Есім хан — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. - Есім хан — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен.
Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. - Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
- Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу-Ӏле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген.
- IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
- Қалайда Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының туын жыққан жоқ, олар дүниеден өткен соң билік Қасым ханның қолына тиді. Ол мұсылман дінінде болғанмен отырықшы елдердегі тәртіп, заңға ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті түрмыс- тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң-тәртіп орнатты. "Қасым салған қасқа жол" дейтініміз сол. Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты — Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту- тұғын. Ол бұл жолда күні-түні аттан түскен жоқ, іргедегі мемлекеттердің өзара және ішкі алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып, досынан да, қасынан да одақ таба білді. Соның нәтижесінде Қазақ хандығының жері Сарыарқаны қосқанда сонау Жайықжағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан өзінің бақталасы өзбек ханы Мухаммед Шайбаниді тізе бүктіріп, Сыр бойындағы қалалардың басым көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан. Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан.
- IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Достарыңызбен бөлісу: |