындалады. Қазақ тіліне аударып жариялау, зерттеу де кезі келген іс деп ойлаймыз. Оның сәті еліміз еркіндік алып, тәуелсіздік түтінін түтеткеннен кейін ғана түскендей. «Құтты білік» дастанын тұңғыш рет қазақ тіліне 1986 жылы Асқар Егеубайдың аударуымен жарық көрді.

«Кезінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» аудару үстінде сөздік ретінде пайдаланып, маңызына, құндылығына еркін көзім жеткен ұлы мұраны исі қазақ һакімдерінің қызметіне жарату іште жүрген үмітті мақсатым, әр жылдары тиіп-қашып қарастырып, аударыстырып жүрген зерттеу ісім еді. Соның реті енді келгендей болды. Бұл жерде бүкіл аудару ісіндегі ішкі тынысты түгел әңгімелеп жатудың мүмкіндігі жоқ, ол қажет те емес. Өлеңдер мен мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жырлар, аңыздар бәз күйінде еш әрлендірусіз аударылды. Кейбір мәні де, көркемдік түзілімі де үйлесіп, құйылып тұрған тұстарда болмаса, өлеңдердің аудармасын көркемдеуге әдейі ұмтылмадық, төл бітімін, мазмұн-мағынасын, тілдік түзілімін бұзбауға тырыстық. Бұл көркем шығарма емес. Ғылыми еңбек. Тіл таныту саласындағы зерттеу. Сондықтан, ғылыми-анықтамалық зерттеуге тән сипаттар сақталуы шарт. Яғни, әрбір сөздің тініндегі белгілері, қасиеттері, бітімі құбылып, өзгеріп түспеуі тиіс. Оның үстіне тарихи мұра. Тарихи деректілік сипаты да аса маңызды. Кітаптың көпшілігі қолдануына ыңғайлы, ұғынықты, барынша тұжырымды болуын қатты ескердік», - дейді Асқар Егеубай [12.139].

Жүсіп Баласағұн сынды білімі дария, өресі ен жайлау, өз заманындағы ілім-білімді жете игеріп, ілгері апарған ұлы тұлға, адамзат өркениатының жарық жұлдызы. Оның қоғамдық-әлеуметтік ойлары, ғылыми зертеулері мен тұжырымдары түркі тектес елдерді танымның таусылмайтын тұнық көздеріне бастайтын күретамыр арнасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет