Қиаж-да 2011 қаржы жылын аяқтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы



Дата26.02.2016
өлшемі17.82 Kb.
#26312
ҚИАЖ-да 2011 қаржы жылын аяқтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазынашылық комитеті аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде ҚИАЖ-да 2011 қаржы жылын аяқтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты келесі жұмыс тәртібін белгілейді:

2011 жылғы 28 желтоқсан – төменде келтірілгендерді есептемегенде, мемлекеттік мекемелерден төлем құжаттарын қабылдаудың соңғы жұмыс күні болып табылады:

- шетел валютасындағы ақшаларды аударуға және қайта ауыстыру өтінімдерін;

- салық органдары арасында және бюджеттік сыныптама коды арасындағы түсімдерді есепке алатын төлем құжаттарын;

- міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік аударымдарды, жалақыларды, стипендияларды, жәрдемақыларды, алименттерді қайтаруды аудару үшін төлемге берілетін шоттарды;

- 2012 жылғы 15 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы маслихаты мен Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлауды қаржыландыру шегінде төлемдерді жүргізу үшін төлемге берілетін шоттарды.

Операциялық күн бекітілген кестеге сәйкес жабылады.



2012 жылғы 4 қаңтар –2012 жылдың бірінші операциялық күні. Төлемдерді жүргізу бойынша жұмыстар мен операциялық күннің жабылуы белгіленген тәртіпте іске асырылады.

Қазынашылық – клиент АЖ бойынша
Мемлекеттік мекемелер 2011 жылдың 12 желтоқсанынан кейін («Қазынашылық-клиент» жүйесінің өшірілуі) қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне жіберілмеген төлемге берілетін шоттардың күшін жоюды жүргізуі қажет (Бухгалтер/Бас Бухгалтерде алыстату, Бас Бухгалтер/Директорда қабылдамау). Жүйе есеп нысандарын қалыптастыру үшін және АҚБ жауапты орындаушыларымен қабылданбаған төлем шоттарын қарау үшін жұмыс істейтін болады.

2011 жылғы 29, 30 желтоқсаны - міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар, жалақылар, стипендиялар, жәрдемақылар және алименттер қайтарымын қағаз тасығышта қабылдау күні болып табылады:

2011 жылдың 28 мен 29 желтоқсанында келіп түскендері – мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша олардың ары қарай белгіленуі бойынша аударылуы үшін қалпына келтіріледі, 2011 жылғы 29 және 30 желтоқсанда келіп түскендері – мемлекеттік мекемелердің төлемге берілетін шоттар негізінде қағаз тасығышта қалпына келтіріледі;



2011 жылғы 30 желтоқсанда келіп түскендері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпанда № 220 қаулысымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерінің 237 тармағына сәйкес ары қарай аударылуы үшін 902 шотқа есепке алынады.
Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің әкімшілігі 07.12.2011ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет