I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет145/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   224
24344 (1)

Дауыстың функционалды бұзылыстары кең тараған және алуан түрлі. 
Оларда көмейдің анатомиялық және асқыну өзгерістері байқалмайды. 
Функционалды патологиялардың себептері әр түрі: дауыстың қалжырауы
дауыстың дұрыс қойылмауы, әр түрлі инфекциялық ауырулары және 
психикалық факторлардың әсері. 
Функционалды өзгерістердің ұзақ уақытқа созылуы, көмейдің 
шырышты қабығының жалған органикалық өзгешеліктерін - қызаруын 
(гиперемиясын), дауыс қатпарларының қалыңдауы мен іскендігіне ықпал етуі 
мүмкін. Бұның бәрі функционалды бұзылыстарды дұрыс анықтауын 
қиындатады.


311 
Перифериялық функционалды бұзылыстарға фонастения, гипо- және 
гипертонусты афония және дисфония жатады. 
Фонастения («phone» - дыбыс, дауыс, «astheneia» - әлсіздік, дәрменсіздік) – 
сөйлеу қозғалу аппаратының табиғи зақымдануының болмауы кезіндегі 
дауыс қалыптасуының бұзылуы. Көбінесе шамадан тыс дауыс зорығу 
салдарынан болады. Психогендік сипат алуы мүмкін. Бұл бұзылыс «дауыс» 
мамандарында байқалады. Фонастения тыныс алу мен фонацияның 
үйлестігінің бұзылуымен, дауысты күшейту және төмендету мүмкіндігінің 
болмауымен сипатталады. Фонастенияның ауыр түрлері афонияға айлануы 
мүмкін.
Әдебиеттерде фонастенияның пайда болу себептері жайында бірыңғай 
көзқарас жоқ. Кейбір авторлар себептердің арасында психикалық жарақаттар 
мен шамадан тыс эмоционалды жүктемелерді атаса, басқалары тыныс 
жолдарының асқыну ауырулары кезінде дауыстың сақтану тәртібін 
ұстанбаудан дейді.
Гипотонусты дисфония (афония) екі жақты миопатикалық парездің 
салдарынан, яғни көмейдің ішкі бұлшық еттерінің парезімен шартталған.
Олар кейбір инфекциялардан кейін (тұмау, дифтерия), сонымен қатар 
дауысқа артық күш салу нәтижесінде пайда болады. Дауыс перделерін 
тарылтатын бұлшық еттері зақымдалады. Бұл жағдайда дауыс перделері 
толығынан қабыспайды, олардың арасында саңылау қалады. Дауыс ауытқуы 
жеңіл қарлыққаннан дауыстың шаршауы, мойын бұлшық еттерінің, желкенің 
және кеуде қуысының ауыруымен білінетін афонияға дейін көрінуі мүмкін. 
 Дауыстың гипертонусты (спастикалық) бұзылыстары көмей бұлшық 
еттерінің тонусының жоғарлауына байланысты. Фонация кезінде тоникалық 
құрысу басым болады. Гипертонус дауыс және вестибулярлық қатпарларын 
зақымдауы мүмкін. Фонацияда тырысу кезінде дауыс мүлдем шықпауы 
мүмкін немесе бұзылған, қатаң дыбыс шығады.
Ринофония 
мен ринолалия дауыс бұзылыстарының арасында жекеше 
орын алады, өйткені олардың патофизиологиялық механизмі жұмсақ 
таңдайдың функциясының органикалық немесе функционалды сипатында 
дұрыс болмауында. Жабық ринофония кезінде мұрын жолды дауыссыздар 
ауыздық резонансқа ие болады, дауыстылар үнін, дауыс табиғи тембірін 
жоғалтады. Ашық ринофония барлық ауыз жолды дыбыстардың 
патологиялық назализациясымен сипатталады. Дауыс әлсіз, қарлығып 
шығады. И. И. Ермакованың (1984) деректері бойынша ринолалия кезінде 70-
80% фонестения мен гипотонусты дисфония байқалады.
Сонымен, балаларда және жасөспірімдерде дауыстың функционалды 
бұзылыстары этиологиялық факторларға, жасына, жынысына қарай әр түрлі 
көрінеді. Барлық функционалды бұзылыстарды көмейдің және дауыс 
қатпарларының құрылысында тұрақты анатомиялық ақаулардың жоқ болуы 
біріктіреді. Көмейдегі ларингоскопия арқылы анықталған өзгерістер 
(гиперемия, ісіктену, қалыңдау, дауыс қатпарларының толық қабыспауы, 
т.с.с.) өткінші сипатта болып, дәрімен емдеуден, дауыс тыныштығын 


312 
сақтаудан кейін және логопедиялық (фонопедиялық) жаттығулардан кейін 
толық жойылады. Дауыс гигиенасы мен оны сақтандырудың да маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет